Нысаналы индикаторлар
|
Өлш. бірл.
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Жау. орынд.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімінің арту өсімі
|
%
|
|
70
|
62
|
65
|
68
|
70
|
73
|
ІСБ
|
Әлеуметтік зерттеулердің мәліметі бойынша
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Ақпараттық-талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
БАҚ-тасыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттар жариялау;
Әкімдіктер жанындағы Қоғамдық және бақылау кеңестерінің жұмысына азаматтық сектор өкілдерін тарту;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын ұйымдастыру;
Мемлекеттік орган өкілдерінің, қоғамның, БАҚ-тың қатысуымен даму, салалық бағдарламалар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлардың жүзеге асырылу тиімділігін бағалау мен мониторингін жасау.
3.5.3. МЖӘ дамыту
Экономикадағы дағдарысты құбылыстарды және онымен байланысты бюджеттік шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жеке әріптестіктің құралдарын пайдалану жеке капиталды, трансұлттық коорпорацияларды, халықаралық қаржы институттарын тарту ірі капиталдық сыйымды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жеке әріптестіктің тетіктерін қолданудың қосымша артықшылықтары – концессия мерзімінің аяқталуына қарай құрылған нысандар мемлекет меншігіне өтеді.
Концессия тетігі арқылы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ құрылған нысандарды тиімді басқару қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметтік инфрақұрылымның нысандарын дамыту үшін мемлекеттік-жеке әріптестіктің сенімді басқару мен жалға беру секілді кіші формалары қолданылатын болады. Аталған құралдар отандық кәсіпкерлерді ортақ ынтымақтастыққа шақыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты орнату, инвесторлар мен кәсіпкерлерге инвестицияны мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы ақпарат беру, гранттарды ұсыну, сондай-ақ инфрақұрылымды нысандар мен инвесторларға арналған жергілікті салық жеңілдіктерін ұсыну жалғасады.
Бас капиталға салынатын сыртқы инвестицияның көлемі 2020 жылға қарай 85 млрд. теңгені құрап, 50%-ға өсуі қажет. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында атап өтілгендей, мемлекеттік шығындар мен субсидиялардың жүйесі қайта қарастырылатын болады. Бюджеттік шығындарды «қайта жүктеу үшін» мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің механизмдерін белсендірек қолдану жоспарлануда. Алматы қаласының даму бағдарламасы аяқталғанда қала экономикасындағы мемлекеттік емес салымдардың үлесі 900 млрд. теңгеге жуықтап, бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-ын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |