Нысаналы бағдарламалар және жобалар бойынша жұмыс.
|
Инновациялық формаларды енгізу
|
Қызығушылық клубтары
|
жобалар
|
бағдарламалар
|
басқа
|
ОҚБК
|
1 «Туған өлкем, қандай көркем»
2.Саяхаттаушы кітаптар
3.Библионяня
4.«Балабақшадағы кітапхана»
|
«Кітаппен жаз көңілді»
|
Акциялар
«Интеллектуалды шырша»
«Брось пустышку, возьми книжку»
|
«Шаг навстречу»
«Рауан»
«Волшебная петелька» үйірмесі
|
Ф№5
|
«Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс»
|
|
|
«Атамекен» клубы
«Күншуақ» клубы
|
Жобалар мен Бағдарламалар бойынша жұмыс
«Туған өлкем,қандай көркем!» (ОҚБК( жобасы. Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Сондықтан әр адам өзі тұрып жатқан кіші Отанының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдебиетін білуге міндетті.Бүгінгі оқырмансұранысының талабына сай, өлкенің тарихы мен ерекшеліктеріне қызығушылығынарттыру,өз Отанын, елін, туған жерін сүюге баулу мақсатында (ОҚБК)Жоба аясында сурет байқауы, «Мен өлкемді сүйемін!»интеллектуалды ойыны өткізілді.Бұнда өлкенің,қаланың тарихы, көше атаулары тарихынан сұрақтар болды, көшелерден бір белгілі орындар суретке түсіріліп, қай жерде орналасқаны жөнінде айту керек болды. Соғыс ардагері Тотаевпен бейне-интервью, күйші композитор Мағауия Хамзинның 90- жылдығына орай музыкалық сағат өткізіліп, «Сен мәңгісің, шертпе күйдің шебері» атты буктрейлер жасалды.
“Библионяня» бағдарламасы(ОҚБК) аясында кітапханаға тұрғылдықты оқырмандар 4-5 жасар балаларын 1,5-2 сағатқа қалдырып, дүкен аралап, дәріхана барып келу, немесе басқа да шұғыл жұмыстары болғанда тастап кетеді. Кітапханада болған уақытында бүлдіршіндерге кітапханашылар ертегі оқып, сурет салғызады, өздеріне арналған бұрышта ойындар ойнайды. (Шаршаған сәби анасы келгенше ұйықтап та қалады) Бағдарлама аясында кітапхана «Балапан бағы», «Ерке», «Балапан», «Фея», «Султик» т,б, журналдарды жаздырып аламыз, кітапханаға пуфиктер, стол алынды, бүлдіршіндерге арналған шкафтар алынып, «Бүлдіршіндер бұрышы» ұйымдастырылды.
«Саяхаттаушы кітаптар.(ОҚБК) 2016 жылдан бері А. Гайдар атындағы ОҚБК кітапхана қорына жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, қазіргі заман авторларын насихаттау, балалар кітапханасы мен мектеп кітапханасы, мұғалімдер ұжымы бірігіп, жас жеткіншекті кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, бос уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру мақсатында «Саяхаттаушы кітаптар. Путешествующие книги» атты бағдарламасы жүзеге асырылуда.Аталмыш кітап көрмесі әр мектептерге саяхаттап, 1 айдан соң келесі мектеп қабырғасына сапар шегіп отырды. Жоба аясында ұстаздар мен мектеп оқушыларының ұсыныстары да орындалып, сұранысқа ие болған кітаптар да жолданып отырылды.«Бәрін білгім келеді», «Ұл балалар, сендер үшін!» , «Қыз балаларға», «Табиғат ғажайыптары» т.б. бөлімдер арқылы жолданған кітаптар оқушылардың қызығушылықтарын молайтып, кітапқа деген сүйіспеншіліктері артты.
Достарыңызбен бөлісу: |