2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет43/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

5. 
БАСТАУЫШ 
БІЛІМ 
БЕРУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-4 СЫНЫПТАР
 
2022-2023 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 
бастауыш білім беруді ұйымдастыру «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 
тамыздағы № 348 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес «Бастауыш білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (бұдан әрі – Стандарт) бойынша 
жүзеге асырылады.
Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін 
меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы 
білім беру кеңістігін жасау болып табылады: 
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу; 
2) сын тұрғысынан ойлау; 
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу; 
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу; 
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды 
меңгеру; 
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары. 
Бастауыш білім беруді ұйымдастыру Стандартта айқындалған мақсат пен 
ондағы күтілетін нәтижеге бағдарлануы тиіс.
2022-2023 оқу жылында осы Стандартқа мынадай өзгерістер енгізілді:
1)
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» оқу 
пәнінде іске асырылады», оқу жүктемесі аптасына 1 сағат.
2)
«Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» 
пәндеріне бөлініп, тек 1-сыныптар үшін дербес оқу пәндері болып айқындалды. 


69 
«Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», 
«Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» оқу пәндерінде іске асырылады», - деген 
өзгеріс енгізілді.
ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №595 бұйрығына сәйкес білім 
беру ұйымдарында педагогикалық кеңестің шешімімен осы Оқу жоспарларының 
бірін таңдау арқылы оқу процесін ұйымдастыру жүзеге асырылады.
2022-2023 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі 
бастауыш білім беру процесін ұйымдастыру ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі 
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің таңдау 
курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту 
туралы» №115 бұйрығына енгізілген толықтыруларға сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет