Пәннің негізгі мақсаты білімалушыларды дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін тереңдете және жан-жақты оқытуын қамтамасыз ету негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
2) тарихи кезеңдер бойы адамзат қалыптастырған патриотизмді, толеранттылықты, гуманистік ғұрыптар мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
3) әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
4) оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
5) тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларын қолдана білу қабілетін дамыту;
8) коммуникативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;
оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
нақты деректер мен дәйектерге негіздей отырып, пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгертуге.
Жұмыс берушілердің талаптары мен жергілікті жағдайларға байланысты аймақтық компонентін енгізу арқылы бөлімдер мен тақырыптар тізімін тереңдету және кеңейту мақсатында өзгертуге болады.
Дүниежүзі тарихын «Қазақстан тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерімен байланыстыра отырып, тарихқа қызығушылық таныту, тарихи санасын көтеруге ықпал жасайды. Пәнаралық байланыс арқылы білім алушы коммукативтік дағдыларын дамытып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білуді, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану дағдысын қалыптастыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |