2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының


кесте. Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері



бет16/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
2.1.1.2.2. кесте. Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

 Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2013

2014

2015

Өнеркәсіптік кәсіпорындар саны, бірлік

бірл.

1407

1392

1542

Өнеркәсіптік өнім көлемі, млн. теңге

млрд. теңге

641,0

739,9

646,3

Өнеркәсіптік өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %



%

105,5

102,2

100,2

Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығарудың нақты көлемінің индексі, %



%

108,2

100,6

99,8

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам

мың АҚШ доллары/адам

35,0

28,7

19,6


Елдің жалпы экспорты көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің үлесі,%

%

12,2

13,7

10,5

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы


2.1.1.2.3. кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге

Атауы/жылдар

2013

2014

2015

Өнеркәсіп

641043

738948

646 306

оның ішінде:










тау-кен өнеркәсібі

-

220

221

өңдеуші өнеркәсіп

483 767

580 625

476 589

оның ішінде:










тағам өнімдері өнеркәсібі

127 316

187 531

147 246

сусындар өндірісі

29 962

33 249

30 292

тоқыма бұйымдары өндірісі

1 300

1 327

1 072

киім өндірісі

7753

4696

5 430

тері және онымен байланысты бұйымдар өндірісі

1 463

2 520

3 261

жиһаздан басқа ағашжәне тығынды бұйымдар өндірісі

2 659

1 985

3 102

қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

7 063

10 169

10 008

Жазба материалдарын басып шығару және көшіру

42 149

34 738

36 209

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

967

2 940

1 340

Химия өнімдерін өндіру

12 138

6987

6 096

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

16 752

17 132

7 580

Резина және пластмасса бұйымдарды өндіру

29 134

27 055

19 588

Басқа да металл емес және минералды өнімдерді өндіру

48 848

55 401

50 464

Металлургия өнеркәсібі

23 131

40 387

40 287

Машиналар мен құрылғылардан басқа дайын металл бұйымдарды өндіру

29 359

36 564

23 183

Компьютер, электронды және оптикалық өнімдер өндіру

19 513

23 455

12 121

Электрлік құрылғылар өндірісі

7979

7 314

7 614

Басқа санаттарға жатқызылмаған машиналар мен құрылғылар өндірісі

5 050

10 702

6 311

Автокөлік құралдары, трейлер және жартылай тіркемелер өндірісі

1 141

4 909

4 730

Басқа көлік құралдары өндірісі

11 250

8 551

4 264

Басқа да дайын бұйымдар өндірісі

2 553

2 027

1 507

Жиһаз өндірісі

13 683

13 522

9 001

Машиналар мен құрылғыларды жөндеу және орнату

42 603

47 454

45 867

Электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету

136 015

136 967

147 929

оның ішінде:










Электр энергиясын өндіру, беру және тарату

84 005

69 402

63 096

Газ тәрізді отынды өндіру және тарату

9 826

15 297

34 140

Жылу беру және ауаны желдету жүйелері

42 184

52 268

50 692

Сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуды қадағалау

21 261

21 134

21 576

оның ішінде:










Суды жинау, өңдеу және тарату

11 252

12 314

12 411

Кәріз жүйесі

3 6322

3 963

4 039

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою

6 377

4 856

5 126

Машинажасау

87 537

102 387

80 909

Қара металлургия

6 323

18 848

21 465

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жыл
Жергілікті мазмұнды дамыту

Отандық тауар өндірушіні қолдау және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компаниялардың сатып алуларында олардың үлесін арттыру мақсатында 2015 жылдың 28 желтоқсанында «Мемлекеттік тапсырыс 2015» жыл сайынғы акциясы өткізілді.


2015 жылдың қаңтарында Алматы қаласының әкімдігі ұлттық компаниялармен және отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгеге өзара түсіністік туралы 6 Меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні Меморандумдарды орындау шеңберінде жалпы сомасы 5,2 млрд. теңгеге шарттар жасалды.
3 қазанда Алматы қаласының әкімдігі және «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында Алматы қаласының іскерлік ортасымен және ЭКСПО бас мердігерлерімен жалпы сомасы 10 млрд. теңгенің сомасына ынтымақтастық туралы 12 меморандумға қол қойылды.
2015 жылғы 28 қазанда Алматы қаласының әкімдігі «Даму» қорымен бірлесіп қазақстандық үлесті дамыту бойынша «Қазақстанда жасалған» форум-көрмесін өткізді. Осы форумның шеңберінде Алматы қаласының мердігер ұйымдары лері мен тауар өндірушілерінің арасында 9 меморандумға қол қойылды.
2015 жылғы 21 қарашада Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылғы Универсиадаға дайындық шеңберінде отандық өндірушілермен ынтымақтастық Форумын өткізді. Универсиадаға дайындық барысында өнім жеткізу үшін Алматы қаласының мердігерлері мен өндірушілерінің арасында Форум шеңберінде 13 меморандумға қол қойылды. Жасалған Меморандум сомасы шамамен 20 млрд.теңге.
ЭКСПО-ның басты мердігер ұйымдарымен нысандар құрылысы шеңберінде Алматы қаласының 15 отандық тауар өндірушілермен 1,9 млрд. теңге жалпы сомаға шарттар жасалды.


Алматы қаласының Мемлекеттік мекемелері.
Алматы қаласының мемлекеттік мекемелері және ұйымдары ұсынған қазақстандық мазмұн және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептеріне сәйкес 2015 жылғы жағдай бойынша 151,2 млрд. теңгенің сомасына 25 919 орындалған шарттардан қазақстандық үлес салмағы 78,7 млрд. немесе 52% құрады, оның ішінде:
- тауарлар бойынша 21,6% 13,5 млрд. теңгенің сомасы;
- жұмыстар бойынша 54% 119,1 млрд. теңгенің сомасы;
- қызметтер бойынша 61,5% 18,6 млрд. теңгенің сомасы.

Ұлттық компаниялар.

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін Ұлттық компаниялар 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Алматы қаласының кәсіпорындарымен жалпы сомасы 770,3 млрд. теңгеге шарттар жасасты, оның ішінде:


- тауарлар – 332,1 млрд. теңге;
- жұмыстар – 200,0 млрд. теңге;
- қызметтер – 238,2 млрд. теңге.
Қазақстандық мазмұндық үлесі 72%.
Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

Энергияны үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралының бірі болып табылады. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Алматы қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.


Алматы қаласы экономикасының өсуімен байланысты энергетикалық ресурстарды тұтыну негізінен ішкі өңірлік өнім сияқты қарқында өседі, өйткені экономикалық өсім өнімді өндіруді арттырумен, ресурстарды пайдаланумен бірге жүреді. Осылайша энергияны үнемдеу Алматы қаласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Алматы қаласы бойынша электр энергиясының және қуатының заманауи нарығы «Алматы энергия станциялары» АҚ (бұдан әрі – «АлЭС» АҚ) энергия көздерінен электр энергиясын жеткізуден және 30% ЖГРЭС және ГРЭС Павлодар-Екібастұз энергия торабынан электр энергиясын сатып алудан қалыптасады.
Электр энергиясын тұтыну құрылымы тұтынудың негізгі үлесі өнеркәсіп кәсіпорындарына – 33% , халық – 29 %, өзге де – 25%, бюджет ұйымдары – 13% келетінін көрсетеді.
2.1.1.2.3. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:
- макроэкономикалық және саяси тұрақтылық;
- іскерлік ахуалды жақсарту және реформаларды жүргізу;
- өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін даму институттары жүйесінің болуы.



Әлсіз жақтары:
- өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық белсенділіктің төмендігі;
-Біліктілік деңгейін талап ететін адам ресурстарына қолжетімділіктің төмендігі;
- Инфрақұрылымда тар жерлердің болуы (көлік-логистикалық, энергетикалық, сумен жабдықтау);
- Өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі;
- Инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
- Ресурс тиімділігінің төмендігі және өнеркәсіптің жоғары энергия өнімділігі;
- Техникалық реттеудің дамымаған жүйесі:

Мүмкіндіктер:
- Кедендік одақ нарығына қолжетімділік, Қытайдағы, Орта Азиядағы және Каспий аралық мемлекеттердегі нарықтық мүмкіндіктер;
- Ресурс секторларының технологиялық құрал-жабдықтарына, мамандандырылған қызметтерге және инновацияға сұраныс;
- Өңдеуші өнеркәсіпте заманауи өндірістік және басқару технологияларын енгізу;
- Мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулардың және жер байлықтарын пайдаланушылардың сатып алуларының тиімділігін арттыру.

Қауіп-қатерлер:
- жаһандық және өңірлік дағдарыс түрлерінің Қазақстанның экономикасына және өндірісіне теріс әсері.





Түйткілді мәселелер:



  • қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығының төмен жүктемесі;

  • ескірудің жоғары дәрежесі, кәсіпорындардағы жабдықтардың рухани ескіруі;

  • ішкі нарықтың әлсіз дамуы;

  • шығарылатын өнімдердің төмен сапасы және оның түрлерінің аз болуы;

  • өнімдерді сертификаттау үшін сынақ базаларының және зертханалардың жоқтығы;

  • өнімдердің жоғары энерго және еңбек өнімділігі;

  • көлік - логистикалық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі;

  • тиісті білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

  • салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік - өнеркәсіп базаларын жаңғыртудың қажеттілігі;



2.1.1.3. Азық-түлік белдеуін дамыту

2013-2015 жылдар кезеңінде тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын НКИ тұрақсыз үрдіске ие болды. Сонымен қатар, 2015 жылы 146,7% біршама өсті. Мұндай үрдіс жалпы өткен кезеңде экономиканың дамуына сәйкес келді.


Алматы қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2013 жылы жалпы көлемі 0,66 га болатын шағын жылыжай салынды, ол корей технологиясын пайдалана отырып, жеміс-көкөніс түрлерін өсіру әдісін жетілдіруге және бір маусымда 53 тонна қияр алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өндірілген өнімнің барлық көлемі қала халқына «Алматы Aзық» ЖШС сауда желісі арқылы сатылды.
Сондай-ақ, 2013 жылы Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «GEGA» ЖШС азық-түлік – логистикалық орталығының бірінші корпусының құрылысы аяқталды. Орталықтың өткізу қабілеттігі 36 мың тоннаны құрайды. «GEGA» ЖШС өндірушіден азық-түлік өнімдерінің барлық түрлерін тікелей сатып алатын, өз аумағына көлікпен жеткізуді, кедендік рәсімдеуді, жүкті қоймада сақтауды, қайта өңдеуді және қаланың бөлшек сауда орындарына жеткізуді қамтамасыз ететін болады.
2013-2015 жылдарға арналған азық-түлік тауарларының өңірлік қорын қалыптастыру аясында, «Алматы» ӘАТК» АҚ-ға 1 166,9 млн. теңге көлемінде Алматы қаласының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаражат бөлінді.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2015 жылы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірушілердің қатысуымен 9 жалпы қалалық жәрмеңке өткізілді. Сатылған өнімнің жалпы көлемі 1 920 тоннаны, 1 170 млн. теңгеге құрады.
Сонымен қатар, апта сайын Алматы қаласының барлық аудандарында Алматы облысының жақын орналасқан ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің, сондай-ақ Алматы қаласының сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен «Демалыс күнінің» жәрмеңкелері өткізіледі. 2015 жылдың басынан бастап Алматы қаласының аудандарында 602 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, олардың тауар айналымы 1,7 млрд. теңгені құраса, 2014 жылы 627 жәрмеңкеден, жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге жиналды

2.1.1.3.2. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:
- Тамақ өнеркәсібін дамыту.



Әлсіз жақтары:

  • импортқа тәуелсіздіктің жоғары болуы;

  • саланы құрылымдық-технологиялық жаңғырту қарқынының төмендігі;

  • нарық инфрақұрылымын дамытудың қанағаттанарлықсыз деңгейі.

Мүмкіндіктер:
- жылыжай шаруашылықтарының, дайындау пунктілерінің қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар қатарын іске асыру, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және сүт пен ет жинау бойынша стационарлық пунктерді дамыту;

  • Алматының ауыл шаруашылығы қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру.




Қауіп-қатерлер:
- ГМО және химиялық қоспалары бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасының төмендігі.





Түйткілді мәселелер:

  • несие алу кезінде ауыл шаруашылық өндірушілеріне қажетті ликвидтік кепілдік мүліктің жоқтығы;

  • қала кәсіпорындарының моралдық және физикалық тозған құралдары үлесінің жоғары болуы;

  • өндірістік қайта өңдеуге лайықты шикізаттың жетіспеуі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет