«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет157/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
696 8178 22929, ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1), 5 тапсырма, Дәріс 2; 2 апта, зж2
ҚОСЫМШАЛАР
1-қосымша

Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?

Kundelik жүйесіне кіру және жаңа парақшаларды тіркеу үшін (пайдаланушы аты және құпиясөз) ата-аналар мен оқушылар сынып жетекшісіне жүгінулері керек. Егер деректерді мектеп қызметкері жоғалтқан болса, онда қолжетімділікті қалпына келтіру үшін жүйеде деректерді толтыру бойынша жауапты тұлға болып табылатын қызметкерге, яғни мектеп әкімшісіне немесе kundelik.kz сайтының қолдау қызметіне team@kundelik.kzпоштасына немесе 8 (727) 313 1832 телефон нөміріне жүгінуі қажет.
Неге пайдаданушы жүйеде көрсетілген өз аты-жөнін өзгерте алмайды және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады?

Пайдаланушылардың аты-жөнін, туған күнін және жынысын өңдеу құқығының болмауы Kundelik жүйесінің көмегімен оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер туралы статистиканы автоматты түрде жинаумен байланысты. Бұл білім беру саласындағы электрондық құжат айналымының мәні. Берілген ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету үшін жеке деректерді өңдеу құқығы келесі құқықтарға ие мектеп әкімшісінде ғана бар:

  • әкімші;

  • сынып жетекшісі.

Осы мәселе бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда kundelik.kz сайтының қолдау қызметіне team@kundelik.kzпоштасына немесе 8 (727) 313 1832 телефон нөміріне жүгінуі қажет.
Бағаларды, үй тапсырмасын және кестені қалай көруге болады?

Оқушы навигациялық жолақта оқу ақпаратына көшу үшін экранның жоғарғы бөлігінде «Мектеп» – «Күнделік» бөлімін таңдау қажет. Ата-ананың осы навигациялық жолағында «Балалар» бөлімі бар. Осы сілтемені басқанда, ол барлық деректер жиналған бетке түседі. «Күнделік» сілтемесі арқылы келесі ақпаратты көруге болады:

  • сабақ кестесі (әдепкі бойынша ағымдағы апта көрсетіледі);

  • күнделік (ауызша, қатысу туралы белгілерді және кері байланыс туралы ақпаратты қоса алғанда, алынған бағалар туралы ақпарат);

  • үй тапсырмалары (таңдалған уақыт аралығында берілген үй тапсырмалары туралы ақпарат);

  • әлеуметтік бөлім (сынып қатысушылары, оқиғалар, достар, топтар және жетістіктер туралы ақпарат).


Мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының мәліметтерін жүйеге қалай жаппай енгізу керек?

Мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының мәліметтерін жүйеге импорттауға болады, бұл қызметкерлердің мектеп парақшасын толтыру уақытын үнемдейді. Қажетті үлгілері бар парайдаланушыларды импорттау бойынша нұсқаулық қолдау қызметінің порталында «Әкімшілерге арналған» бөлімінде орналасқан.
Егер журналдан бағалардың жоғалуы анықталса, не істеу керек?

Журналдағы бағалар сақталмауымен байланысты бірнеше себептер бар:

  • мектеп әкімшісімен, пән мұғаліммен, мұғалім-редактормен, сынып жетекшісімен журналдардан әдейі немесе бағалар кездейсоқ жойылды;

  • мектеп әкімшісімен кездейсоқ немесе әдейі сабақ кестесінің жоюын өндірілді;

  • баға қою кезінде Internet Explorer браузер қолданылды;

  • мектептің бағалау жүйесі мәжбүрлеп өзгертілген;

  • КТЖ жариялаудан алып тасталынған болса.

Осындай оқиғаларды болдырмау үшін сақтық көшірмесін журналдың айына кем дегенде бір рет түсіруге және әкімшілік құқығын үш қызметкеріненартық тағайындамау ұсынылады. Мектеп директоры немесе меңгерушісі Kundelik жүйесінің әкімшісін(-лерін) мектеп қызметкерлерінің тізімінен кімді тағайындау туралы шешім қабылдайды. Әкімші мектептің қажеттіліктері үшін Kundelik жүйесінің алдын-ала орнатылуына жауап береді, бірақ мектеп мұғалімдерінің журналдарды толтыруына және жүргізуіне жауап бермейді. Әрбір пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі электрондық журналды өз бетінше толтырады және сапалы және уақтылы жүргізеді.
Kundelik жүйесіндегі жұмыс үстелі - мұғалімнің басты құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет