«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет126/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Өзін-өзі тану» пәні

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-11-сыныптардағы базалық мазмұны төрт негізгі тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы өмір», «Адамзат әлемі».



Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 34 сағат.

Оқушылардың білімін бағалау. Рухани-адамгершілік білім беру ерекшеліктеріне сәйкес сандық бағалау емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысы бойынша «сынақ» деген баға қойылады. Оқушы бағдарламада көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын және ұзақмерзімді жобаны орындаса, оған «сынақ» деген баға қойылады.



Өзін-өзі тану сабағының жоспарын құру бойынша әдістемелік ұсынымдар қосымшада берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет