2010 ЖЫЛҒЫ 9 АЙЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МҰРАҒАТ ІСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Есеп беру кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің қызметі Қазақстан Республикасының “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы”, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік – құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Байланыс ақпараты министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитеті, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен қаулылары, салалық бағдарламалары мен жоспарлары: “XV-XXғғ. Қазақстан тарихы бойынша құжаттардың көшірмелерін іздестіру және алу бойынша бағдарламалары”, “1994-2010 жж. Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы мемлекеттік мұрағаттарда сақталып жатқан ҰМҚ сақталуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру бағдарламасы”, „Мұрағат құжаттарын жариялау тақырыбының тізімі және шығару”, 2007-2010 жж. Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат мекемелеріндегі электронды мұрағатты құру бағдарламасы”.
ШҚО Мұрағат және құжаттама басқармасы 2010 жылдың 20 қаңтарында облыстың мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізді, онда 2009 жыл ішінде жасалған жұмыс қорытындысы шығарылды және 2010 жылға арналған міндеттер анықталды. Мұнымен қатар, облыстың мемлекеттік мұрағаттарында да 2009 жыл ішінде жасалған жұмыстар қорытындысы мен 2010 жылға арналған міндеттер жөнінде мұрағат қызметкерлерінің жалпы жиналысы өткізілді.
2010 жылдың 9 сәуірінде Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағаты теңгерімінде облыстың мұрағат мекемелері басшыларының көшпелі облыстық мәжілісі және облыстың мемлекеттік мұрағаттарының мұрағатшыларына арналған семинар-практикум өткізілді. Мәжілісте 2010 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы шығарылып, облыстың мұрағат мекемелері басшыларының есебі тыңдалды.
2010 жылғы 16 шілдеде Катонқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты теңгерімінде облыстың мұрағат мекемелері басшыларының көшпелі облыстық мәжілісі өтті, онда 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы шығарылды және 2010 жылдың 2 жартыжылдығына арналған міндеттер анықталып, облыстың мұрағат мекемелері басшыларының есептері тыңдалды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын орындауда Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 65 жылдық мерейтойы бойынша іс шаралар жоспары, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын тойлауға дайындық бойынша іс-шаралар жоспары, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс щаралар жоспары.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы “Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы” № 344 қаулысына сәйкес басқарманың ережесіне және облыстың мемлекеттік мұрағаттарының жарғыларына жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қосымша енгізілді.
Облыстағы мемлекеттік мұрағаттардағы сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау үшін төмендегідей бірқатар шаралар жүргізілді: азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңға қарсы іс-әрекеттеріне арыз берулеріне арналған жәшіктер қойылды, жәшіктерді ашуға жауаптылар тағайындалды. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО мұрағат және құжаттама басқармасы және облыстың мұрағат мекемелері республикалық және өңірлік БАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипатта 10 мақалалар жариялады. Басқарманың «ШҚО мұрағат қызметі» веб-сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы материалдар орналастырылатын «Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» бөлімі құрылды.
Ұлы Отан соғысының 65 жылдық Жеңісін мерекелеуге әзірлік іс-шараларының облыстық жоспарын орындауға орай облыстың мұрағат мекемелері ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлерінен жеке басының шығу тегі құжаттарын қабылдау жөніндегі жұмысты жүргізді. Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстық және аудандық газеттерде ардагерлерден мемлекеттік сақтауға құжаттарын тапсыруларын өтінген үндеулер жарияланды. Облыстың мұрағат мекемелері Жеңістің 65 жылдығына арналған тақырыптық – экспозициялық 16 көрме ұйымдастырылды, ардагерлермен және тыл еңбеккерлерімен кездесулер өткізілді, мектептерде сабақтар өткізілді. ШҚО мемлекеттік мұрағаты 2010 жылдың 29 сәуірінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті ғимаратының Жеңістің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізліген фойесінде «Біз бұл күнді мүмкіндігімізше жақындаттық» атты фотодокументальды көрме ұйымдастырды. ШҚО ЖТҚО 2010 жылдың 7 мамырында Абай атындағы облыстық драмалық театрда өткен Жеңіс мерейтойына арналған кеште «Көзіне жас тұнған мереке» атты фотодокументальды көрме көрсетті.
Есептік кезеңде облыстың мемлекеттік мұрағаттарының 2010 жылғы жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарды тігіндеу, картондау, қалпына келтіру бойынша, өше бастаған мәтіндерді қалпына келтіру, құжаттардың болуы мен физикалық жағдайын қағаз және пленкалы таратушыларды тексеру, аса маңызды құжаттарды табу және оларға сақтандыру қорын жасау, «Электронды мұрағат» үшін құжаттарды сканерден өткізу және «Мұрағат тіркеушісінің», «Электронды қор каталогының», деректер базасын толтыру, сонымен қатар «Атаулы каталогтың», «Мұрағат қоры» деректер базасына мәліметтерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҚР ҰМҚ құру саласында облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуді, мекемелерге істер номенклатурасын, сараптама комиссиялары мен ведомстволық мұрағаттар жөніндегі ережелерді, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, гербтік бланкілерді жасауға әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді жүзеге асырды. Мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімшарттар жасалды және ұзартылды.
Мұнымен қатар, облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды мемлекеттік есепке алу жұмыстарын: жаңаларын жасауды, қолда бар парақтарды, қорлар карточкаларын, қорлар құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтерді жалғастыруды жүргізді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат қорының паспорты жасалды.
2010 жылдың 9 айында мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау саласында ШҚО ҚТҚО СТҒӘК және басқарманың сараптау-тексеру комиссиясының отырысына және ғылыми –анықтамалық аппаратына басқармалық құжаттамалар 12.708 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша 46.408 сақтау бірлігі, жеке түрдегі құжаттарды 1.278 сақтау бірлігі, ААҚ іс 254, НТД іс 75, фотоқұжаттар 139 сақтау бірлігі, бейне құжаттар 42 сақтау бірлігі 1сақтау есебімен.
Мұрағат басқармасы және ШҚО мемлекеттік мұрағаты құжаттарды жариялау саласында құжаттар жинақтарын және «Шығыс Қазақстан 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында» және «Кеңестік ақпарат бюросынан» 2 бөлімін дайындады; Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Жеңістің 65-жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. ШҚО ЖТҚО Семей қаласында құрылған – 30-гвардиялық риждік және 8-ямпольдік атқыштар дивизиялары атты екі дивизияның әскери жолына арналған кітапша шығарды. Жамбыл атындағы облыстық қазақ мектеп-интернатының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Ақ ордам – алтын бесігім» атты кітап шығарды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ШҚО мемлекеттік мұрағаты мен ШҚО ЖТҚО аймақаралық ынтымақтастығының VII форумын өткізу аясында берген тапсырмасына орай «Қазақстан-Ресей: әрқашан бірге» атты фотоқұжаттық көрме әзірледі және оны Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғимаратында орналастырды (XVIII ғ.ғ. басы XX ғ.ғ. аяғындағы екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасының тарихы). Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуына орай облыстың мемлекеттік мұрағаты тақырыптық көрмелер ұйымдастырды (ШҚО мемлекеттік мұрағаты – «Ата заң халықты қорғайды» және т.б.).
ШҚО ЖТҚО 2010 жылдың наурыз-сәуір айларында мұрағаттың 90-жылдығын мерекелеуде бірқатар іс-шараларды өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мұрағат тарихына арналған мақалалар жарияланды, «СТР» арнасының документалистері ШҚО ЖТҚО тарихы туралы документальды фильм түсірді. ЖТҚО жинақтау көздері мен ұйымдарына арналған «Мұрағат достарды жинайды», «Ашық есік күні» атты жеке қорлардың қор тапсырушыларымен, «Ардагерлерді қарсы аламыз» атты мұрағат істері ардагерлерімен кездесулер өткізілді. Семей мемлекеттік педагогикалық институы теңгерімінде «Елдің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуын зерттеудегі мұрағат құжаттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда 70-тен астам баяндама ұсынылды. Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шықты.
Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттары мақалалар әзірлеп, оларды республикалық және өңірлік БАҚ-да жариялады. ШҚО ЖТҚО 90 жылдығына арналған «Елдің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуын зерттеудегі мұрағат құжаттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға; халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында: тарих, әдістеме, зерттеу және қазіргі заманды ұғыну» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға; «Чистяков оқулары – 2010» өңірлік семинарға, «Павел Васильев құжаттарда, естеліктерде, нақты өмірде» атты ғылыми-практикалық конференцияға, «Елдің аймақтық тарихын зерттеудегі мұрағат құжаттарының рөлі» атты ғылыми-практикалық конференцияға арналған хабарламалар мен баяндамалар әзірледі.
Облыстың мұрағат мекемелері Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың Үлгі ережесін, ҚР Ақпарат және мәдениет министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімінің көрсетілуімен Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қалыптасатын Үлгі құжаттарының тізбесін енгізуге көп көңіл бөлінеді. Облыстың мұрағат мекемелері мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлеріне арнап семинарлар ұйымдастырады, кеңестік-әдістемелік көмек көрсетеді.
Облыстың мұрағат мекемелері 2010 жылдың 9 айы ішінде ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі жүйесіндегі ұйымдарда ҚР Ақпарат және мұрағаттар комитетінің тапсырмасы бойынша, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда – облыс мұрағатын жинақтау көздеріндегі қауіпті топтарды анықтау мақсатында іс жүргізудің және құжаттардың ведомстволық сақталуының жай-күйіне кешенді тексеру жүргізді.
Облыстың мұрағат мекемелері бюджет қаражатын, соның ішінде мемлекеттік сатып алуды өткізуге бөлінген қаражатты дер кезінде игерді. Мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өткізіледі. Мұрағат мекемелеріндегі «Мемлекеттік сатып алулар» Заңының талаптары әрекетіне сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар электрондық тәсілмен өткізіледі.
Есептік кезеңде ШҚО Мемлекеттік мұрағатымен «Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» бағдарламалық-аппараттық кешенін дамыту мақсатында есептік кезеңде қажетті жабдықты: компьютерлік техниканы, сканерді, микрофишті, мультимедиялық проектор мен экранды оқу үшін аппаратты, кәсіби бейнекамераны және т.б., сонымен қатар, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша байқаудың екі кезеңі өткізілді. Бұл мақсаттар үшін 12 млн. 510 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде төмендегідей жабдықтар сатып алынды: 18 компьютер, А-4 форматты планшеттік 2 сканер, ноутбук, мультимедиялық проектор және экран, кәсіби бейнекамера, бағдарламалық қамтамасыз ету, вирусқа қарсы бағдарламалар. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» атты ресми сайт іске қосылды, онда облыстың мемлекеттік мұрағатының байланыс, анықтамалық ақпаратынан, тарихынан басқа мәліметтер көрсетілген базалар, анықтамалар, құжаттар жинақтары, кітапшалар, баяндамалар мәтіндері, сканерден өткізілген құжаттар орналасқан, облыстың мемлекеттік мұрағаты қызметінің бағыттары, жеке шығу тегі қорлары бойынша барлық қажетті бөлімдер қарастырылған, Электронды қызметтер орталығының виртуалды қабылдау бөлімімен біріктіру ұйымдастырылған.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.
2010 жылдың 9 айында облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сумен, жылумен және электрмен қамту жүйесінің жұмысына бақылау тұрақты жүргізілді. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін 170.191 с.б. мұрағат қоймаларында желдету және дымқылдап сүртіп алу жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру бойынша іс-шаралары, құжаттарды мемлекеттік сақтауда бейімдеу, мұрағат қоймаларын залалсыздандыру, дәрілеу шаралары 152.192 с.б. (арнайы қызметтер көмегімен) жүргізілді.
Головкова 26/1 көшесіндегі мем. мұрағат ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды, 8 млн. 884 мың 656 теңге игерілді. Облыс ҚТҚО-да ғимараттың 2 қабатындағы мұрағат қоймаларында өрт сөндіру жүйесін қалпына келтіру аяқталды. Зырян ауданының мемлекеттік мұрағатының Горький көшесі 33 және 48 ғимараттарының канализациялық трубаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Глубокий ауданының мем. мұрағаты өрт дабылын орнату, мұрағат қоймаларының есіктерін оттан қорғайтын өртке қарсы қоспамен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізді.
Облыстың мұрағат мекемелері қорғау-өрт дабылы мен газды өрт сөндіргіш жүйесіне қызмет көрсетуге шарттар жасады. ДПД құрамы туралы бұйрық жаңаланды, ТЖ кезіндегі әрекет бойынша оқу және практикалық сабақ жүргізілді.
Есептік кезеңде облыстың мұрағат мекемелерінің құжаттарының физикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2.801 істе қағаз негізіндегі құжаттардың 23.790 беті қалпына келтірілді, 10.139 с.б. тігілді, 337 іс тізімдемелерімен тігілді, 935 істер тізімдемесінің мұқабасы хатталды.
Мұрағат мекемелері 24.355 сақтау бірлігі картондады, 3.105 қорап қолдан жасалды, 2.203 қорап қайта шифрленді, 2.414 сақтау бірлігінен тұратын құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында 1.739 ескірген жапсырмалар ауыстырылды, 1.645 жаңа жапсырмалар жасалынды, 2.814 бумалар құрылды. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары 26.290 бет қайта нөмірленді, 10.304 с.б. қайта картондалды. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары 1.318 бет өшіп бара жатқан мәтінді қалпына келтірді.
Құжаттардың қолда бары мен физикалық жай-күйін тексеру жөніндегі жоспарлық жұмыстың нәтижесінде көгеруден бүлініп кеткен істер табылды. Бұл істерді дезинфекциялау мақсатында оларға формалинмен өңдеу жасалды. Сақтаудағы барлығы 56 бірлік іс өңделді (6067 бет).
Есеп беру кезеңінде аз қолданылатын қорлар сүргіленді, сақтаудағы барлығы 459 бірлік іс сүргіленді.
Аса құнды құжаттарды (АҚҚ) анықтау мақсатында облыстың мемлекеттік мұрағаты есептік кезеңде 8.949 с. б. (2.449 іс - бет бойынша, 4.511 іс - тақырып бойынша) қарады: «Бердус Иван Васильевич Қазақ ССР еңбек сіңірген энергетигі», «Рахвалов Николай Семенович, Шығыс Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы, өлкетанушы», “Қазполиметалл” полиметал кәсіпорындарын өндірістік біріктіру”, “Семей облыстық денсаулық сақтау департаменті” және т.б. Облыстың мем. мұрағаты 293 аса құнды істі анықтады. АҚҚ анықтау нәтижесі есептік құжаттарға кіргізілді, тізімдемелерге, істерге және қораптарға «АҚҚ» белгісі қойылды.
Табылмаған 2 істі іздестіру жұмысы жүргізілді.
Облыстың мем. мұрағаты есепті кезеңде жеке сипаттағы құжаттарды, соның ішінде, АҚҚ пайдалану қорын құру бойынша жұмысын жалғастыруда.
Облыстың ҚТҚО-да АҚҚ сақтандыру қорын құру бойынша жұмыс жалғастырылуда (29 с.б., 2708 скан-бейне) және Семей қалалық еңбекші депутаттарының кеңесі және атқару комитеті сақтандыру қоры 47 сақтау бірлігі көлемінде 4940 скан-бейне.
Электронды түрде әрі қарай сақтау үшін мұрағатшы, жазушы, өлкетанушы С.Е. Черныхтың жеке қорынан 5992 аса құнды құжаттың скан бейнесі / 131 с.б. (5092 Мб) сканерленді. Бұлар жеке құжаттар, хат алмасулар, фотосуреттер.
Облыстық мемлекеттік мұрағат Өскемен қаласының казак әскерінің тарихы бойынша РФ мұрағаттарынан тарих ғылымының кандидаты В.И. Петров тапқан құжаттарға пайдалану қорын құру үшін фотопозитивтерді сканерлеу бойынша жұмыс жалғастыруда, 2101 фотопозитивтері (негатив) (825 Мб) электрондық түрге алмастырылды.
Облыстық мемлекеттік мұрағаттың «Электрондық мұрағатын» толықтыру үшін 38 с.б. сканерленді, 10.111 скан-бейне (6.127 м.б.) жасалды. Барлық сканерленген құжаттар «Мұрағат тіркеушісі» деректер базасына енгізілді. Базаға барлығы 638 с.б., 60.643 скан-бейне (с.қ. АҚҚ) енгізілді.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты көрмелерді, мультимедиялық тұсаукесерлерді дайындау және безендіру, оқу залында жұмыс істеу үшін жеке 396 құжаттар мен фотосуреттер сканерледі және басып шығарды. Есепті кезеңде 4.405 беттер сканерленді (әлеуметтік-құқытық сипаттағы сұраныстарды орындау үшін және зерттеушілердің оқу залында жұмыс істеу үшін және т.б.).
2010 жылдың 9 айында облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттар мен істердің бар-жоғын және физикалық жағдайын – 188.301 с. б. тексерді. Сонымен қатар, 2009 жылдағы қолданыста болған істердің 22.296 с.б. және 1712 с.б. іріктеп санитарлық-биологиялық жағдайын тексерді, сонымен қатар 1003 с.б. фото құжатты, 1.000 сақтандыру қоры істеріне бар-жоғын және жағдайын тексеру жүргізді. Тексерулер қорытындысы бойынша құжаттардың есебі мен физикалық жағдайының карточкалары және актілері толтырылды. 158 қордың есептік құжаттарына салыстырылмалы тексеру жүргізілді.
Сұраныстарды орындау, оқу залында жұмыс істеу, тізімдемелерді қайта өңдеу, ҒАА жетілдіру, АҚҚ анықтау үшін мұрағат қоймаларынан есепті кезеңде 305.568 с.б., 35.763 іс тізімдемелерімен берілді. Облыстық мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 341 іс берді.
Оңтайлы орналастыру мақсатында мемлекеттік мұрағаттар қоймаларында 52.657 іс және 10.450 бума мен қораптардың орны ауыстырылды.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарына және 2010 жылға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес өрттен қорғану дабылына қызмет көрсету үшін облыстық мемлекеттік мұрағат «Востокспецавтоматика» ЖШС – мен шартқа отырды. Кадрлық өзгерістерге байланысты ДПД құрамы туралы бұйрық жаңаланды, қызметкерлермен нұсқаулар жүргізілді, өрт қауіпсіздігі бұрыштары жаңаланды.
Потанин, 12а көшесіндегі облыстың мем.мұрағатының ғимаратында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мұрағаттың ғимаратының құрылыс құрылғыларының техникалық жағдайына сараптама жүргізді, қорытындысы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бөлінбейтін бөлігі болып саналатын мұрағат қоймаларына мемлекеттік сақтауға құжаттарды әрі қарай қабылдау үшін, негізгі жүктемелерге есептелген және бос алаңдардың болуы қажетті арнайы ғимараттың бөлінуі немесе салынуы туралы хат жіберілді.
2010 жылғы 9 айында облыстың мем. мұрағаты 2009 жылы болған қорлардың құрамы мен көлемдерінің өзгеруі жайлы мәліметтерді, 01.01.2010 ж. жағдай бойынша мұрағат қорларының төлқұжаттарын жасады.
Облыстың мемлекеттік мұрағаттарында 57 парақ жаңа қор жасалды, 111 парақ жалғастырылды, 10 ф. 42 карточка жасалды, келіп түсетін құжаттарды тіркеу кітабына 90 қор енгізілді, тізімдеме реестріне 32 жаңа тізімдеме енгізілді, облыстың мемлекеттік мұрағаты істер тізімдемесін қайта жасау жөніндегі жұмысты аяқтады, реестрге 1190 тізімдеме енгізілді.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты «Мұрағат қоры» атты бағдарламалық кешенге 533 қорға арналған ақпарат енгізді. Есеп беру кезеңінде қордың 103 ісін жүргізу; электронды қорлар каталогын жүргізу (1429 қор, 985 тізімдеме енгізді); істер тізімдемесіне 167 қорытынды жазба енгізу жұмыстарын жүргізді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.
2010 жылдың 9 айында облыс мемлекеттік мұрағаттары басқарма құжаттамаларының 17.925 сақ.бір., жеке құрам құжаттарының 21.789 ісін, жеке бас сипаттағы құжаттарының 974 сақ.бір., бейнеқұжаттар 3 сақ. бір., фотоқұжаттар 151 сақ.бір., ҒТҚ 71 сақ. бір. мемлекеттік сақтауға қабылдады. Облыстық мемлекеттік мұрағаттары (ШҚО ҚЗТҚО жинақтау аймағы) 1893 тұрақты сақтау ісін, 1546 жеке құрам бойынша, жеке бас сипаттағы құжаттар 245 бірлік тәртіпке келтірді.
Есеп беру кезеңінде облыстың мұрағат мекемелері 421 ұйымға арналған істер номенклатурасын әзірлеуге көмек көрсетті және оны келісті: ШҚО мемлекеттік мұрағаты – 147, ШҚО ЖТҚО – 109, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты – 19, Аягөз ауданының мемлекеттік мұрағаты – 11, Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты – 25, Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты – 15, Бесқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты – 7, Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты – 20, Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты – 8, Катонқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты – 5, Үржар ауданының мемлекеттік мұрағаты – _____, Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағаты – 15, Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты – 40; 39 ұйымның сараптау комиссиясы туралы ереже: ШҚО мемлекеттік мұрағаты – 12, ШҚО ЖТҚО – 9, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты – 4, Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты – 14; 44 ұйымда ведомстволық мұрағат туралы ереже: ШҚО мемлекеттік мұрағаты – 10, ШҚО ЖТҚО – 9, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты – 4, Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты – 7, Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты – 14; 4 ұйымда құжаттамалық қызмет туралы ереже –Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты; 28 ұйымда ұйымдастыру-өкімдік құжаттамаға арналған бланкілер: ШҚО мемлекеттік мұрағаты – 23, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты – 1, Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты – 4.
Меншіктің мемлекеттік емес формаларының 27 заңды тұлғаларымен іс жүргізу және мұрағат істері саласында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасалды және мерзімдері ұзартылды. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары құжаттаманы және істер номенклатурасын, сараптама комиссиялары және ведомстволық мұрағаттар жөніндегі ережелерді әзірлеу және жасау жөніндегі ведомстволық мұрағатты, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуді жүргізуге, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың үлгі ережелерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда сақталу мерзімдерінің көрсетілуімен жиналатын Үлгі құжаттарының тізбесін енгізуге жауапты мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлеріне 623 кеңес беруге көмек көрсетілді (Астана – 2009).
2010 жылдың 9 айы ішінде облыстың мұрағат мекемелері құжаттандыру және құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері жөнінде 13 семинар өткізді: ШҚО мемлекеттік мұрағаты – 2 семинар, ШҚО ЖТҚО – 7 семинар, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты – 1 семинар, Аягөз ауданының мемлекеттік мұрағаты – 1 семинар, Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағаты – 1 семинар, Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты – 1 семинар.
Есептілік кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағат мекемелерінің «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесі ұйымдарындағы, сонымен қатар Астана, Алматы қалалары облыстарының мәдениет және ақпарат басқармаларындағы іс жүргізу мен құжаттардың сақталу жай-күйін тексеруді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 02 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша 58 мемлекеттік мекемесіндегі іс жүргізудің және құжаттарды сақтаудың жай-күйіне жүргізілген кешенді тексеруі қанағаттанарлық деп танылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мекемелеріндегі құжаттандырудың жай-күйі және құжаттарды сақтауды ұйымдастырудың жалпы бағасы қанағаттанарлық болып бағаланды. Кешенді тексерудің қорытындысы мұрағат құжаттарының құндылығын мемлекеттік сараптау жөніндегі облыстық сараптама-тексеру комиссиясының 2010 жылғы 01 сәуірдегі отырысында (№ 6 хаттама) қаралып, тиісті шешімдер шығарылды. Тексеру қорытындысы жөніндегі жиынтық анықтама Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетіне жолданды.
Сонымен қатар, «2010 жылы мұрағат мекемелерінің жұмысын жоспарлау және 2009 жылғы есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 01-20/1472 хатын орындауға орай ұйымдар мен мекемелерде – облыстың мемлекеттік мұрағаттарын жинақтау көздерінде қауіп деңгейлерін бағалау критерийлері бойынша тексерулер жүргізілді. Қауіпті топтарға жатқызу мақсатында 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында ұйымдар мен мекемелерде 154 тексеру жүргізілді. Тексеру жөніндегі есептер Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетіне жолданды.
Жұмыс жоспарында жеке қор ұстаушылар Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің жеке шығу тегі құжаттарымен мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын өткізді. Мұрағат және құжаттама басқармасының СТК-на Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты Ф.Ф. Угрюмцевтың, А.А. Мазуровтың, Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты Ұлы Отан соғысының ардагерлері Р. Билжировтың, К. Каирсановтың, К. Ашимхановтың, Ш. Ражановтың, Х. Шеңгелбаевтың, Б. Камаловтың құжаттарын, Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты А.М. Чекалиннің, А.К. Васьконың, Н.Ф. Влезковтың, Г.А. Комаровтың құжаттарын тапсырды. Жеке қорлар құжаттары бекітіліп, Тарбағатай ауданының мемлекеттік мұрағатына Х. Ахатовтың, С. Жарылқасыновтың құжаттары, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағатына Ұлы Отан соғысының ардагерлері А.В. Эйгонастың, Н.У. Богданның, А.И. Давировтың, П.А. Кузьменконың құжаттары, Күршім ауданының мемлекеттік мұрағатына И. Есембаевтың құжаты, Аягөз ауданының мемлекеттік мұрағатына Г. Блановтың құжаты мемлекеттік сақтауға қабылданды.
ШҚО мемлекеттік мұрағаты «Рудный Алтай» газетінің фототілшісі – В.В. Смирновтың, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, өлкетанушы – Р.С. Федорованың құжаттарын қабылдады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке шығу тегі құжаттарын қабылдау жөніндегі жұмыс 2010 жылдың 4 тоқсанында да жалғасатын болады. Әртүрлі іс-шаралардың 18 бейнетүсірілімі жасалды: ШҚО оралмандарының съезі, ШҚО мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісі және т.б.
3. Ақпараттық-іздеу жүесін құру,
ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалалану
2010 жылғы 9 айында облыстық мемлекеттік мұрағат “Иртыш” республикалық журналының бас редакторы, журналист, ақын С.Г Габдулиннің, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, акын 1941-1945 жж. ҰОС қатысушысы М.И Чистяковтың, Қазақ КСРО еңбегі сіңген мұғалімі Байделдинов Валиахмет Нурахметовичтың жеке текті құжаттары, барлығы 800 с.б. ҰОС қатысушылардың құжаттары тізімдері бойынша жұмыстар басталды (14 сақ. бір.). Сонымен бірге, басқармалық құжаттар 4.130 сақ. бір., жеке құрам бойынша 9.282 сақ. бір., 5 с.б. киноқұжаттар, 5 с.б / 49 е.б.бейнеқұжаттар және 362 фотоқұжаттар, 515 ҒТҚ тізімдемеленді.
Облыстық мемлекеттік мұрағаты “Тұтынушылар қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық одағы ” (750 с.б.) қорының істерін қайта тізімдемелеу бойынша жұмысын бастады, жұмыс барысында істердің құндылығын парақтап сарапатау жүргізілді, істер атаулары редакцияланды.
Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты Қарабұлақ, Қаратал, Теректі, Шілікті ауылдық кеңестерінің, Зайсан автокәсіпорындарының тізімдеріне жетпейтін ҒАА жасады. Басқару құжаттарының барлығы 659 ісі, жеке құрам бойынша 1444 іс жетілдірілді.
Ағымдағы жылы жеке құрам жөніндегі істер тізбесін қалпына келтіру жұмысы басталды, «Өндірістік тауарлар» Октябрь бөлімшесі» қорынан 327 сақтау бірлігі (жұмыстан шыққан қызметкерлердің жеке бас істері), «Өскемен қалалық Халық депутаттары кеңесі және оның атқарушы комитеті» қорынан 244 сақтау бірлігі, ««Өндірістік тауарлар» Өскемен бөлімшесі», «Теректі ауылдық Халық депутаттары кеңесі», «Зайсан аудандық білім беру бөлімі» қорларынан 52 сақтау бірлігі тізімделді.
«Халық депутаттарының Өскемен қалалық Кеңесін және оның атқару комитеті», «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі Семей облыстық комитеті» қорының құжаттарын каталогтауды жүргізу кезінде сақтаудағы 643 бірлік іс қаралды және 679 карточка жасалды. Сонымен қатар, «ШҚО жерге орналастыру бойынша құжаттардың жинақтамасы» қорының (80 карточкалары) НДТ 80 сақ. бір. каталогталған. Журналист, жазушы С.Т. Табариков, халық ақыны Қ. Алтынбаев қорларының құжаттарын каталогтау жүргізілді, сақтаудағы 75 бірлік іс қаралып, 78 карточка жасалды. Карточкалар каталогқа енгізілді және индекстелді. «Лениногорская правда», «Вечерка», «ЛЗ-Сегодня» газеттерін тақырыптық өңдеу нәтижесінде 60 карточка жасалды. «Есімдер каталогы» атты мәліметтердің электрондық базасы жасалды, оған 1080 позиция енгізілді. «Әкімшілік-аумақтық бөлініс» (244 позиция) және «Естеліктер кітабы» (464 позиция) мәліметтер базасына ақпараттар енгізу жұмысы басталды.
1941-1945 жж. ҰОС Жеңісінің 65 жылдығына кездесу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың мем.мұрағаты келесі жұмысты атқарды: облыстық, қалалық және аудандық газеттерде соғыс ардагерлеріне мен тыл еңбеккерлеріне облыстық мем.мұрағаттарына құжаттарды тапсыру туралы үндеу жарияланды; фотоқұжаттық көрмелер ұйымдастырылды; “Шығыс Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында” және “От Советского Информбюро…” құжаттар мен естеліктердің жинағы жариялау сатысында, «Их помнит мир спасенный...» фотоальбомы жасалды, экскурсиялар өткізілді, лекциялар оқылды, соғыс және тыл ардагерлерімен кездесулер өткізілді.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде облыстық, қалалық және аудандық газеттерде 77 мақала дайындады және жариялады: тарих ғылымының кандидаты, доцент, ШҚМУ құрметті профессоры В.И. Петров туралы “Дочь об отце”, «Мұрағаттың соғыс жылдарындағы газеттері сыр шертеді…Жеңіске 65 жыл»; «Сыбайлас жемқорлық туралы мұрағат құжаттарынан үзінділер», «Айбынды Жеңіс жолындағы өшпейтін ерлік-қымбат», «Менің байтақ Отанымның - әншісі». «Қазақстан мұрағаттары» журналына «Семей қ. ШҚО ҚТҚО 90 жыл» мақаласы жіберілді.
«Записки Казахского географического общества» журналы үшін «Григорий Николаевич Потанин Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды жариялаушы» атты мақала дайындалды.
2010 жылдың 9 айында ұйымдармен кездесулерге арналған «Мұрағат достарды жинайды», «ҰОС ардагерлерін- ардагерлермен қарсы аламыз», «Мұрағат ісінің ардагерлері», «Өткен шақтан сәлем…» , К. Кенбаевтың майдан хаты туралы, «Мұрағаттық олжалары», ШҚО ҚТҚО келіп түскен майдан хаттардан табылған әйгілі қазақстандық жазушы Э. Нұршайықовтың хаты туралы 11 телебағдарлама эфирге шықты. 1944 ж. «Біз Берлинге бара жатырмыз» атты достарға арналған өлең түріндегі хат, сонымен бірге ҚТҚО қорында Б.Төлегенованың метрикалық жазбасының табылғаны туралы сюжет жазылды.
ШҚО ЖТҚО мұрағатшылары Абай атындағы облыстық кітапханада Саяси құрбандар күніне орай өткен кеш-портретке «Шәкәрім және Ахат Құдайбердиевтер» баяндамасымен қатысты.
Мүдделі мекемелерге, мұрағатшыларға естелік және мерейтойлық күндерге 26 бастамалы-ақпараттық құжаттар дайындалып, жіберілді. Облыстың мем. мұрағаты мүдделі мекемелерге, ұйымдарға Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының құрылуына 70 жыл толуы туралы ақпараттық құжат дайындалды. ҚТҚО 2 ақпараттық құжат - ҰОС Жеңісіне арналған - Қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесіне және «Семей қ. әкім аппаратына» ММ, ҚТҚО 90 жылдығына – Семей, Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Барнауыл, Омбы қалаларының білім беру, мәдениет мекемелері мен ұйымдарына жіберілді, Риддер қаласының мем. мұрағаты Риддер қалалық сотының құрылуына 50 жылдығына, Алтай ботаникалық бағының құрылуына 75 жылдығына арналған ақпараттық құжаттар жасады.
Облыстың мемлекеттік мұрағаттары құжаттарды пайдалану аясында 34 фотоқұжатты көрме әзірледі:. «90 лет ЦДНИ ВКО», «Семипалатинские дивизии», «Они приближали Победу», «Праздник со слезами на глазах», «Женщинам – героям фронта и тыла г.Лениногорска посвящается…».
Аягөз ауданының мем.мұрағаты ҰОС ардагерлерімен кездесу бойынша фотоальбом дайындалды.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты ҰОС-ның 65-жылдық Жеңісіне «Ұлы даланың Ұлы» (жазушы Тұрғазы Нұқаев туралы, журналист Тұрлыбаев Естай Қатпаұлы туралы, «Ерлер даңқы мәңгі ұмытылмайды», «Кольцов Павел Фёдорович», «Воспоминания участников ВОВ», «Ер тұлғасы естен кетпес» атты брошюралар шығарды. «Ақ –алтын бесігім» Жамбыл атындағы мектеп интернатының құрылуына орай 90 жылдығына кітап шығарылды.
Есеп беру кезеңінде «Ертіс жеріндегі із»; «С.Е. Черных –Павел Васильев туралы құжаттарды жинастырушы»; ҰОС-ның 65-жылдық жеңісіне «Фронттан хат», «Мұрағат құжаттарындағы ҰОС жылдарындағы Шығыс Қазақстан», «Өлке мұрасы» және т.б. мультимедиялық тұсаукесерлер дайындалды.
Зырян ауданының мемлекеттік мұрағат мұрағатшылары мұрағаттың фотоқұжаттары бойынша төмендегідей тұсаукесерлер әзірледі: «Біздің өлке», «Жеңістің 65 жылдығы», бұлар сұхбаттар, экскурсиялар мен дәрістер өткізу кезінде пайдаланылды.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты Жеңістің 65 жылдығына арналған, Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жылдығына арналған мектептік сабақтар өткізді.
ШҚО ЖТҚО-да 2010 жылдың 4 ақпанында Риждік атқыштардың 30-Қызыл жұлдызды Гвардия және Ямпольдік атқыштардың 8-Қызыл жұлдызды дивизияларының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Ардагерлер өздерінің фронттағы өмірлерінің эпизодттары туралы әңгімеледі. Мұражайлар басшылары Семейдің - Ямполь және Риж дивизиялары құжаттары (жауынгерлер фотоларын, автобиографияларын, жараланулары туралы анықтамалары) көшірмелерін мемлекеттік сақтауға тапсырды. Мұнымен қатар, қор ұстаушылармен «Мұрағат достарды жинайды» тақырыбында кездесу өткізілді, оған Семей өңірінің құрылуы мен дамуына үлес қосқан адамдар шақырылды.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ШҚО ҚТҚО-мен бірлесіп «Алаштану» зерттеу орталығы дайындаған «Алашорда өкіметінің шығыс бөлімшесі» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары және студенттері, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, қала тұрғындары, журналистер шақырылды. Жинаққа 188 құжат енгізілді, олардың көп бөлігі алғаш рет жариялануда.
ҚТҚО қызметкерлері Семей медициналық университетінде Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, ҰОС ардагері А.А. Қозыбағаровтың 90 жылдығына арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмақ емес» атты кешіне қатысты.
Облыс мем.мұрағаты «Ертіс жеріндегі іс» шығармашылық кешіне «Шығыс Қазақстан облысының мем.мұрағатына 70 жыл» атты баяндамасымен және мұрағатшылар мен облыс мұрағаты туралы мультимедиялық тұсаукесерімен қатысты.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты «Қазақстан ҰОС-да: тарих, зерттеу әдістері және бүгінгі көзқарас» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Шығыс Қазақстан ҰОС жылдарында. ШҚО мемлекеттік мұрағаты құжаттарындағы 1941-1945 жылдар» және «Андрей Викторович Потапов. Өмірлік жолы және өлке мұрасы» баяндамаларымен қатысты.
Облыстың мемлекеттік мұрағаты Қазақстан және Ресей ынтымақтастық аймақ аралық VII Форумына арналған «Қазақстан –Ресей ғасырлар бойы бірге» фотоқұжаттар көрмесінің тұсаукесеріне және дайындығына қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясына қабылданғанына 15 жылдығына арналған «Главный Закон страны на службе народа» көрмесі дайындалды.
ШҚО ҚТҚО негізінің қаланғанына 90 жыл болуына арналған «Елдің мәдени және әлеуметтік-саяси дамуын зерттеудегі мұрағат құжаттарының ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арналған: «Н.Я. Коншиннің мұрағаттық мирасы», «С.И. Гуляев және А.Н. Белослюдов өлкетанудағы сабақтастық» және «Жеке қорлар құжаттары бойынша мәдени мұраны зерттеу» деген айдарлармен хабарлар мен баяндамалар дайындалды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың антиядролық бастамасын қолдау мақсат болған «Қазіргі ядролық императив - ядролық таратпау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында ШҚО ЖТҚО дайындаған «Антиядролық қозғалысқа «Невада-Семей - 20 жыл» атты фотодокументальды көрме көрсетілді. «Қазақстандағы гендерлік саясат: билік және қоғам» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға және «Қанатты әйел -3» идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі-саудасына ШҚО ЖТҚО «Семейдегі әйелдер қозғалысы тарихынан» көрмесін қойды. Жылжымалы фотодокументальды көрмеде Семей губерниялық әйелдер бөлімінің құрылуы мен қызметі, Семей Ертісіндегі және Семейдегі Қызыл Киіз үйлер жұмысы тақырыптары жан-жақты ашылды.
ҰОС-ның 65-жылдық Жеңісі қарсаңында мұрағатшылар ҰОС ардагерлерімен және қатысушыларымен, тыл ардагерлерімен кездесіп, оларға Жеңіс Күніне орай шыққан «Кеңестік ақпарат бюросынан...» және «Шығыс Қазақстан ҰОС жылдарында» кітаптарын табыстады.
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп «Шығыс Қазақстан облысының айтулы және естен кетпес күндерінің 2011 жылға арналған күнтізбесі» жасалды.
ҚТҚО-ның мерейтойына «ШҚО ҚТҚО 90 жыл» атты тақырыптық күнтізбесі дайындалды.
Есеп беру кезеңінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Тарих» мамандығы бойынша (27 адам) бірінші курс студенттеріне арналған оқу-мұрағаттық практика өткізілді. «Мұрағат істерінің тарихы», «Жеке басының шығу тегі қоры», «Оқу залындағы жұмыс ережесі», «Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сауалнамаларды толтыру», «ҚР ұлттық мұрағат қоры» тақырыптарында дәрістер оқылды, мұрағатта экскурсиялар өткізілді, студенттер мұрағат құжаттарын сканерлеумен, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сауалнамаларды толтырумен айналысты.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 464 зерттеуші жұмыс істеді, 880 адам келді. Олар оқытушылар, студенттер, мұражай қызметкерлері, жеке адамдар. Зерттеу тақырыбы әртүрлі: өлкетану, елді мекендерінің, көшелердің тарихы, ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуы, жеке үй салуға жер бөлу туралы шешімдер және т.б. ҚТҚО оқу залында ҰОС ардагерлерінің жеке текті құжаттары туралы бейнеқатар ұсынылған.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 41.913 сұраныс түсті, оның 40.810 (Қазақстан азаматтарынан – 35.643, ТМД елдерінен – 5.167) орындалды; оның 32.219 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 34 сұраныс түсіп, 14 орындалды.
2010 жылғы 9 айында 714 тақырыптық сұраныс түсіп, орындалды. Бұл сұраныстар жерлерді жеке пайдалануға беру, ұйымдардың қайта аталулары, шағын, жеке фирмалардың, кәсіпорындардың жойылуы, ғимараттарды сату-сатып алу және т.б. туралы қалалық және аудандық әкімшілігінің, әкімдігінің шешімдерінің көшірмелерін берумен байланысты.
Облыстың мемлекеттік мұрағаттары ҚР Тәуелсіздік күніне 20 жыл толуына және 1941-1945 жж. ҰОС Жеңісінің 65-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары жасады.
Ұлан ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне Ұлан ауданының энциклопедиясын толықтыру үшін аудан тарихы туралы құжаттарды табуда көмек көрсетілді, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты үшін Шығыс Қазақстан облысының басшылары туралы (1919-1936 жж.) ақпарат пен құжаттарды көшірмесі дайындалды.
1995-1996 жж. “Қалаткомның шешімі” деректер базасына ақпарат енгізілді.
Семей қаласының халық депутатары кеңесінің және оның атқару комитетінің сақтандыру қорының электронды түрін құру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Көлемі 47 с.б. 4.940 бетті құрайды.
“ШҚО мұрағат қызметі” сайтында ҰОС ардагерлері мен қатысушылары туралы мәліметтер, мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер орналастырылған, “1941-1945 жж.” баннері құрылған.
4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар біліктілігін көтеру. Ұжымды әлеуметтік дамыту.
Есептік кезеңде облыстың мемлекеттік мұрағат мекемелерімен 2009/2010 оқу жылдарына арналып бекітілген жоспарларға сәйкес құқықтық және өндірістік оқулар өткізілді. Өндірістік оқу жөніндегі сабақтар жоспарына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2009 жылдың 29 желтоқсанындағы № 185 бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорларын ұйымдастырудың, жинақтаудың, сақтаудың, есепке алу мен пайдаланудың бірыңғай ережелері, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың үлгі ережесі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 128 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде болатын үлгі құжаттар тізбесі жөніндегі тақырыптар енгізіліп, қарастырылды. Құқықтық оқу жөніндегі сабақтар прокуратура, әкімдік, әділет басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері басқармасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті мамандарын шақыра отырып өткізілді.
Облыстың мұрағат мекемелері 2010 жылдың 9 айында облыс мұрағаттарына жаңадан қабылданған қызметкерлерді кезекті аттестациядан және аттестациядан өткізді. Кезекті аттестация нәтижесінде аттестациядан ойдағыдай өткен қызметкерлерге категориялар тағайындалды.
Арнайы білім алу жоспарында Шығыс Қазақстан облысының, Аягөз, Зырян аудандарының, ШҚО ЖТҚО мемлекеттік мұрағатының мұрағатшылары «Мұрағат жүргізу және іс жүргізу», «Тарих және мұрағат жүргізу» мамандықтары бойынша жоғары және орта арнайы оқу орындарында білім алуда.
ШҚО Мұрағат және құжаттама басқармасы мамандары оқу жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының біліктілікті арттыру және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың өңірлік орталығында, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталығында оқудан өтеді.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылуда, оның аясында облыстың мұрағат мекемелері іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіруді өткізеді. Зырян, Шемонаиха, Бородулиха аудандарының, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаттарының мұрағатшылары аталған бағдарлама аясында Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарында оқудан өтеді.
Облыстың мұрағат мекемелері ұжымдарында 8 наурыз, Наурыз мерекелеріне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді. 9 мамыр Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында ұжым Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, тыл ардагерлерімен кездесті, онда ардагерлерге бағалы сыйлықтар берілді.
ШҚО мұрағат және құжаттама басқармасының, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттарының, Абай, Глубокое, Аягөз, Шемонаиха, Тарбағатай, Көкпекті аудандарының, Риддер қаласының, ШҚО ЖТҚО қызметкерлері облыстық басқармалар арасында өткен «Туған ел-алтын бесігім» атты облыстық шығармашылық өзін өзі көрсету қарау-конкурсына белсене қатысты. ШҚО мұрағат және құжаттама басқармасының концерттік бағдарламасынан 2 нөмір конкурстың әділқазы мүшелерінің номинациясымен белгіленді.
Есеп беру кезеңінде облыстың мұрағат мекемелері қажеттілігі шегінде компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын сатып алды, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларына қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізді, локальды есептеу желілерін жөндеді, антивирустық бағдарламалар орнатты, қажетті драйверлер орнатты, «Тұлғалар өтінімдерін бірыңғай есепке алудың» (ТӨБЕ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесін түсірді және жаңалады.
ШҚО мұрағат және құжаттама басқармасы және облыстың мемлекеттік мұрағаттары қызметкерлері ақшалай қаражат жинап, оны Алматы облысының және ШҚО Тарбағатай ауданының су тасқынынан зардап шеккендеріне көмек көрсету қорына, «Қайырымдылық жаса» аз қамтылғандарға көмек көрсету қорына аударды.
ШҚО мұрағаттар және құжаттама
басқармасының бастығы А.А. Әубәкіров
Достарыңызбен бөлісу: |