2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Музыка» оқу пәні, 5-6 - сыныптар



Pdf көрінісі
бет137/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Музыка» оқу пәні, 5-6 - сыныптар
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының Негізгі орта білім 
беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады (
Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25» қазандағы № 545 бұйрығына 
20-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 115 бұйрығына 210-қосымша). 
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды. 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
5-сыныптағы «Музыка» пәнінде қазақ халқының ұлттық құндылықтары 
(күй, айтыс, тұрмыс-салт әндері) таныстырумен ғана шектелмей, 


245 
театрландырылған сабақтар өткізу ұсынылады. Пәнге деген қызығушылықтарын 
арттыру үшін интерактивті тақталарды қолдану арқылы өткен тақырыптарды 
қорытындылау ұсынылады. 
6-сыныптағы «Музыка» пәнінде білім алушының музыкалық танымын, ой-
өрісін кеңейту үшін музыка тарихына, әдебиетіне ерекше назар аудару, ән 
орындаудан көрі, музыка тыңдау, талдау, аспапта ойнау бөлімдеріне баса мән 
беру ұсынылады.
«Музыка» пәні аясы шеңберінде домбыра тартып үйрену сабағын енгізу 
ұсынылады, сабақ барысында білім алушылар қазақ күй өнерінің тарихымен, 
күйші-дәстүрлі әншілердің шығармашылығы жайлы мәліметтермен қатар, 
домбыра аспабының шығу тарихы мен құрылымымен тереңірек танысып, 
аспапты тартып үйренеді. Нәтижесінде білім алушы бірнеше күй мен әнді 
меңгеріп шығады.
6-сыныптан кейін домбыра тартып үйренуді жалғастыруға ниетті білім 
алушылар жоғарғы сыныптарда вариативті компоненттер сағаттары есебінен 
оқуларына болады.
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың санын негіздеу 
және ұсыну 
«Музыка» пәні бойынша 1-6 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін 
бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім 
алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды 
аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (
Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 
16-тармағына өзгерістер мен толықтырулармен). 
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. 
Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет