2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет13/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

 
 
 
 

Халықаралық олимпиадалардың тізбесі: 
1. Математикадан Халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad 
(Интернейшэнал Математикал Олимпиад) 
2. Физикадан Халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad) (Интернейшэнал 
Физик Олимпиад) 
3. Химииядан Халықаралық Олимпиада (International Chemistry Olympiad 
(Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад) 
4. Биологиядан Халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad) 
(Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад) 
5. Географиядан Халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad 
(Интернейшэнал Джиографи Олимпиад) 
6. Информатикадан Халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic 
(Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик) 
7. Лингвистикадан Халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad 
(Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад) 
 
Дарынды 
білімалушыларды 
тәрбиелеген 
мұғалімдер 
мен 
жаттықтырушыларды 
моральдық және материалдық
ынталандыру елдегі 
олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі 
болып табылады. Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен 
жеңімпаздарын дайындайтын педагогтар өз шәкірттерімен жұмыс уақытынан 
кейін айналысады және оған көп уақыт пен күш жұмсайды.
Кейде бұл қаржылық 
жағынан өтелмейді. Бұл мұғалімдерді ынталандыру жаттықтырушылардың 
ынтасын, олардың әл-ауқатын арттырады, сонымен қатар ақшалай сыйлықтарды 
кәсіби өзін-өзі дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

2022-2023 оқу жылында білім алушылардың 
біліміндегі олқылықтардың 
орнын толықтыру 
жұмысы жалғасады. 


22 
Оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім 
алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс 
жоспары әзірленеді.
Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде 
жүргізіледі. 
Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі 
мониторинг жүргізіледі. 
Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы 
алгоритмінің үлгісі ұсынылады (
uba.edu.kz)
.
 
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері: 
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
2)
оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар; 
3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі; 
4) эмоционалды қолайсыздық.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі: 
1) бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы 
(олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу 
тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша 
оқу әрекетін реттеу және т.б.);
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру; 
3) бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын 
психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету; 
4) оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды 
туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.). 
5) оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі 
(білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының 
орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру 
және т.б.); 
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру; 
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс; 
8) өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін 
пайдалану. 
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында: 
педагогке: 
- білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін 
және біліміндегі олқылықтарды анықтау; 
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу; 
- жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу; 
- жүйелі кері байланысты ұйымдастыру 
ұсынылады.
Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын 
ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін 
дербес әзірлейді.
 
Мысалы:
 


23 
- өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу пәні сабақтарының 
тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;
- пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының 
барлық кезеңіне бөлу; 
- жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу 
материалдарын қайталау; 
- білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша 
сабақтар өткізу; 
- білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке 
және топпен консультациялар өткізу; 
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру; 
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру; 
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша 
тапсырмалар әзірлеу және енгізу; 
- өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау 
жұмыстарын ұйымдастыру; 
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу 
жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану; 
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім 
беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану; 
- білім беру платформаларын қолдану.
9(10) және 11(12) сыныптар аяқталған қорытынды аттестаттау ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 
бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары» 
бұйрығына сәйкес өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет