2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының


Сапалы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде халықтың осал топтары үшін де



бет97/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111
Сапалы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде халықтың осал топтары үшін де
Қаламызды әрі қарай дамыту мақсаттарына қол жеткізу жаңа әлеуметтік саясаттың сапасы мен тиімділігіне байланысты.
Жұмсыссыздық деңгейін 5% дейін қысқарту еңбек нарығын дамыту мен қала халқын әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарына айналады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру үшін күш-жігер жұмыссыздарды еңбек нарығында барынша сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.
Тұрмысы төмен адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету атаулы әлеуметтік көмекке және тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту жолымен халықтың табысы деңгейін арттыруға негізделеді. Алдағы 5 жылда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жүйелі түрде көтеріліп, ал атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ға дейін жеткізіледі.
Бұл ретте мемлекеттен берілетін көмекке мұқтаж адамдарды тек жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Көмек сандық мөлшерде ғана емес, сонымен бірге қаланың көмекке мұқтаж тұрғындарының барынша өзін-өзі танытуы (самореализация) және әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасаудан көрінуі тиіс. Осы мақсатта, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына төмен отбасылардан еңбекке қабiлеттi мүшелерін тарту шаралары жүзеге асырылатын болады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды 100% қамту бйынша шаралар қабылданады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз қалалық ортаны құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары жалғасын табады.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызмет азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін болады (тұрмысы төмен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне Жеңіс Күнінің қарсаңында материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға, ҰОС жылдары, Ауғанстанда және Чернобыль АЭС апаты кезінде қайтыс болған адамдардың жесірлері мен отбасыларына бір жолғы материалдық көмек көрсету және т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет