Жергілікті атқарушы органдар үшін қарастырылған тізілімге сәйкес 2013 жылы қызмет көрсету сапасы 117 мемлекеттік қызмет түрін, оның ішінде 73-77 қызмет түрін мемлекеттік орган арқылы, 40-97 “азаматтар үшін үкімет” мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы көрсеткен.
2015 жылы ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша жергілікті атқару органдарының көрсетіп отырған мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттандырылатындығы жөнінде зерттеу жүргізілді. Алматы қаласы бұл көрсеткіш 10 балдың 7,3 балын, яғни 73%-ын құрады. Бұл еліміз бойынша орта есепке жақын (7,9 балл).
Мелекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтында (almaty.gov.kz), мемлекеттік қызметті көрсететін құрылымдық бөлімшелердің сайттары мен стендтерінде, сонымен қатар электронды үкімет порталында(e.gov) және Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында берілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы Алматы қаласы мемлекеттік органдары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен 63 іс-шара өткізді.
2013-2015 жылдары электронды форматтағы мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 22-42. Алматы қаласы әкімдігі аппаратындағы 10 интернет-ресурстың, 8 аудан әкімдіктері аппараттарының толық ақпаратпен қамтамасыз етуіне жағдай жасалып, көпшілік қолданатын интернет-порталдар, бейне және фото жүгіну тетіктері қызмет көрсетуде. Әкімдіктің веб-сервермен қызмет көрсетуі қамтамасыз етілген.
Бір-бірімен ықпалдасқан 22 ақпараттық жүйелер қолданылады. Қала әкімдігінің орталық байланыс алмасу арналары және 32 бөлімшесімен хабар алмасу құрылған.
Әкімдікпен және «электронды үкіметпен байланыс» орнатылған (мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасымен ықпалдасу). Қаланың бірыңғай ақпараттық жүйесінің кешенді техникалық инфрақұрылым құралдары жасалған. Алматы қаласы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік басқармасы ұйымдастырылды. Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық жүйе қолданушылары тұрақты оқытылып отырады.
Тізбеге сәйкес, қарастырылған ақысыз негізде мемлекеттік қызметтің түрі 2013-2015 жылдары 103-131-ге дейін өсті. ҚР салық заңнамаларына сәйкес 2015 жылы мемлекеттік қызметтің 39 түрі ақылы түрде көрсетіледі, құны 10 МРП-ден аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |