11 «Б» сыныбында В.П. Распутиннің «Женский разговор» шығармасының желісі бойынша сабақ өтті. Сабақты мектеп директоры Н.Н.Букина жүргізді. Оқушылар шығарманы жан-жақты талдап, сараптау, саралау қабілеттерінің даму сатысын айқын көрсете білді.
8 «А» сыныбында «Ас мәзірі.Етіс.Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ»» тақырыбындағы ашық сабақ қазақ тілі мен қазақ әдебиетін қамтыды. Оқушылар ақын өмірінен тың мәліметтер бере отырып, астың адам өміріне келтірер пайдасы мен зияны туралы да әдемі қорытынды шығарып, қазақ тілінен сөздік қорларының деңгейін көрсете білді.
Достарыңызбен бөлісу: |