318
Мектептің негізгі мақсаты мен міндеттері:
1) жасы отызға жетпеген сотталғандардың бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімді міндетті алуы;
2) отыз жастан асқан сотталғандардың қалауы бойынша жалпы орта білім
алуы.
Мектеп қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп Жарғысымен және
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығымен(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2021ж. 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) бекітілген
«Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларымен»
айқындалады.
Мектепке негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар білім
туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Қабылдау
түзеу
мекемесінің
басшысымен
келісілген
Мектеп
директорының бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды толықтыру оқу жылы
бойы жүргізіледі.
Білім алушылардың міндеттері Мектеп Жарғысымен және Түзеу
мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
Мектептің педагогикалық ұжымы:
1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға
толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды
қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді;
2) сотталғандарды ұстау режимінің талаптарын ескере отырып, оқу
жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;
3) білім алушыларға сабақтарға дайындалуына, өз бетінше білім алу
әдістерін меңгеруіне, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың рухани-
адамгершілік тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына
көмек көрсетеді;
4) мекеме әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы
жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;
5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде
белгіленген сотталғандармен өзара қарым-қатынасты сақтауын қамтамасыз
етеді;
6) оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің
сақталуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: