2013 жылғы №3 басылым 18 беттің сі



Дата25.01.2017
өлшемі282,53 Kb.
#7971

ПОӘК 042-18.19- 035/2013

_____2013 жылғы

3 басылым



18 беттің сі




«Мектептегі дамыта оқыту жүйесі» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей - 2013


Мазмұны

1 Глоссарий..........................................................................................................

2 Дәріс сабақтары.........................................................................................

3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................



4 Студенттердің өздік жұмыстары....................................................................

1 ГЛОССАРИЙ

Пән бойынша глоссарий

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.

Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.

Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы.

Өзін-өзі тәрбиелеу - өз бойындағы адамгершілк қасиеттерді дамытып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған баланың жүйелі және саналы әрекеті.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.

Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп таралған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектілерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.

Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады.

Интервью алу әдісі. Бұл әдіс педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде әлеуметтік зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілетін әңгімеден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар , бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.

Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әртүрлі әрекеттердің, көңіл-күйлерінің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.

Мектеп құжаттарын зерттеу әдістері. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің токолдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.

Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылатын әдіс. Педагогикалық эксперименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық және іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.

Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация факторы елдің миграциялық өсуі жағдайы транспорт және байланыс қатынастарының дамуы, сонымен бірге радиотолқындардың және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды.

Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.

Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.

Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.

Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.

Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі.

Технология – бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын процес.

Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі.

Ұжым – қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі.

Педагогикалық қарым-қатынас оқудағы өзара іс-әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы.

Педагогикалық қарым-қатынасоқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы.

Қарым-қатынас стиліадамдардың бір- бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы.

Әдіс - білім беру, тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Әдіскер - жеке пәндерді оқыту саласының тәсілін жақсы және білікті қолдана алатын, соның негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орынды пайдалану. Кез келген мұғалім әдіскер болуға тырысады.

Әдістемелік құрал - белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруда мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы. Мұны тәжірибелі ғалымдар, мұғалімдер құрайды.

Принцип - іс-әрекеттегі негізгі, іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, қандай да бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді.

Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру, оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналады.

Бедел - жеке адамның нақты сапаларына, сіңірген еңбегіне, күшіне қарай көпшілік мойындаған мағына, ықпал.

Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныс жігері мен бетіндегінің дамытады,тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының жауыапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.



Бейімделу - тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіруі болып табылады.

Бейімділік - белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға оқушының бағыттылығы. Оқушының таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне берілгенділігімен сипатталады. Еңбек, оқу, кез-келген шығармашылық іс-әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады.

Библиография - басылымдарды оқырмандардың саяси, ғылыми, тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді. Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне, аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай бөлінеді.

Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі.

Білік – қандай да бір ережеге және нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.

Білім - адам ойындағы шындықты дұрыс бейнелеуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс әрекеті нәтижесінде пайда болады.

Білім беру - жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы.

Білім беру әдістемесі – ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қарастырып, алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру.

Білімді бекіту - оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін барыс.

Білімді меңгеру - білім, білік, дағдылады игеруге бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды, деректерді, барыстарды талдау және сұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын жинақтау қалыптасады.

Білімді тексеру - оқыту барысының құрамды бөлігі. Мұның мақсаты -оқушылардың алған білімдерінің және оларға негізделген дағдылардың толықтығын, тереңдігін, жүйелігін, осы білімдерді өздерінің танымдық және тәжірбиелік істерінде қай шамада пайдалана алатынын анықтау болып табылады.

Білім беру және оқыту теориясы - педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін, мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін, әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды.

Ғылыми педогогикалық ақпарат - педагогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.

Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет.

Даму – адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістердің процесі. Өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кетуі дамуға байланысты. Кез келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды.

Дәлелдеу - әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .

Ашық сабақ – мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарту түрі. Ашық сабақ өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқындалды.

Жаңа оқу материалын түсіндіру – жаңа түсініктер, деректер, құбылыстар жөнінде олардың мағынасын, негізгі құрамдарын, белгілерін, байланыстарын, заңдылықтарын тәжірибеде қолданбалы жақтарын ашу мақсатында оқушыларға хабарлама беру.

Жаңа материалдарды баяндау – оқыту барысының құрамды бөлігі. Жаңа материалды баяндауға қойылатын талаптар: жоғары теориялық деңгей, ғылыми тұрғыдан қарағанда сапалы, мұқият тексерілген материалды пайдалану, қол жетерлігі, баяндаудың жүйелілігі, бірізділігі болуы.

Оқу – білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.

Оқыту әдістері – оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. Оқыту әдістерінің 3 тобы бар:

1. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері.

2. Оқу-танымдық іс-әрекетті туғызу әдістері.

3. Оқу-танымдық іс-әрекетті тиімділігін бақылау әдістері.



Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілген білім көлемін айқындайтын құжат. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістемесі құрылады.

Оқытудың бірізділігі – жаңа оқу материалын оқыту бұрынғы оқытумен қамтамасыз етілетінін көрсететін білім беру мен оқытудың талабы.

Оқытудың ғылымилығы – педагогика ғылымының білім беру және оқыту теориясындағы оқытуға қойылатын талаптардың бірі. Оқытудың ғылыми оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда жүзеге асырылады.

Оқытудың қол жетерлігі – оқыту міндеттері, мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің оқушылар мүмкіндігіне сәйкес келуін қажет ететін, білім алу дәрежесін, оқу-танымдық іс-әрекет дағдыларының дамуын, жұмыс қабілетінің деңгейін есепке алатын оқыту мен білік беруге қойылатын талап.

Оқытудың көрнекіліктігі – оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асырылады деп түсіндіретін білім беру мен оқыту теориясындағы, оқытуда қойылатын талаптардың бірі.

Оқытудың саналық және белсенділік – білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптардың бірі. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, елеулі және елеусіздегі, бастысы мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.

Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.

Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.

Технология – бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын процес.

Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі.

Оқыту үрдісі –оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделінген үрдіс.

Оқытудың білім беру функциясы-бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру,оны өз бетімен білім алуға,іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

Оқытудың тәрбиелік функциясы-оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея.

Оқытудың дамыту функциясы-бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту,яғни олардың ой-өрісін дамыту,өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Таным-білім пәні дүние құбылыстарын оқып үйрету.

Білім-адамзаттың жинақтаған тәжірибесі,заттар мен құбылыстарды,табиғат пен қоғам заңдарын тану тәжірибесі.

Меңгеру-таным,білімнің белсенді жағын анықтайды.

Дағды –бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру

Дамыту-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту яғни

олардың ой-өрісін дамыту,өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.



Түсіндірмелі-иллюстративтік оқытудың мақсаты-мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады,іскерлікке үйретеді.

Проблемалық оқыту-бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қаблетінің дамуы,танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.

Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады.Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдісі-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады.

Бағдарламалық (компьютерлік)оқыту.Негізгі мақсаты-оқыту процесін басқаруды жетілдіру тексеруден өзін-өзі тексеруге,оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу.

Қарым-қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол – саналы және санасыз байланыс, ол – мәліметті тасымалдау және қабылдау, ол – барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.

Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады.

Педагогикалық шеберлік- педагогикалық қызметті иеленудің жоғары деңгейі, оқушылардың оқу- танымдық әрекетін басқаруға және мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер мен өзара әсерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы білімдердің, білік пен дағдылардың кешені.

Педагогикалық процесс- қоғамдық өмірде және еңбекте өзін- өзі дамытуға дайын әрбір оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған педагогтардың қатысуы мен басқаруы арқылы жүргізілетін оқушылармен біріккен қызметі.

Педагогикалық технология- білім мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін теориялық тұрғыда негізделген оқу, тәрбие процестерін қайта жаңғырту әдістері мен тәсілдерінің бірлігі. (В.П. Беспалько)

Педагогикалық қызмет- педагогқа кәсіптік білім мен дағдыларды қолдануда көрсететін бағыт.

Педагогикалық эксперимент- нақты шарттардағы педагогикалық процесс дамуының ғылыми тұрақтылық тәжірибесі.

Жоспарлау- ол бүкіл қызмет сапасын жоғарылатуға бағытталған шаралары мен қызметтердің негізгі түрлерінің анықтамасы.

Мадақтау-жақсы сапаларды бекіту мақсатында және сыныптастардың қызығушылықтарын арттыратын оның тәртібіне және біліміне қойылатын жақсы бағаны көрсететін тәрбиеленушіге деген педагогикалық әсер ету әдісі.



Оқыту принциптері- оқыту процесінің жалры мақсаттары мен заңдылықтарына сәйкес ұйымдастырушылық формалар мен әдістері.

Үйрету- талап етілген сапаны тез және жоғары деңгейде қалыптастыру қажет болған кезде ғана қолданылатын жиі орындалатын жаттығулар.

Қарама-қайшылық- конфликт кезінде тоғысқан қарама-қарсы бастамалар.

Мұғалімнің профессиограммасы- оның білімдеріне, білік пен дағдыларына; жеке тұлғасына, психофизиологиялық мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне және дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға қатысты толық квалификациялық мінездемесін көрсететін құжат.

Түсіндіру- тәрбиеленушілерге эмоционалдық-сөздік әсер ету әдісі. Ол жаңа моральдық сапаны немесе тәртіп түрін қалыптастыру және бекіту үшін немесе істелінген белгілі бір әрекетке деген тәрбиеленушілердің көзқарасын қалыптастыру үшін қолданылады.

Әңгіме- тәрбиелік мазмұны бар нақтылы фактілер мен оқиғалардың эмоционалды мазмұндамасы.

Нәтижелер- ол оқытудың ақыры, оқыту процесінің соңғы көрсеткіштері, алға қойған мақсаттың орындауының деңгейі.

Жағдаят- ол белгілі бір жағдайды туындататын шарттардың бірлігі.

Мазмұны- оқу процессі кезінде оқушылардың меңгеруге тиіс ойлау мен әрекет ету әдістерінің, практикалық бірлік пен дағдылардың, ғылыми білімдердің жүйесі.

Әлеуметтендіру дегеніміз- адамның әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне, әртүрлі әлеуметтік қоғамдықтарға (топ, институт, ұйымдар) интеграциялау.

Қабілеттер- қызметтің белгілі бір түрлерін сәтті орындаумен шартталған тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктері.

Орта- адамның дамуы жүретін нақты шынайылық.

Сабақ құрылымы- оның ішкі құрылысы, жеке этаптарының тізбегі.

Теория- шынайылықтың белгілі бір бөлігінің байланыстары мен заңдылықтары туралы толық мәлімет беретін ғылыми білімді ұйымдастырудың неғұрлым дамытылған формасы.

Оқу жоспары- бұл оқу жылының, тоқсандықтар мен демалыстардың ұзақтығын, берілген оқу орнында оқытылатын пәндердің тізбегін, оқыту жылдары бойынша пәндерді бөлуді, әрбір сыныптағы пәнді оқытудағы және бүкіл оқыту уақытындағы әрбір пән бойынша сағат сандарын әрбір пәнді оқытудың апталық сағат санын, практикумдардың, жиналыстардың және т.б. құрылысы мен ұзақтығын анықтайтын оқу орнының сертификаты.

Оқу бағдарламасы- әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиіс білімдердің, біліктер мен дағдылардың көлемінің мазмұнын анықтайтын құжат.

Оқу- тану,жаттығулар және меңгерілген тәжірибе негізінде тәртіп пен қызметтің жаңа формалары туындап, бұрын игерілгені өзгеріске ұшырайтын процесс.

Оқушылар ұжымы- жалпы әлеуметтік мақсатпен, әрекетпен, осы әрекетті ұйымдастырумен біріккен, жалпы сайлау органдары бар және бірлікпен, жалпы жауапкершілікпен, құқық пен міндеттер бойынша барлық мүшелерінің шартсыз теңдігінде өзара тәуелділікпен ерекшеленетін оқушылар тобы.

Қалыптасу- экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. факторлардың әсерімен адамның әлеуметтік тұлға ретінде дамуы.

Оқытуды ұйымдастыру формалары- ол белгілі бір тәртіп пен режимде жүзеге асатын оқытушы мен оқушылардың біріккен іс- әрекетінің сыртқы көрінісі.

Жеке-дара және пәндік әдістемелер оқу – тәрбие мекемелерінің барлық түрлеріндегі нақты оқу пәндерінің оқыту мен оқу заңдылықтарын зерттейді.

2 ДӘРІСТЕР

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны

Модуль 1. Мектептегі дамыта оқыту жүйесінің негізгі мәселелері

Тақырып 1. Кіріспе. «Мектептегі дамыта оқыту жүйесі» пәні, міндеттері
Мектептегі дамыта оқыту жүйесі пәні, пәннің негізгі идеялары, мақсаты мен міндеттері. Пәннің мазмұны. Адам жайлы ғылымдардың ортасындағы пәннің алатын орны.

Тақырып 2. Оқыту және даму

Қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы. Оқыту процесі туралы түсінік. Оқыту және даму.


Тақырып 3. Оқыту формалары, түрлері, , әдістері даму факторлары ретінде

Оқыту формалары. Оқыту түрлері. Оқыту әдістерінің топтары және оларды тиімді қолдану.



Тақырып 4. Тұлға дамуы және оның заңдылықтары

«Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдары. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар. Тұлға дамуының жас кезеңдері.



Модуль 2. Дамыта оқыту тәжірибесі

Тақырып 5. Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқытудың қалыптасу тарихы. Дамыта оқытудың ерекшелігі. Дамыта оқытудың тиімді жақтары.


Тақырып 6. Мотивация және мотив дамыта оқытудың шарты ретінде

Мотив және мотивация түсініктері. Мотив және мотивацияның айырмашылықтары. Оқушы мотивтерінің түрлері және олардың оқушы дамуына ықпалы. Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру.



Тақырып 7. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі

Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің жалпы сипаттамасы. Дидактикалық принциптері. Әдістемелерінің ерекшеліктері.



Тақырып 8. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясы

Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясының концептуалдық негіздері. Әдістемелерінің ерекшеліктері.



Тақырып 9. И.С.Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлық дамыта оқыту технологиясы

И.С.Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлық дамыта оқыту технологиясының сипаттамасы. Әдістемелерінің ерекшеліктері. Дидактикалық қамтамасыздандырылуы.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.

Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.



Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны

Модуль 1. Мектептегі дамыта оқыту жүйесінің негізгі мәселелері

Тақырып 1. Тұлға дамуы және оның заңдылықтары

«Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдары. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар. Тұлға дамуының жас кезеңдері және оларды тәрбиелеу. Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы отандық және шетел теориялары.



Тақырып 2. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы

Педагогтың міндеттері мен функциялары. Педагогтың қабілеті. Педагогикалық іс-әрекеттің сипаттамасы. Педагогикалық іс-әрекетке даярлық



Тақырып 3. Оқыту және даму

Оқыту ұғымының мазмұны. Бастауыш мектеп оқушыларын балаларды оқыту ерекшеліктері. Оқыту процесінің құрылымы, функциялары және қозғаушы күштері. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері. Оқу іс-әрекеті және даму.



Тақырып 4. Оқыту формалары, түрлері, әдістері даму факторлары ретінде

Оқыту формалары және олардың дамуға ықпалы. Оқыту түрлері және даму. Оқыту әдістерінің топтары және оларды тиімді қолдану.



Тақырып 5. Сабақ дамыта оқыту жүйесінде

Сабақтың түрлері және оның құрылымы. Дәстүрлі емес сабақтар. Сабаққа даярлық. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тексеру және бағалау.



Модуль 2. Дамыта оқыту тәжірибесі

Тақырып 6. Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқытудың жалпы сипаттамасы. «Жақын арадағы даму аймағы» түсінігінің мағынасы. Дамыта оқытуды бастауыш мектепте ұйымдастыру ерекшеліктері.



Тақырып 7. Мотивация және мотив дамыта оқытудың шарты ретінде

Мотив және мотивация түсініктерінің мазмұны, айырмашылықтары. Мотив түрлері, қызметтері және сапасы. Оқу мотивтері және олардың оқушы дамуына ықпалы. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивтері және олардың қалыптасу ерекшеліктері.



Тақырып 8. Танымдық қызығушылық - оқу іс-әрекетінің негізгі мотивациясы

Танымдық қызығушылық психологиялық-педагогикалық мәселе. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мазмұны және өзіндік ерекшеліктері. Танымдық қызығушылық - оқу іс-әрекетінің негізгі мотивациясы.



Тақырып 9. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі

Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің жалпы сипаттамасы. Дидактикалық принциптері. Әдістемелерінің ерекшеліктері.



Тақырып 10. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясы

Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясының концептуалдық негіздері. Әдістемелерінің ерекшеліктері.



Тақырып 11. Ойын технологиясы

Ойын – балалардың шығармашылық іс-әрекеті ретінде. Ойын технологиясы оқыту процесінің құрылымында. Бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы ойынның маңызы және рөлі. Ойын оқыту әдісі ретінде. Дидактикалық ойындар сабақтың құрылымдық бөлімі ретінде.



Тақырып 12. И.С.Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлық дамыта оқыту технологиясы

И.С.Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлық дамыта оқыту технологиясының сипаттамасы. Әдістемелерінің ерекшеліктері. Дидактикалық қамтамасыздандырылуы.



Тақырып 13. Дамыта оқыту технологиясын бастауыш мектепте қолдану

Бастауыш мектепте оқытылатын нақты бір пән бойынша дамыта оқыту технологиясы негізінде сабақ үлгісін әзірлеу. Топта даярланған сабақты қорғау.


4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары



Тақырыптары

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Бақылау түрі

Өткізілу уақыты және балл

1

Қазіргі кездегі білім беру

Қазіргі кезеңдегі білімнің даму тенденциялары және негізгі бағыттары. Білім берудің жаңа парадигмасы.Білім беру және жеке тұлға.

Білім беру мазмұны. Жалпы білім беру мазмұнына жаңа тұрғыдан келу. Білім беру мазмұнын айқындайтын нормативтік – құқықтық құжаттар: оқу жоспарлары, бағдарламалары.





Конспект бойынша талқылау

2 апта

10 балл


2

Дамыта оқыту технологиясын бастауыш мектепте қолдану



Әр студент нақты бір пән бойынша сабақ тақырыбын таңдайды


Сабақ тақырыптарын талдау

4 апта

10 балл



3

Оқушылардың оқу мотивациясын диагностикалау

Оқушының оқу мотивациясын зерттеу: оқушы не үшін оқиды, оқуға оны не итермелейді, т.б. Әр студент бір әдістеме үлгісін әзірлейді

Әдістеме

мен жұмыс



6 апта

10 балл


4

Ж.Пиаже, Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн, П.Я.Гальперин Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, И.С.Якиманская, т.б. теориялары


Әр автордың теориясының негізгі идеясын ашып көрсету.

Тапсырманы таблицада орындау



Таблица

мен жұм


ыс

10 апта

10 балл


5

Дамыта оқыту технологиясын бастауыш мектепте қолдану



Әр студент нақты бір пән бойынша сабақ үлгісін әзірлейді


Сабақ үлгісі

12 апта

10 балл




6

Оқыту технологиялары және даму

Деңгейлеп-саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту технологиясы, ойын технологиясы, т.б. технологиялар

Рефератты қорғау

14 апта

10балл




Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптары

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Бақылау түрі

Өткізілу уақыты және балл

1

Пән бойынша библиография құру

Кітапханада негізгі деректермен, басылымдармен жұмыс

Библиография

3 апта

25 балл


2

Пән мазмұны бойынша глоссарий

Глосарий құру. Негізгі ұғымдармен жұмыс

Глоссарий

5 апта

25 балл


3

Мұғалім мамандығының профессиограммасы



Мұғалім мамандығының профессиограммасын құру



Талқылау

7 апта

25 балл


4

«Жақын арадағы даму аймағы» түсінігі

«Жақын арадағы даму аймағы» түсінігінің мағынасын ашу

Конспект

бойынша талқылау



11 апта

25 балл



5

Оқыту технологиялары және даму

Деңгейлеп-саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту технологиясы, ойын технологиясы, т.б. технологиялар. Студент бір технология бойынша жұмыс істейді

Рефератты қорғауға даярлау

13 апта

25 балл


6

Дамыта оқыту жүйесі

Пән мазмұны бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

Сөзжұм

бақпен жұмыс



15 апта

25 балл


I – Рубеждік бақылауға тапсырма

1 – ші нұсқа

1. Дамыта оқыту түсінігінің анықтамалары және мазмұны, ерекшелігі, тиімді жақтары.

2. Тұлға дамуының негізгі кезеңдері, кезеңдердің негізгі ерекшеліктері. Тұлға туралы теориялар.

3. Мотивация және мотив түсініктерінің анықтамасы, мазмұны және айырмашылықтары.


2 – ші нұсқа

1. «Жақын арадағы даму аймағы» түсінігінің авторы, негізгі идеясы, мазмұны.

2. Сабақ дамыта оқыту жүйесінде мағынасын ашу керек.

3. Оқыту және дамудың өзара байланысын ашу керек.



II – Рубеждік бақылауға тапсырма

1 – ші нұсқа

1. Танымдық қызығушылық психологиялық-педагогикалық мәселе.

2. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.

3.Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясының концептуалдық негіздері және әдістемелерінің ерекшеліктері.

4. Дидактикалық ойындарды сабақта қолдану.
2 – ші нұсқа

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мазмұны және өзіндік ерекшеліктері.

2. И.С. Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлық дамыта оқыту технологиясының сипаттамасы.

3. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің дидактикалық принциптері және әдістемелерінің ерекшеліктері.



4.Ойын технологиясын сабақта қолдану әдістемесі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет