«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет54/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

3.3 Негізгі орта білім беру деңгейі


Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру.

Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:

1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;

2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;

3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;

4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;

5) сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын;

6) қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығы қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде білім алуға басымдық беріледі.




  • Негізгі орта білім беру білім алушылардың ғылымның базистік негіздерін меңгеруін, олардың бойында жоғары рухани-адамгершілік мәдениет пен тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін дарытуды, жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі тануын, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды, бейіналды дайындықты іске асыруды қамтамасыз етеді.

  • 5-8-сыныптарда «Жол жүру ережелері» оқу курсы сынып сағаттарының есебінен және сыныптан тыс уақытта сынып журналының жеке бетінде сабақ тақырыбы мен кҥні көрсетіле отырып, әр сыныпта 10 сағаттан жҥргізіледі.


Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:

1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;

2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті;

3) шетел тілі;

4) көркем еңбек;

5) информатика;

6) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет