Нысаналы бағдарламалар және жобалар бойынша жұмыс.
|
Инновациялық формаларды енгізу
|
Қызығушылық клубтары
|
жобалар
|
бағдарламалар
|
басқа
|
ОҚБК
|
1 «Туған өлкем, қандай көркем»
2.Саяхаттаушы кітаптар
3.Библионяня
4.«Балабақшадағы кітапхана»
|
«Кітаппен жаз көңілді»
|
Акциялар
«Интеллектуалды шырша»
«Брось пустышку, возьми книжку»
|
«Шаг навстречу»
«Рауан»
«Волшебная петелька» үйірмесі
|
Ф№5
|
«Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс»
|
|
|
«Атамекен» клубы
«Күншуақ» клубы
|
Жобалар мен Бағдарламалар бойынша жұмыс
«Туған өлкем,қандай көркем!» (ОҚБК( жобасы. Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Сондықтан әр адам өзі тұрып жатқан кіші Отанының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдебиетін білуге міндетті.Бүгінгі оқырмансұранысының талабына сай, өлкенің тарихы мен ерекшеліктеріне қызығушылығынарттыру,өз Отанын, елін, туған жерін сүюге баулу мақсатында (ОҚБК)Жоба аясында сурет байқауы, «Мен өлкемді сүйемін!»интеллектуалды ойыны өткізілді.Бұнда өлкенің,қаланың тарихы, көше атаулары тарихынан сұрақтар болды, көшелерден бір белгілі орындар суретке түсіріліп, қай жерде орналасқаны жөнінде айту керек болды. Соғыс ардагері Тотаевпен бейне-интервью, күйші композитор Мағауия Хамзинның 90- жылдығына орай музыкалық сағат өткізіліп, «Сен мәңгісің, шертпе күйдің шебері» атты буктрейлер жасалды.
“Библионяня» бағдарламасы(ОҚБК) аясында кітапханаға тұрғылдықты оқырмандар 4-5 жасар балаларын 1,5-2 сағатқа қалдырып, дүкен аралап, дәріхана барып келу, немесе басқа да шұғыл жұмыстары болғанда тастап кетеді. Кітапханада болған уақытында бүлдіршіндерге кітапханашылар ертегі оқып, сурет салғызады, өздеріне арналған бұрышта ойындар ойнайды. (Шаршаған сәби анасы келгенше ұйықтап та қалады) Бағдарлама аясында кітапхана «Балапан бағы», «Ерке», «Балапан», «Фея», «Султик» т,б, журналдарды жаздырып аламыз, кітапханаға пуфиктер, стол алынды, бүлдіршіндерге арналған шкафтар алынып, «Бүлдіршіндер бұрышы» ұйымдастырылды.
«Саяхаттаушы кітаптар.(ОҚБК) 2016 жылдан бері А. Гайдар атындағы ОҚБК кітапхана қорына жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, қазіргі заман авторларын насихаттау, балалар кітапханасы мен мектеп кітапханасы, мұғалімдер ұжымы бірігіп, жас жеткіншекті кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, бос уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру мақсатында «Саяхаттаушы кітаптар. Путешествующие книги» атты бағдарламасы жүзеге асырылуда.Аталмыш кітап көрмесі әр мектептерге саяхаттап, 1 айдан соң келесі мектеп қабырғасына сапар шегіп отырды. Жоба аясында ұстаздар мен мектеп оқушыларының ұсыныстары да орындалып, сұранысқа ие болған кітаптар да жолданып отырылды.«Бәрін білгім келеді», «Ұл балалар, сендер үшін!» , «Қыз балаларға», «Табиғат ғажайыптары» т.б. бөлімдер арқылы жолданған кітаптар оқушылардың қызығушылықтарын молайтып, кітапқа деген сүйіспеншіліктері артты.
Халықаралық «Көк сандық саяхаты»
«Көк сандық саяхаты» Халықаралық жобасына қатысып, әр формадағы шаралар ұйымдастырылды. (ОҚБК)№2 мектеп-интернат оқушыларына арнап көк сандықшамен кездесу мерекесін өткізді. Балаларға Ресей, Германия елдерінен саяхаттап келе жатқан сандықшаның тарихымен таныстырды, қазіргі кезде біздің елде, біздің қаламызға келіп жеткенін баяндады. Оқырмандарымыз сыйқырлы сандықшадағы түрлі кітаптарды оқыды. Акция аясында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды, балалар кітап көрмесін өте үлкен қызығушылықпен тамашалады.Көк сандықшаны ең алғашқы болып ашқан және өздеріне керек кітаптарды таңдағандардың бірегейі «Жұлдыз» бала-бақшасының тәрбиеленушілері болды. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті кейіпкерлерімен кездесті.
Кітапханашылар Алдар Көсенің баймен кездесуін, ондағы байдың қымбат тонын жыртық тонға айырбастауы жайында сахналық қойылымын көрсетті. Қатысушылар №10 ОМ оқушысы Наргиз Махмадованың ертегісін үлкен қызығушылықпен тыңдады, ал Жалмауыз кемпір болса «В стране сказочных чудес» атты әдеби викторинасын өткізді. Іс-шара соңында балалар «Бауырсақ» ертегісіне сахналық қойылым қойды. (ОҚБК) «Жұлдыз» бала-бақшасына кезекті саяхатында «Көк жол сандық» кітапханалық фреш ұсынылды. «Білімділер әлемінен» келген жүргізуші «Көк жол сандық» акциясының басты мақсатын, тарихын және қай елдерде өткені жайында қысқаша түрде балаларға түсіндірді. Шара барысында балалардың сүйікті кейіпкерлері Буратино және Мыстан әжей бүлдіршіндермен қызықты ойындар ойнап, «Топ-топ-топ, топ-топ Басайық», «Үш аю», «Үш күшік», «Кошкин дом» кітаптарды бірге қызықтады. Іс-шара өте қызықты және көңілдіөтті. «Әдептілік мектебі» атты әдептілік сағатына №15 этикеттің тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, қонақта өздерін қалай ұстауы, келген қонақты қалай күтуге болатыны жайлыэтикеттермен таныстырды.«Дастархан басында өз-өзін ұстау» атты викторина сұрақтарына жауап берді, орта мектептің 1-ші сынып оқушылары қатысты.Кітапханашы«Әдепті сөздер» атты тақырыпта жұмбақтар шешті. «Әдепті сөздерді кім көп атайды?» атты ойынын ойнады.
Мейірімділер қаласында мейірімді сөздерді іс-қимылмен көрсету керек болды, бұл ойында балалар өздерінің белсенділіктерін танытты. Ойшыл қаласында қатысушылар "Сәлем- сөздің анасы", "Қонақта өзіңді ұстау" атты байқауда өздерінің әдептіліктерін және тапқырлықтарын көрсете білді. Келесі Кешірім қаласында олар "Әдепті- әдепсіз" ойынына аса бір қызығушылықпен қатысты.Қағаздан құрастырудан шеберлік сағатын ұйымдастыру барысында кітапханашы аппликацияның дүние жүзі халықтарының қолөнерінде алатын орнының ерекшелігін, қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі-аппликацияның бір түрі екенін айтып балаларға түсіндірді. Шеберлік сабағын өткізген «Жұлдыз» балабақшасының суретші- безендіруші Гүлнар Боранбаева жас ісмерлердің көңілкүйлерін шығармашылыққа бейімдеу үшін сабақ бойы классикалық әуен тыңдатып, бүлдіршіндер әр қағазды дұрыстап, үлкен ұқыптылықпен жапсыруларын қадағалады, көрсетті. Соңында қағаздан жапсырылған «Шұбар тауық» тамаша туындыларын кітапханаға сыйға тартты.
(№5) «Көк сандығым ашылсын, ішінен маржан шашылсын» атты әдеби жәрмеңке өтті. Балаларға кітапханашыосы кітапханада қазына бар соны іздеп табыңдар деген тапсырма берді. Бірінші балалар абанемент бөлмесіне кіріп, бірнеше викториналық сұрақтар жауап беріп, ребус шешті. Бұл ребустың шешуі «Көк сандық» болатын. Балалар осы кітапханаға көк сандық келді деп қуанып, көк сандықты іздей бастады. Балалар көк сандық оқу залында жасырынған шығар деген оймен оқу залын ашқанда оларды алдынан мыстан кемпір күтіп алды. Ол балалар менің сендерге қоятын бірнеше жұмбақтарым бар
соны шешкенде, ғана мен сендерге көк сандықты көрсетемін шеше алмасаңдаркөрмейсіңдердеді.Балалар бұлтапсырмадандасүрінбей өтті. Көк сандық толы кітапты
көрген балалардың қуанышында шек болмады. Кітапханашы балаларды көк сандықтың тарихымен таныстырып, ішіндегі кітаптарға шолу жасады. Сонымен қоса балалар ертегі кейіпкерлері болып киініп, бірнеше ойындар ойнады. Бұл іс-шара «Что за прелестьэти сказки» атты экспресс-викторинамен жалғасты. Балалар бірнеше викториналық сұрақтарға жауап берді.
«Сиқырлы шеберхана» шеберлік сағатында балалар пластик бутылкалардын ертегі кейіпкерлерін жасап шығарды. «Айсұлу» балабақшасына кішкентай бүлдіршіндерге де қызыққа батырды. Балабақша балалары ертегі айтудың шебері Ерден атайдың ертегілерін тыңдап, орыс халықының «Үйшік» ертегісі бойынша бүлдіршіндер қойылымкөрсетті. Бұдан кейін көк сандық №3 мектепке жол тартты. Мектептің 2-3 сыныпоқушыларына кітапханашы сандық ішіндегі кітаптарды таныстырып, кітаптарға шолу жасады. Осындай қызықты мерекелер балаларға қызмет көрсететін басқа да кітапханаларда .(фил.№4,№2,№3, 4) өз жалғасын тауып жатты
«Көк сандық» халықаралық жобасына белсене қатысып, балалардың өміріндегі кітаптың рөлін арттырудағы жетістіктері үшін А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы ұжымының еңбегі еленіп дипломмен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |