2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ



Pdf көрінісі
бет127/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

19. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ 
ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-11 сыныптар 
1. 
Жалпыға міндетті білім беру стандартында «Дене шынықтыру» 
оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартына 2-қосымшаның 23-24-тармағына сәйкес 1-4-сыныптарда 
«Дене шынықтыру» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. 
«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы 
дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; 
саламатты өмір салты мәдениетін дарытуға; дене шынықтырудың адам 


228 
өміріндегі рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық 
спорт түрлері туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің 
денсаулығын нығайту үшін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, 
ойын және жарыс қызметі жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас 
жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартына 3-қосымшаның 36-37-тармағына сәйкес «Дене 
шынықтыру» 5-9-сыныптарда міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. 
«Дене шынықтыру» білім беру саласының мазмұны денсаулықты 
нығайтуға, негізгі дене бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік 
мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс 
тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық 
жаттығулар арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-
сауықтыру іс-әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз 
бетінше ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің 
техникалық қимылдарымен амалдарын меңгеруге; патриоттық сезімге, өз 
Отанын сүюге және рухани ерік-жігер қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталады. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 4-қосымшасының 23-тармағының 7-тармақшасына; 38, 
44-тармақтарына сәйкес 10-11-сыныптарда «Дене шынықтыру» міндетті оқу 
пәні ретінде оқытылады. 
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың 
міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан 
күтілетін 
нәтижелерге 
сәйкес 
әзірленетін 
оқу 
бағдарламаларымен 
нақтыланады.
«Дене 
шынықтыру» 
оқу 
пәнінің 
мазмұны: 
қимыл-қозғалыс 
белсенділігінің заңдылықтары, спорттық дайындық, дене тәрбиесімен 
шұғылданудың болашақ еңбек жолындағы маңызы, әскер қатарында қызмет 
етуге дайындау туралы білім көлемін кеңейтуді; білім алушының жасына және 
жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес ағзаның қызмет ету қабілеттерін 
жоғарылатуды; спорттың негізгі түрлері бойынша техникалық және тактикалық 
әрекеттер мен тәсілдерді жетілдіруді; дене шынықтыру-сауықтыру және 
спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінің дербес және ұжымдық түрлерінің 
құзыреттілігін дамыту, белсенді демалыс және спорттық жарыстарды 
ұйымдастырудың шығармашылық дағдыларын дамытуды; жеке тұлғаның өзін 
шынайы бағалауын, адамгершілік сананы, өмірлік көзқарасты, ұжымшылдықты 
қалыптастыру, 
мақсаткерлік, 
батылдық, 
ұстамдылық, 
табандылықты 
дамытуды; спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті дамытуға және 
қалыптастыруға жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс. 
«Дене шынықтыру» оқу пәні білім алушыларға пән бойынша алған білім, 
біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; қимыл-қозғалыс 


229 
құзыреттілігі мен дене дамуларын жақсарту қажеттілігін бағалауға
адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әділ ойын мен үздіксіз өздік дамуды 
сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның 
денелік және энергетикалық жүйесіне дене жаттығуларының әсер ету 
дәрежесін, өздік дене дамуы және қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейі, ағзаның 
қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға;, қиындықтарды 
жеңуге мүмкіндік береді. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы «Дене шынықтыру» оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес 
білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу 
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу 
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Бастауыш және негізгі білім беру деңгейінде оқытылатын «Дене 
шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 
үлгілік оқу 
жоспарының
оқу түріне байланысты 19.1, 2-кестелерде көрсетілген. Жалпы орта 
білім беру деңгейінде «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспары 
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
және 
жаратылыстану-математикалық
бағыттары бойынша 19.3-кестеде берілген. 
«Дене шынықтыру» пәні топтарға бөлінбей оқытылады.
19.1-кесте. 1-4-cыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген 
оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары 
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
Инварианттық компонент 

Дене шынықтыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет