Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізу iс-шаралары
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің функционалын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес кешенді ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеу және кеңейту
|
Х
|
Х
|
Негізгі талаптар көрсетілген шарт жасалды. Ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеу күнделікті жүргізіледі. Функционалды кеңейту жұмыс тәртібінде жүргізіледі. Есеп келісім шартқа сәйкес берілді.
|
«Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйесінің функционалын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес кешенді ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеу және кеңейту
|
Х
|
Х
|
Ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеу күнделікті жүргізіледі.
|
Мемлекеттік сатып алу субъектілерінің, концессионерлердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар тізбесі бойынша есептерді жинақтау және өңдеу
|
Х
|
Х
|
Мемлекеттік сатып алу субъектілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың, концессионерлердің және ұлттық компаниялардың, холдингтердің, бекітілген тізімінің мекемелердің сатып алуда жергілікті қамту бойынша есептерін жинау және өңдеу жүргізілуде. 2015 жылдың 9 ай бойынша көрсеткіштер көрсетілді, жыл қорытындылары бойынша есеп 2016 жылғы 15 сәуірде ұсынылады.
|
Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің, жер қойнауын пайдаланушылардың және өзге мүдделі тараптардың қатысуымен ұлттық өнеркәсіпті дамыту мәселесілелері бойынша конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер және сұхбат алаңдарын өткізу
|
Х
|
Х
|
Петропавл, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Ақтау қалаларында форумдар, Теміртау қаласында көрме-кеңес және Тараз қаласында көрме-сайыс, Атырау және Көкшетау қалаларында кеңестер мен форумдары өтті.
|
Перспективалық және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін игеруге жәрдемдесу
|
Х
|
Х
|
Негізгі талаптар көрсетілген шарт жасалды
|
Халықаралық стандарттарға (API, ASTM, GMP, EN) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйесі бойынша шығындарды өтеу
|
Х
|
Х
|
2015 жылғы 30 сәуірде Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарлары, жұмыстард, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы №572 Министрдің бұйрығы қабылданды. 134 447 826,73 теңге сомасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау кезінде жұмсалған шығындар бөлігін өтеуге ұсынған 90-индустриялық-инновациялық субъектілерінің өтінімдер қаралды. 100 000 000 теңге сомасына республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар шегінде негізделген шығындарды өтелді.
Негізгі талаптар көрсетілген шарт жасалды
|
2015-2019 жылдарға арналған ҮИИДМБ шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді пайдалану бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық жобаларына сараптама жүргізу
|
Х
|
Х
|
Тау-кен өндіруші кешені жер қойнауын пайдаланушыларының қазақстандық қамту бөлігіне келісімшарттық міндеттемелерін орындау деңгейін талдау
|
Х
|
Х
|
2015 жылдың 9 ай бойынша көрсеткіштер көрсетілді, жыл қорытындылары бойынша есеп 2016 жылғы 15 сәуірде ұсынылады.
Проведена работа по оценке степени исполнения контрактных обязательств по казахстанскому содержанию в товарах, работах, услугах и в кадрах недропользователей горнорудного комплекса.
|
Ұлттық өнеркәсіпті дамыту мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қатысуымен жыл сайынғы форум мен көрмені ұйымдастыру
|
Х
|
Х
|
Индустрияландыру күнінің шеңберінде Мемлекет басшысының қатысуымен 2-3 шілде аралығында Астана қаласында «Көрме» орталығында отандық кәсіпорындардың көрмелерін өтіп, жергілікті атқарушы органдардың, сауда желілерінің, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және кәсіпорындардың арасынан «Қазақстанда жасалған» акциясының қатысушыларын дипломдармен марапаттау, барлық өңірлерде отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» атты флешмоб өткізу және т.б..
Көрмеде шамамен 80 компанияның, соның ішінде жаңа өнімдер шығаратындардың қатысуы күтілуде.
|
«ТЖҚ және өнім берушілердің деректер қорын» қалыптастыру және жүргізу
|
Х
|
Х
|
Негізгі талаптар көрсетілген шарт жасалды. Ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеу және функционалды кеңейту жүргізіледі. 2016 жылдың қаңтар айына 3938 – отандық өндірушілер тіркелген, 18290 – ТЖҚ қосылды.
|
Ірі кәсіпорындар айналысында сабақтас өндірістер құру мақсатында тапсырыс беруші мен өндіруші арасында келісімшарттар жасасуда жәрдемдесу
|
Х
|
Х
|
«NADLoC» АҚ тұрғылықты негізінде ірі жер қойнауын пайдаланушыларымен және жүйе құрыйтын кәсіпорындарымен жұмыс өткізілуде.
|
Әкімдіктер, жүйе құраушы кәсіпорындар және өңірлік бизнес-қауымдастықтар арасында жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумды жасасу
|
Х
|
Х
|
Инвестициялар және даму министрлігі әкімдіктермен және ұлттық компаниялармен жасалған меморандумдарды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырып, жасалған шарттар бойынша жедел мәліметтер Министрліктік жанында құрылған жедел штабқа апта сайын келіп түседі, штаб апта сайын әкімдіктер және ұлттық компаниялармен ҰКП қатысуымен онлайн режимінде бейне байланыс конференциясын өткізеді. Әкімдіктер мен ұлттық компаниялар берген деректер бойынша а.ж. 31 желтоқсанға көшпелі кеңес-форумдар шеңберінде отандық сауда өндірушілермен жасалған меморандумдардың жалпы соммасынан 96,1% құрайтын 1,367 трлн.теңге сомасы мөлшерінде 26 010 келісім шарттар жасалынды (анықталған деректер бойынша барлығы көшпелі кеңес-форумдарда 1,422 трлн.теңге жанында сомасына 928 меморандумдар жасалынды ).
|
Жергілікті қамту бойынша насихаттауды әзірлеу және іске асыру
|
Х
|
Х
|
Елімізде өндірілген өнімдер үшін бірыңғай логотип әзірленді. Бүгінгі күні, логотипті сауда желілерінде тарату бойынша жергілікті атқарушы органдармен қарқынды ынтымақтастық орын алған.
Министрлікте отандық өндіріс өнімдерін ұзақ мерзімді насихаттау (дәріптеу) бойынша кешенді жоспар жобасы әзірленген Көптеген іс-шаралар бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату мәселелері пысықталуда.
Әкімдіктермен ірі сауда жүйелерінде отандық өнімдерді ұсыну үшін алаңдар (секторлар) бөлініп, бірегей логотиппен «Қазақстанда жасалған» акциясы өткізілді.
Қазақстанның 24 466 сауда орындарда 136 289 лого-KZ орналастырылған.
|
1.3-мақсат. Техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары. ББ 048, 061
|
Нысаналы индикатор
|
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорындағы нормативтік құжаттар саны
|
ИДМ
|
бірл.
|
68 500
|
68
500
|
Қол жеткізілді.
|
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік эталондар саны
|
ИДМ
|
бірл.
|
101
|
101
|
Қол жеткізілді.
|
«Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде жақсару
|
ДЭФ ЖБИ есебі
|
орын
|
88
|
88
|
Қол жеткізілді.
|
1.3.1-міндет. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру үшін жағдай жасау
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
Стандарттау бойынша әзірленген нормативтік құжаттар саны
|
ИДМ
|
бірл.
|
821
|
821
|
Қол жеткізілді.
|
ДСҰ Хатшылығынан, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерден, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдерден, халықаралық ұйымдардан техникалық регламенттерге, стандарттарға өнімнің сәйкестігін растау рәсімдеріне, қызмет көрсетулерге, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шараларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолданысқа енгізу туралы келіп түсетін хабарламалар саны
|
ИДМ
|
дана
|
3 100 кем емес
|
3 100
|
Қол жеткізілді.
|
Техникалық реттеу және метрология саласында қайта даярлықтан және біліктілігін арттырудан өткен мамандар саны
|
ИДМ
|
бірл.
|
100
|
100
|
Қол жеткізілді.
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізу iс-шаралары
|
Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын дамыту және сүйемелдеу
|
Х
|
Х
|
Бірыңғай қорда 68500 нормативтік құжаттар (НҚ) жинақталған, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары – 6118.
Есептік кезең ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына (ҚР СТ) 664 сызықтық код берілді.
Kardex-Lectriever карусельдік-лифтілік машиналарға 1328 ҚР ұлттық стандарттары салынды.
2015 жылға Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар сілтеуіші (ҚР СТ), 2015 жылға арналған стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар сілтеуіші (ГОСТ), 2015 жылға жойылған және ауыстырылған мемлекетаралық стандарттар тізілімі, 2015 жылғы № 1-12 ай сайынғы стандарттардың ақпараттық сілтеуіші (САС) құрылып басып шығарылды.
Нормативтік құжаттарды тегін негізде беру үшін http://www.egfntd.kz порталында нормативтік құжаттарды көшіру және басып шығару мүмкіндігінсіз онлайн режимде оларды қарап шығу мақсатында шығару үшін «Модуль» әзірленген.
Android және iOS операциялық жүйелеріне қолдау жасаумен ұялы құрылғыларға арналған Бірыңғай қордың порталы ұялы қосымшасы әзірленді.
|
Оқыту курстарын, семинарлар өткізу
|
Х
|
Х
|
Бюджеттік бағдарлама бойынша:
«Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» БЖ 061 шеңберінде Республиканың 16 аймақтарында семинарлар мен курстар ұйымдастырылып өткізілді, 1600 тыңдаушылар оқытылды.
«Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» БЖ 048 шеңберінде Республиканың 15 аймақтарында семинарлар мен курстар өткізілді, 1300 тыңдаушылар оқытылды
|
Халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ деректер қорын толықтыру және аудару
|
Х
|
Х
|
Қор стандарттау бойынша халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдар стандарттарымен мына санда толықтырылды: ИСО - 218, МЭК - 45, ASTM- 150, BS - 2, DIN – 1, UOP-44.
Бүгінгі таңда 2 дерекқор жұмыс істейді. «Библиография» ААЖ бірыңғай анықтамалық-библиографиялық дерекқор және «Қазақстан Республикасының стандарттары» дерекқоры.
Шетел тілінен 283 НД орыс тіліне, орыс тілінен мемлекеттік тілге 502 НД аудару жүзеге асырылды.
|
Салалық нормативтік құжаттарды (халықаралық, мемлекетаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар) олардың Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету мүмкіндігін айқындау тұрғысынан талдау жүргізу
|
Х
|
Х
|
КО ТР өзара байланысты стандарттардық талдауы және жүйелеуі жасалынды:
- «Темекі өнімдеріне техникалық регламент» КО ТР 035/2014;
- «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР жобасы;
- «Химиялық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР жобасы;
- «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР жобасы;
- «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы» КО ТР жобасы,
мынадай критерийлері бойынша жүзеге асырылған:
- техникалық регламенттер объектілеріне жататын өнімдері (жұмыс, қысмет қөрсету) үшін стандарттардың барлық нормативтік қорын толық қамту;
- қоғамдық пікірінің негізінде отандық өнеркәсіптің қажеттіліктерін ескеру.
Мүдделі жақтардың пікірін ескеру мақсатында 2015 жылдың 3-17 тамыз аралығында мемлекеттік органдардың, бизнес-ұйымдардың, қауымдастықтардың, сәйкестікті бағалау органдарының және басқа да өкілдерінің қатысуымен КО ТР өзара байланысты ретінде ұсынылатын стандарттар тізбелері жобаларын қарастыру бойынша өңірлерде дөңгелек үстелдер және Астана қаласында жұмыс отырыстар өткізілді.
Стандарттарды талдау және жүйелеу кезінде 849 стандарттау бойынша нормативтік құжаттар (ГОСТ, ГОСТ Р, БСТ, ҚР СТ, ИСО) қамтылды.
Талдау және жүйелеудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикадағы КО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдарға 2015 жылғы 11 қарашадағы №21-01-10-2/3656-7-6 хатпен алдағы жұмыстарға қолдану үшін ұсыныстарымен:
- Техникалық регламенттермен өзара байланысты 368 стандарттарды қосыға ұсынылатын;
- 5 мемлекетаралық стандарттарды (ГОСТ) қайта қарастыруға ұсынылатын;
- 5 нормативтік құжаттардың күшін жоюға ұсынылатын стандарттар тізбелері жолданды.
|
Ақпараттық инфрақұрылымды қолдау үшін техникалық реттеу саласында ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және дамыту
|
Х
|
Х
|
Тұрақты негізде, СТК/СФС жөніндегі Ақпараттық орталықтың және техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерді жүйелік-техникалық қызмет көрсету және басқару.
Апта сайын (дерекқорлар, ақпараттық жүйелер және сайттарының құрылымы, материалдар, пайдаланушы тіркелгілері мен профиль деректер) сақтық көшірмесін бойынша жұмыс және ақпараттық жүйелер болып табылады. Апта сайын серверлер жүйесі-техникалық қызмет көрсету және басқару бойынша жұмыс, серверлік және желілік жабдықтар (мониторинг және жүктеме тарату, вирустар және желілік шабуылдардан қорғау, диагностикалық жабдықтар, бағдарламалық жасақтама жаңартулары және серверлік операциялық жүйелер) болып табылады.
Күнделікті басқару және ақпараттық жүйелер тіркелген пайдаланушылардың мониторингі бойынша жұмыс істейді. Күн сайын ақпараттық жүйелерді техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша пайдаланушылардың консультациялар (жаңа және тіркелген пайдаланушылар, Комитеттің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлерін) өткізді. «Қауіпті өнімдері» дерекқорына, СТК / СФС жөніндегі Ақпараттық орталығының wto.memst.kz сайтына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің www.memst.kz сайтына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сандық қол қойылатын ашық кілт сертификаттар қосылған.
|
ҚР БНАА ЖЖҰЖ (Қазақстан Республикасының бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жіктеуіштерін жаңарту және ұсыну жүйесін) Депозитарийін енгізу
|
Х
|
Х
|
ҚР БНААЖЖТЖ депозитарийіне (depositary.memst.kz) бүгінгі таңда қолданыстағы 10 ұлттық жіктеуіштер туралы жалпы деректер енгізілді.
Қазақстан Республикасында ұлттық жіктеуіштердің әзірленуі мен қолданылуы саласында ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар жұмыста ұлттық жіктеуіштерді қолдану қажеттігі туралы хабарландырылды.
Мемлекеттік органдарға қағаз тасымалдаушыда 151 дана ҚР ҰЖ жолданды.
Есептік кезең ішінде 6 мемлекеттік органдарға ұлттық жіктеуіштердің электрондық даналарына парольдер мен Депозитарий сайтына кіру үшін 25 «кілт» берілді.
www.memst.kz сайтында көшіру және басып шығару мүмкіндігінсіз онлайн-режимде ҚР ҰЖ мәтіндеріне қол жеткізу қамтамасыз етілген.
|
Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету
|
Х
|
Х
|
Бүгінгі күні республиканың эталондық базасы 101 эталон бірліктерінен, оның ішінде 52 – мемлекеттік эталондар, 49 – мемлекеттік жұмыс эталондары, аталғандар отандық экономиканың мүдделерін толықтай қамтамасыз етеді.2015 жылдың эталондар мен эталондық құрылығылардың қолдануымен республиканың кәсіпорындары үшін 1236 өлшем құралдарының бірлігі салыстырып тексерілген.Мемлекеттік эталондар мен эталондық құрылғыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.Эталондарға жауапты адамдар және сақтаушы-ғалымдармен газ ылғалдылық генераторлары, термогигрометрлер мен ылғалдылықты талдауыштарды калибрлеу бойынша оқыту және тағылымдама бойынша, сұйық және қатты заттар мен материалдардың сыну көрсеткішіне метрологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілген, бромнафталин мен төрттік хлорлы көміртекті қолданусыз сұйықтықтың сыну көрсеткіші- мемлекеттік стандартты үлгіні дайындау тәсілі зерттелінген.
|
Елдің метрологиялық қызметтерінің бастапқы эталондарын салыстырып тексеру және калибрлеу бойынша мемлекеттік эталондарда жұмыстар жүргізу
|
Х
|
Х
|
2015 жылдың елдегі метрологиялық қызметтердің 65 бастапқы эталон бірлігі салыстырып тексерілген.
|
1.3.2-міндет. Саудадағы техникалық кедергілерді төмендету
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
РАС-та аккредиттеу бойынша өңірлік ұйымдастыру арқылы IAF аккредиттеу жөнінде Ұлттық органның толық құқылы мүшелігін растау
|
ИЖТМ
|
есеп
|
1
|
1
|
Қол жеткізілді.
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізу iс-шаралары
|
Халықаралық ұйымдар тарапынан аккредиттеу жөніндегі ұлттық органды қайта бағалау
|
Х
|
Х
|
2015 жылдың наурыз айының 16-20 аралығында PAC ұйымының сарапшы бағалаушысы Қазақстан Республикасының ұлттық аккредиттеу ұйымының өнім бойынша көпжақты РАС MLA келісіміне қол қойған.
Қайта бағалау нәтижесі бойынша 1 (бір) ескерту және 9 (тоғыз) пікір анықталды.
2015 жылдың шілдесінде ҰАО қайта бағалау есебі мақұлданды және ad-hoc тобы ҰАО-ны PAC MLA келісіміне қол қоюшы ұйым ретінде қолдау туралы оң ұсыныс жасады.
|
Халықаралық сарапшы-аудиторлар деңгейінде аккредиттеу жөніндегі біліктілікті арттыру (ИСО/ХЭК стандарттары бойынша семинарларға, оқыту курстарына қатысу, оның ішінде халықаралық сарапшыларды тартып, сондай-ақ тағылымдамалар ұйымдастыру, оның ішінде шетелде)
|
Х
|
Х
|
2015 жылдың 5 мамырынан 22 мамырына дейінгі аралықта 3 маман Лондон қаласындағы (Ұлыбритания) UKAS (United Kingdom Accreditation Service) ұйымында аккредиттеу бойынша орта мерзімді бағдарламадан өтті.
2015 жылдың қаңтар айының 28-30 аралығында ҰАО үш бағалаушысы Братислава қаласында (Словак Республикасы) Словак ұлттық аккредиттеу жөніндегі органында (SNAS) ИСО 15189:2012 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандарты бойынша қайта бағалау жөніндегі топтың жұмысын сырттай бақылаушы ретінде тағылымдамадан өтті.
2015 жылдың 15-16 қазанында 2 маман Макассар қаласындағы (Индонезия) KAN – аккредиттеу бойынша Индонезиялық ұлттық органында ISO/IEC 17020 «Сәйкестікті бағалау. Әр түрлі типтегі инспекция органдарының жұмыстарына қойылатын талаптар» стандарты бойынша бағалау, тексеру тобының құрамында тағылымдамадан өтті.
|
Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтары) бірыңғай тізбесін және берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестігі туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізбесін сүйемелдеу
|
Х
|
Х
|
2015 жылдың 31 желтоқсанға мәліметке сәйкес сәйкестік жөніндегі берілген сертификаттар мен декларациялардың тізілімінде 189 420 сәйкестік жөніндегі сертификаттар (олардың ішінде Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкестігіне – 188 203) және 285 650 сәйкестік туралы декларациялар бар (олардың ішінде КО ТР сәйкестігіне – 280 944).
2015 жылдың 31 желтоқсанға мәліметке сәйкес Кедендік одақтың Сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - СРО) мен сынақ зертханаларының (бұдан әрі – СЗ) біріңғай тізілімінің ұлттық бөліміне Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізетін 78 СРО мен 270 СЗ енгізілді.
|
1.3.3-міндет. Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу
|
|