129
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу
бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде емес) ерекшеліктері оқу мақсаттары
жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар
беріліп, оқу мақсатттарына өзгерістер енгізілген.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз
байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін
жетілдіруді
және
дүниетанымдық
дағдыларын
кеңейтуді
көздейді.
Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының
материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін
құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ
әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде
қолдана білуге үйретеді
.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні
бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары
СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1)
негізге ала отырып айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: