2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет72/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

 
2. «Ыбырайтану» курсы

Негіздемесі: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын 
оқыту арқылы ұлттық құндылықтарға баулуға, адамгершілік-рухани тәрбие 
беруге жетелейді. 
 
3. «Шешендік сөз өнері»

Негіздемесі: шешендік сөздің табиғатын 
танытып, айтылған ойды саралай білуге үйретеді, ұлттық құндылығымыз – 
шешендік сөздердің мағынасын түйсінуге, шешен сөйлеуге, орфоэпиялық 
норманы сақтап сөйлеуге баулиды. 
4. 
«Ұлы дала даналығы». 
Негіздемесі: ғасырлар бойы өзіндік 
ерекшелігімен сақталып, өркениетке жеткізген ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы, ұлттық тәлімінің қыр-сырын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы туған 
еліне құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін арттырады. 
5. «
Әлем әдебиеті». 
Негіздемесі: әлем әдебиетінің озық үлгілерімен 
танысады, әдебиет дамуындағы жаңа бағыттар мен ағымдар негізінде жазылған 
шығармаларды талдап, шығармашылық ізденістеріне қолдана білетін жас 
буынды қалыптастырады.
 
6. 
Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті. 
Негіздемесі: оқушыларды көркем 
әдебиеттің озық үлгілерімен таныстырып, сол арқылы өз бетінше ойлай алатын, 
тұжырымдап қорытынды жасайтын, өзіндік пікірі қалыптасқан, дүниетанымы 
биік, шығармашылықпен жұмыс жасайтын дара тұлға қалыптасады. 
Шығармашылық жұмыстар арқылы сөздік қоры байыйды, сөз байлығының 
ішінен ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ойға және 
мәтіннің мазмұны мен мақсатына сай тіркестіре алуға, алған білім мен білік 
дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. 
7. Әдебиет сабағында күрделі мақсаттарды оқушыға меңгертудің 
әдістемесі


120 
8. «Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері». 
Негіздемесі: оқушы өз ойын, танымы мен парасатын, көзқарасын жинақы түрде 
жеткізе алатын дәрежеге жетеді, сыни ойлауы дамиды, өз ойын еркін жеткізуге, 
дәлелдер мен аргументтер арқылы өз пікірін ашық айтуға дағдыланады, өзіндік 
көзқарасы, позициясы айқындалып өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасады, 
шығармашылығы дамиды. 
9. «Көркем мәтін оқу»

Негіздемесі: көркем шығарманы құштарлықпен оқу 
талабына сай оқушыларды әдеби шығарма оқуға баулу, көркем шығармаға 
талдау жасау жолдарын меңгерту. 
10. «Ғабит Мүсірепов шығармаларын сатылай кешенді талдау»
(8-сынып)

Негіздемесі: аса көрнекті қазақ жазушыларының бірі Ғ. Мүсіреповтің 
әңгімелерін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы талдай отырып, 
шындық, әділет үшін күресте өзінің ұлылығын айқын сезінетін, айбатты 
күрескер, өршіл, өжет ананың типтік образдарын талдай алу. Шығармалардың 
мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау 
қабілетін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби талдаулар арқылы оқушының 
тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік 
ой-тұжырым жасауға, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, ізденімпаздық ой-
өрісін дамыту, сөздік қорларын бағалау.
6. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас 
мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық 
топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар: 
1. Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды 
бағалау; 
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
3. Рефлексия – білім сапасының негізі; 
4. Оқу мақсаттары бойынша теориялық семинар; 
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары; 
7. Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын жаңа контенттер;
8. Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары; 
9. Пәнішілік және пәнаралық байланыс; 
10. АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. «Эссе жазу стратегиясы»; 
14. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі; 
15. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-
тәсілдері. 


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет