170
7. Білім алушыларды «Жаратылыстану» пәні бойынша сайыстарға,
конкурстарға дайындау және т.б.
8 Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
«Жаратылыстану» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
ерекшеліктері бастауыш сыныптағы «Адам - Табиғат - Қоғам» тарауларындағы
алған білімдерінің негізінде қоршаған орта түсінігін, экологиялық мәдениетті
қалыптастыруға болады. Табиғаттағы құбылыстарды, үрдістерді жаратылыстану
ғылымдар бағытында қарастыратын маңызды пәннің бірі.
«Жаратылыстану» пәнін оқытуда білім алушылардың жоғары сыныптарда
оқытылатын «Химия», «Физика», «Биология» пәндері туралы түсінігі
қалыптасады.
Білім алушының бойында жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның
алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен
«адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтар
меңгерілген жағдайда жаратылыстану ғылыми көзқарасы бар тұлға
қалыптасады.
Пәннің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш басты бағытын көрсетуге
болады: оқу материал мазмұнын іріктеу; сабақ құрылымын жетілдіру; қарым-
қатынасты ұйымдастыру.
Жаратылыстану пәнінің тақырыптары арқылы ұлттық құндылықтар
аясында патриоттық тәрбие мәселелері қарастырылады.
Оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға құндылықтар арқылы тәрбие беруді
қалыптастырудағы
өлкетану
компонентті
қосымша
қамту
негізінде
жаратылыстану пәні география, биология пәндерімен тығыз байланысты.
Білім алушыларды болашақ мамандығын және әлеуметтік рөлін таңдауға
көмектеседі және олардың жалпы мәдениетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: