Бөлімше. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері
1
«Өркениет» түсінігі. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері.
1.2. Бөлімше. Өркениетердің жіктелуі
*
*
*
2
Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік
3
Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі. Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі
1.3. Бөлімше. Әлем өркениетерінің тарихы
*
*
*
4
Ежелгі әлем өркениеті
5
Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері
6
Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы
1.4. Бөлімше. Өркениеттердің өзара әрекеттесуі
*
*
*
7
Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық саласы
8
Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық және әскери саласы
9
Мәдениеттер диалогі
ІІ Бөлім. Этникалық және әлеуметтік процестер
*
*
*
2.1. Бөлімше. Антропогенез және этногенез
*
*
*
10
Адамның шығу тегі теориялары
11
Этностардың пайда болуы туралы теориялар Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары
12
Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта
2.2. Бөлімше. Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар
*
*
*
13
Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері
2.3. Бөлімше. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары
*
*
*
14
Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі.
Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары
ІІІ Бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан
*
*
*
3.1. Бөлімше. Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер
*
*
*
15
Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары
16
Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін
17
Саяси режимдердің типтері
3.2. Бөлімше. Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар
*
*
*
18
Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы
19
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде
20
Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары
21
Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы
22
Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
23
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері
3.3. Бөлімше. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде
*
*
*
24
Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы
25
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде
26
Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары
ІҮ Бөлім. Мәдениеттің дамуы
*
*
*
4.1. Бөлімше. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары
*
*
*
27
Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі
28
Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы
4.2. Бөлімше. Өнер – қоғам дамуының бейнесі
*
*
*
29
Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері
30
Заманауи өнердің даму тенденциялары
4.3. Бөлімше. Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары
*
*
*
31
Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы
32
Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі
33
Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі
Ү Бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері
*
*
*
5.1. Бөлімше. Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық
*
*
*
34
«Экономика» және «экономикалық жүйенің» типтері
35
Дәстүрлі аграрлы экономика
36
Нарықтық экономика
37
Жоспарлы социалистік экономика
38
Экономиканың аралас түрлері
5.2. Бөлімше. Мемлекеттің экономика лық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері
*
*
*
39
Табиғи географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы
40
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары
5.3. Бөлімше. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
*
*
*
41
Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
42
Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары
ҮІ Бөлім. Саяси-құқықтық процестер
*
*
*
6.1. Бөлімше. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
*
*
*
43
Құқықтық мемлекет түсінігі
44
Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі
45
Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы
46
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар
6.2. Бөлімше. Әлемнің қазіргі саяси жүйесі
*
*
*
47
Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі
48
Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі
6.3. Бөлімше. Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі
*
*
*
49
Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер
50
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері
ҮІІ Бөлім. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы
*
*
*
7.1. Бөлімше. Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы
*
*
*
51
Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары
7.2. Бөлімше. ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер
*
*
*
52
М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы
53
Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
54
Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші
7.3. Бөлімше. ХХ ғасырдағы – ХХI ғасыр дың басындағы көрнекті саясаткер-реформаторлар
*
*
*
55
Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы
56
Франклин Делано Рузвельт және оның «жаңа бағыты
57
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы
58
Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы
59
Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: «үшінші әлемнен бірінші әлемге»
60
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі
ҮІІІ Бөлім. Білім мен ғылымның дамуы
*
*
*
8.1 Бөлімше. Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде
*
*
*
61
Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері
62
Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін
63
Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні
8.2. Бөлімше. Ғылыми-техникалық прогресс
*
*
*
64
Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері
65
Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары
8.3. Бөлімше. Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар
*
*
*
66
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
67
Қазіргі ғылымның перспективті салалары
Пән бойынша барлығы
60
37
23
Оқу нәтижелері және бағалау критерийлері
№
Бөлім атауы
Бөлім мазмұны
Оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Өркениет: даму ерекшеліктері
Өркениет:
«Өркениет» түсінігі. «Өркениет» түсінігін зерттеудегі негізгі тәсілдері.Зерттеудің теориялары мен тәсілдері.
Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік
Өркениеттің дәстүрлі (аграрлы) түрі: отырықшы-егіншілік, көшпелі.
Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі. Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі
Өркениет дамуының индустриалдық және постиндустриалдық кезеңдері. Қазіргі заманғы өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың ықпалы. Әлем өркениеттерінің тарихы.
Ежелгі әлем өркениеті
Ежелгі әлем өркениеттері (Ежелгі Египет, Ежелгі Месопотамия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим).
5-тақырып: Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері
Африка (бушмендер, нубийлер, Гана, Мали, Сунгай), Америка (майя, инктер, ацтектер) және Австралия мен Океанияның (полинезиялық, Таити аралының тайпалары, гавайлықтар) дәстүрлі өркениеттері.
Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы
Ежелгі діни наным-сенімдер (синтоизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, манихейлік, даосизм). Ежелгі философиялық ілімдер (Платон, Сократ, Аристотель, Конфуций, Лао Цзы). Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы (буддизм, христиандық, ислам). Қазіргі заманғы әлемдік діндердің даму тенденциялары. Қазіргі заманғы деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар. Өркениеттердің өзара әрекеттесуі
Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық саласы
Өркениеттердің сауда-экономика саласындағы өзара әрекеттесулері (Ұлы жібек жолы, халықаралық ұйымдар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО)және тағы басқалар).
Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық және әскери саласы
Өркениеттердің дипломатиялық саладағы өзара әрекеттесулері. Дипломатия өркениеттердің өзара жақындасу факторы ретінде. Өркениеттердің өзара әрекеттесуінің әскери-саяси аспектісі (жаулаушылық соғыстар, отарлық экспансия, әскери-саяси одақтар, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыс, жергілікті қақтығыстар, этносаралық қақтығыстар).
9-тақырып: Мәдениеттер диалогі
Мәдениеттер диалогі (мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалдары).
Әлем өркениеттерінің тарихы мен олардың өзара әрекеттесуін түсіндіру.
Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолданады;
Ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтайды;
Ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтайды.
Әлем өркениеттері мен діндердің даму тарихын, ерекшеліктерін сараптау.
Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдайды;
Әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіреді;
Қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын талдайды;
Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау
Өркениеттерді жақындастыру факторы ретінде дипломатияның маңызын жүйелейді.
Адамзат тарихындағы жаулап алушылық жорықтар, отаршыл экспансия және жаһандық мәселелердің себептерін, байланысын бағалау.
Ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін, отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтайды;
Қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларынталдайды;
Жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін қорытындылайды.
Этникалық және әлеуметтік процестер
Адамның шығу тегі теориялары
этникалық және әлеуметтік процестер: Антропогенез және этногенез. Адамның пайда болуы туралы теориялар (діни, ғарыштық, эволюциялық).
Этностардың пайда болуы туралы теориялар Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары
«Этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдары. Этностардың пайда болуына байланысты теориялар.
Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта
Әлемнің этникалық картасы: өткен заман және қазіргі уақытта (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен ыдырауы, «ұлттық сана», этностардың ассимиляциясы, шағын этностардың проблемалары). Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары.
Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері
Ұлтаралық қатынастар: мәселелер және қарама-қайшылықтар. Ұлтаралық қақтығыстардың себептері мен салдарлары (ұлтшылдық, шовинизм, нәсілдік кемсітушілік, нацизм). Этностардың бейбіт өзара әрекеттесуінің тәсілдері (халықаралық интеграция, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа Одағы (ЕО), Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы(ТҮРКСОЙ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО), Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ), Қазақстан халқы Ассамблеясы және тағы басқалар).
Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары
Социогез туралы теориялардың әртүрлілігі (формациялық тәсіл, өркениеттік тәсіл және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары (қоғам ұйымдасуының қандық-туыстық, көршілік-аумақтық, макроэтникалық қағидалары). Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
1) Антропологиялық, этникалық және әлеуметтік үдерістердің байланыстарын анықтау.
Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ,«социогенез», «формациялық әдіс», «өркениеттік әдіс» ұғымдарын қолданады;
Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын түсіндіреді.
ұлтаралық қатынастардың сипатын, интеграциялық процестердің тиімділігін негіздеу.
Тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын түсіндіреді;
Қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін салыстырады ;
Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін талдайды;
Этникалық және мәдени
әртүрлілікті, антропогенездің әртүрлі теорияларын тұжырымдау.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттейді;
Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
Мемлекет. Саяси билік. Саяси институт. Мемлекет формаларының типологиясы. Мемлекеттің пайда болуының теориясы.
Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін
Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер. «Мемлекет», «билік», «басқару институты» ұғымдары. Мемлекеттің пайда болу теориялары (Аристотель, Платон, Конфуций, Ф. Аквинский, Н. Макиавелли, Дж. Локк, Т. Гоббс,
Т. Джефферсон, Ф. Энгельс және тағы басқалар). Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін (монархия, республика, теократиялық мемлекеттер).
Саяси режимдердің типтері
Саяси режимдердің типтері (тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық). Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери - саяси оқиғалар.
Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы
Антикалық дәуірдегі әлемдік империяларының қалыптасуы (Парсы империясы, Александр Македонский империясы, Рим империясы).
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары Батыс Рим империясының ыдырауы мен антикалық кезеңінен орта ғасырларға көшу процесінің бір факторы ретінде.
Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары
Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары (Араб халифаты мен кресшілер мемлекеттерінің құрылуы мен ыдырауы).
Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы
Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат).
Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері (капиталистік дамудың жеделдетілуі, Еуропада либералдық әлеуметтік идеялардың таратылуы).
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері
Дүниежүзілік соғыстар және халықаралық қатынастар жүйесі: Версаль - Вашингтон, Ялта - Потсдам жүйелері. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде.
Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы
Буржуазиялық революциялар индустриалды қоғам қалыптасуының катализаторы ретінде (XVII ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясы, XVIII ғасырдағы Француз буржуазиялық революцияы, АҚШ-ғы тәуелсіздік үшін соғыс, Еуропадағы 1848 жылғы «ұлттар көктемі»).
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды тәсілі ретінде (1917 жылғы Қазан Социалистік революциясы, Қытайдағы 1946-1949 жылдардағы Азаматтық соғыс, 1959 жылғы Куба революциясы). Социалистік революциялар нәтижесіндегі қоғамдық құрылымының өзгеруі.
Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары
Қазіргі заманның революциялары: себептері мен салдарлары (Шығыс Еуропадағы 1989-1990 жылдардағы «барқыт революциясы», Таяу Шығыстағы 2010-2011 жылдардағы «Араб көктемі», бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі «түрлі-түсті революциялар»). Қоғам проблемаларын революциялық жолмен шешудің салдарлары.
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар мен буржуазиялық революциялардың себептері мен салдарларын тұжырымдау.
Тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолданады;
Тарихи құжаттарды талдау негізінде - бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын айқындайды;
Буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді саралайды.
1) Антика дәуіріндегі империялардың, араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының және моңғол шапқыншылығының себептері мен салдарын салыстыру, пікір білдіру.
Мемлекеттердің тарихи формаларына тән белгілерін анықтайды;
Тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін жүйелейді;
Антика дәуірінде империялардың пайда болуының себептері мен салдарларын негіздейді;
Дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтайды;
Моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдайды.
1) Тарихи дамудың заңдылығын, революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау.
Тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдайды;
Революциялардың жағымды және жағымсыз салдарын анықтайды;
Қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасайды.
Мәдениеттің дамуы
Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі
Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалуға бағытталған ЮНЕСКО-ның қызметі. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының тізімі.
Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы
Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы (Эрмитаж, Лувр, Британ мұражайы, Метрополитен, Жапония Ұлттық мұражайы, Египет мұражайы, Уффици галереясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы және тағы басқалар). Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау барысындағы мұражайлардың рөлі. Өнер – қоғам дамуының көрінісі.
Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері
Тарихи процестер аясындағы өнердің бағыттары мен стильдері (абстракционизм, модернизм, постмодернизм, авангардизм, футуризм, кубизм, сюрреализм, экспрессионизм, гиперреализм, хайтек стилі және тағы басқалар). Өнердің бағыттары мен стильдерінің дамуына қоғамдық процестердің тигізетін әсері.
Заманауи өнердің даму тенденциялары
Қазіргі кездегі өнердің даму тенденциялары. Бұқаралық мәдениет және оның қазіргі қоғамға тигізетін әсері (кино, радио, теледидар, интернет, спорт, музыка, қазіргі заманғы әдебиет, қазіргі заманғы бейнелеу өнері). Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары.
Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы
Жалпыадамзаттық моральдық құндылықтардың қалыптасуы (діни және философиялық идеялар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, фольклор, дәстүрлі музыка мен әдебиет, отбасылық құндылықтар).
Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі
Тарихи оқиғалар аясындағы құндылықтардың өзгеруі (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы). Қоғамның адамгершілік құндылықтарды қайта бағалауына ықпал еткен ХХ ғасырдың тарихи оқиғалары.
Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі
Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі (прагматизм, рационализм, шектен тыс дарашылдық, нигилизм, конформизм, әлеуметтік апатия, тұтынушылық психология, діни фанатизм, неофашизм, бейресми жастар ұйымдары).
1) Тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын,әлем мұражайларының ерекшеліктерін, құндылықтарын айқындау.
Қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракцианизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолданады;
ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіреді;
Әлемнің ең ірі мұражайларының ерекшеліктерін анықтайды.
1) Көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру.
Әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдайды;
Бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін, оның қазіргі қоғамға әсерін негіздейді;
Қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын салыстырады.
1) XX ғасырдың тарихи оқиғаларының себеп салдарын, байланыстыру, ерекшеліктерін анықтау.
Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін талдайды;
Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін қорытындылайды.
Өркениет: даму ерекшеліктері
«Экономика» және «экономикалық жүйенің» типтері
Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық. Экономика және экономикалық жүйелердің типтері («экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдары). Елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктері.
Дәстүрлі аграрлы экономика
Дәстүрлі (аграрлық) экономика.
Нарықтық экономика
Нарықтық экономика (либералды экономика).
Жоспарлы социалистік экономика
Жоспарлы (социалистік) экономика.
Экономиканың аралас түрлері
Аралас экономика. Табиғи және географиялық факторлардың мемлекеттердің экономикалық дамуына тигізетін әсері.
Табиғи географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы
Табиғи және географиялық факторларға байланысты елдердің экономикалық мамандандырылуы (Парсы шығанағы елдері, Канада, Австралия, Түркия, Бразилия және тағы басқалар).
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары (Жапония, Израиль, Сингапур, Малайзия және тағы басқалар).
Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі. Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі.
Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттердің біркелкі емес экономикалық даму мәселелері (бұрынғы отарлардың экономикалық дамуы, неоколониализм, шикізатқа бағытталған экономикалар). Мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлі.
1) Экономикалық жүйелердің тарихи типтерін, табиғи-географиялық фактордың әсерін анықтау, қазіргі кезеңдегі әлем елдерінің экономикалық жіктелуін зерттеу.
Мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолданады;
Әртүрлі мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін талдайды;
Экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіреді.
1) Нарықтык экономиканың ерекшелігін саралау, табиғи-географиялық фактордың маңызын, рөлін бағалау.
Әртүрлі елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән ерекшеліктерді талдайды;
Мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық фактордың рөлін негіздейді;
Мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуын салыстырады.
1) Аралас экономиканың ерекшелігін және дамушы мемлекеттердің, аймақтардың артта қалушылығына көмектесудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау.
Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін талдайды;
Қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдайды;
Мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін зерттейді;
Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжайды.
Саяси-құқықтық процестер
Құқықтық мемлекет түсінігі
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтық мемелекет ұғымы, принциптері мен қалыптасуының тарихи алғышарттары (мемлекеттік билікті бөлу принципі, заңның үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі).
Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі
Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі (Адам мен азаматтың құқықтары туралы декларациясы, АҚШ-тың тәуелсіздік туралы декларациясы, АҚШ-та құлдықты жою туралы Заң, Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы).
Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы
Азаматтық қоғамның түсінігі мен жалпы сипаттамасы (Үкіметтік емес ұйымдар, лоббизм, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар).
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар
Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің қазіргі заманғы даму тенденциялары. Үкіметтік емес ұйымдар және олардың азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі.
Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі
Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі.
Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі
Халықаралық қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесінің ыдырау себептері. Әлемнің биполярлы жүйесінің ерешеліктері. Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі. «Постбиполярлы жүйе», «көпвекторлы саясат», «бірполярлы әлем» ұғымдары. Халықаралық қатынастардың қазіргі замандағы тенденциялары.
Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер
Қазіргі кезеңдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі. Халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі кездегі қауіп-қатерлері (сепаратизм, ланкестік, фундаментализм, экстремизм, босқындар мәселесі, ірі мемлекеттердің қарсыласуы).
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттердің бірлескен әрекеттері. Халықаралық және аймақтық ұйымдары: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), НАТО, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК), Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) және тағы басқалар.
Әлемнің қазіргі саяси жүйесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
бағытындағы мемлекеттердің саяси дамуын болжау.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғышарттарын зерттейді;
Саяси-құқықтық процестер мен қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам «постбиполярлық жүйе», «көпвекторлы саясат», «бір полярлы әлем» ұғымдарын қолданады;
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтайды;
1) Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру.
Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «азаматтық қоғам» ұғымын қолданады;
Азаматтық қоғамның қалыптасуын, адам құқықтарының Жалпы Декларациясын талдайды;
Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін айқындайды.
1) Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау.
Тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын түсіндіреді;
Қауіпсіз әлем дамуының ықтимал жолдарын болжайды;
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін тұжырымдайды.
Қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары
Жаңа замандағы және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы. Жаңа замандағы және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары (либерализм, ұлтшылдық, социал-демократия, марксизм, экзистенциализм, прагматизм, позитивизм).
М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы
ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер. Бостандық пен азаматтық құқықтар үшін күрес. М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы (сатьяграха, свараджа, свадеши).
Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы (нәсілдік кемсітушілік, сегрегация, азаматтық құқықтар үшін күрес).
Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші
Н. Манделла – апартеидке қарсы күресуші (апартеид, азаматтық құқықтар).
Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы
ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың басындағы көрнекті саясаткер-реформаторлар. Мемлекет тархындағы тұлғаның ролі. Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушысы (зайырлы мемлекет, этатизм).
Франклин Делано Рузвельт және оның «жаңа бағыты»
Франклин Делано Рузвельт және оның «жаңа бағыты». Ф. Рузвельттің бейбіт және соғыс кезіндегі ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктері.
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта өрлеуі (голлизм, Бесінші республика).
Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы
Дэн Сяопин - көрнекті Қитай реформаторы («қытайлық ерекшелігі бар социализм», «бір ел – екі жүйе»).
Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: «үшінші әлемнен бірінші әлемге»
Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад: «үшінші әлемнен бірінші әлемге» («экономикалық ғажайып», «азиялық серпініс», жаңа индустриалды елдер).
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі
Н. Ә. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі. «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» даму стратегиялары, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы. Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығы. Тарихтағы тұлғаның рөлі.
Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын,
қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлін бағалау.
Қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын пікір білдіреді;
XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттейді;
Қоғамдық ойдың дамуын «либерализм», «ұлтшылдық», «социал-демократия», «марксизм», «экзистенциализм», прагматизм», «позитивизм»,
«гандизм», «нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолданады;
Қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі туралы қортындылар жасайды.
1) Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық саяси ойдың дамуы, ХХ және ХХІ ғасырдың көрнекті саясаткер-реформаторлар туралы баяндау.
Тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «этатизм», «зайырлы мемлекет» ұғымдарын қолданады;
Мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлін негіздейді;
Мемлекеттер тарихындағы
Ф. Рузвельт, Ш.Голль, М.Ататүрік, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммадтың ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін түсіндіру;
ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдайды;
Тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы «экономикалық ғажайып» факторларын саралайды.
1) Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін, еліміздің стратегиялық бағдарламаларының негізгі бағыттарын тұжырымдау.
Қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалайды;
«Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін зерттейді;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін дәлелдейді;
Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын қорытындылайды.
Білім мен ғылымның дамуы
Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері
Білім алу жалпы адамзаттық құндылық ретінде. Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері (пиктография, иероглифтер, сына жазу, руникалық жазу, кітап бастыру және тағы басқалары).
Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін
Мектептегі білім беру: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін (гимнасия, палестра, академия, спарталық мектеп, схоластика, жеті «еркін өнер», мектебтер, медреселер, жексенбілік мектептер, қолөнер мектептері және тағы басқалар).
Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні
Мектептегі білім берудің заманауи модельдері. Жоғары білім беру жүйесі: тарих пен қазіргі кезең (Кордова, Прага, Оксфорд, Кембридж, Сорбонна университеттері және тағы басқалары). Ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлі. Жоғарғы білім берудің заманауи модельдері.
Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері
Ғылыми-техникалық прогресс. Ғылыми-техникалық прогрестің тарихи кезеңдері. «Өнеркәсіп төңкерісі», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдары. Қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау.
Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары
Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Қазіргі кездегі ғылыми технологиялар.
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсері.
Қазіргі ғылымның перспективті салалары
Қазіргі ғылымның перспективалық салалары (робототехника, космонавтика, гендік инженерия және тағы басқалар). Жаһандану жағдайындағы ғылым мен техниканың перспективті салалары.
Әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының нәтижесін талдау.
Тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктейді;
Мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолданады;
Әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
1) Білім құндылығы, ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми технологиялардың дамуын болжау.
Адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттайды;
Мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлі анықтайды;
Мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін салыстырады;
Ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін айқындайды.
1) Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын тұжырымдайды.
Қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттейді;
Қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын түсіндіреді;
Ғылыми-техникалық революцияның маңызын, рөлін бағалайды;
Адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжайды.
Әдебиеттер және оқу құралдарының тізбесі
Негізгі әдебиеттер: Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов. Дүниежүзі тарихы (1914-1945 жж): 10-сыныбына арналған оқулық / К.Қожахметұлы. – Алматы,2014
Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11 –сыныбына арналған оқулық. 1 – Бөлім (Жоба)// http://expert.mektep.kz/ru/shop/217159-11_klass/217173-dnijezhz_tarihy_11_og_1_blm/1
Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11 –сыныбына арналған оқулық. 2 – Бөлім (Жоба)// http://expert.mektep.kz/ru/shop/217159-11_klass/217193-dnijezhz_tarihy_11_og_2_blm/1
Р.Р.Қайырбекова , С.В.Тимченко, З.А.Джандосова. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10 – сыныбына арналған оқулық. 1 – Бөлім. –Алматы: Мектеп, 2019 // http://expert.mektep.kz/ru/shop/120670-10_klass_og/121083-dnijezhz_tarihy_10/1
Р.Р.Қайырбекова , С.В.Тимченко, З.А.Джандосова. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10 –сыныбына арналған оқулық. 2 – Бөлім. –Алматы: Мектеп, 2019 // http://expert.mektep.kz/ru/shop/120670-10_klass_og/121085-dnijezhz_tarihy_10/1
Садықов, Р.Қайырбекова, С.Тимченко. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. - Алматы, 2011
Қосымша әдебиеттер: Б.З.Бөжеева. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы оқу құралы –Алматы: Қазақ университеті, 2010
Ғ.С. Сапарғалиев, A.Ибраева . Мемлекет және құқық теориясы. – Астана: Фолиант, 2014
Дүние жүзі тарихы: Энциклопедия. - А.: Фолиант, 2015
Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. -А.: Өнер, 1996
Н.Ә.Назарбаев. Сындарлы он жыл. -А.: Атамұра, 2001
Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. -А.: Атамұра, 1992
Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздікке бес жыл. -А.: Қазақстан, 1996
Н.Қалиұлы. Өнегелі өмір. -А.: Қазақ университеті, 2019
О.С.Локтионова. Дүние жүзі тарихы. – Алматы: Мектеп, 2011
С. Мажитов, Г. Асанбекова. Дүниежүзі тарихы. Электрондық оқулық. 11-сынып./С. Мажитов, Г. Асанбекова, Г. Нургалиева, А. Тажигулова, Р. Далбаева, Д. Нукеров. 2017. Баспасы: Ұлттық ақпараттандыру орталығы
С.М.Мәшімбаев. Еуропа және Америка елдерінің Қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) оқу құралы –Алматы: Қазақ университеті, 2004
Т.И.Сұлтанов. Алтын Орда. -А.: Мектеп, 2016
Оқу құралдары: Интерактивті тақта;
Мультимедиялық проектор;
Дербес компьютер, ноутбук, смартфон;
Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар;
Сандық білім беру ресурстары:
«Duolingo» сайт
«Memrise» портал
«Udemy» сайт
«edX» сайт
«Coursera» сайт
«Skillshare» сайт
«Лекториум» сайт
«Универсариум» сайт
Дүниежүзі тарихы. bilimger.kz порталы //https://bilimger.kz/category/dunie-zhuzi-tarihy/
Қазақстан тарихы порталы.// https://e-history.kz/kz/