қабырғасымен не жұдырығымен жәйләп үстінен ұрады. Пациент ауырсыну сезсе, симптом оң болып саналады, Пастернацкий симптомы деп аталады. Пастернацкий оң симптомы тынжытаста, пиелонефритте, паранефритте, миозитте, радикулитте анықталады. Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерістері Науқастың шағымдары 1.Беттің домбығып, ісінуі көбінесе таңертең ұйқыдан кейін 2.Дизуриялық өзгерістер (зәрдің шығуының, мөлшерінің өзгеруі) 3.Бел маңайының ауырсынуы, жыныс мүшелеріне әсерін тигізуі 4.Дене қызуы көтеріліп, улану белгілерінің білнуі 5.Бастың ауыруы, көз қабілетінің нашарлауы
Ауыру анамнезі 1.Әсер ететін факторлар, ауруға әкеліп соққан себептер 2.Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері 3.Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері 4.Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері