2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет27/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі
.
Мектеп пен ата-аналардың 
өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық қажет. Ата 
- аналарға арналған дәрістерді, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, 
тренингтерді онлайн және офлайн форматта өткізу, «Ата мектебі», «Әже 
мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебін», «Аға мектебі» және с.с. құру 
ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының 
рөлін арттыру.
Тәрбие жұмысында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен ата-
аналардың өзара байланысын ұйымдастырудың жаңа форматы анықталды. 
Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысының жаңа форматын іске 
асыру шеңберінде ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс бағытының мынадай 
деңгейлері айқындалды:
- жеке 
(
педконсилиум, әңгімелесу, консультация, бала туралы ата-аналарды толық 
хабардар ету
); 
- топтық 
(
ата-аналар комитетімен өзара әрекеттесу; топтық кеңестер; ата-
аналармен практикалық сабақтар; тренингтер; әкелермен кездесулер
); 
- ұжымдық 
(
ашық есік күндері; «дөңгелек үстелдер»; тәрбие тәжірибесімен 
алмасу бойынша конференциялар; ата-аналар лекторийі; ата-аналар апталығы). 
Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудағы 
басты міндеттердің бірі-ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, мектеп пен 
сыныптың білім беру процесіне қатысу қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін 
қалыптастыру. 
Мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимыл форматын ұйымдастыру 
бойынша жұмыстың жаңа мазмұны мыналарды көздейді: 
- ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық тарту; 


43 
- ата-аналарды тәрбиелеу әдістерімен, балалардың физиологиялық және 
психологиялық даму кезеңдерімен таныстыру; 
- ата-аналардың балалармен бірлескен жұмысы (үйірмелер, секциялар, 
клубтар, тренингтер, сапарлар); 
- балаларды тәрбиелеу деңгейін бірлесіп бағалау; 
- ата-аналардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысуы. 
Ата-аналар үшін балаларға мамандық таңдауда дұрыс бағытты көрсету, 
еңбекке деген құрметке баулу өте маңызды. Мұғалімдер ата-аналармен баланың 
мамандық таңдау мәселесі бойынша түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізуі 
керек. «Баланы жұмысқа ал», «Он күн ата-ана жұмысында» («НЗМ» ААҚ 
тәжірибесі) сияқты жобалар білім алушылардың кәсіби бағдарлануына ықпал 
етеді, әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттырады. 
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет