2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Абай мектептері желісіне арналған «Қазақ әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет149/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Абай мектептері желісіне арналған «Қазақ әдебиеті»
пәні 
«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» 
пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық 
құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интелектуалдық эстетикалық деңгейі, 
адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру. 
 
«Абай мектептері» желісінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық жүйені сақтай отырып, 
қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне негізделген.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны 
басшылыққа алады: 1) оқу және түсіну; 2) талдау және жинақтау; 3) бағалау 
(салыстыру) және шығармашылық (өнім). 
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығарманы пайымдап, мәнерлеп, 
талдап оқиды, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс 
жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және 


266 
көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажырата алады; көркем 
шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретация жасайды. 
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық 
құрылымын анықтайды; көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік 
кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін біледі; көркемдік 
тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды. 
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: көркем 
шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және 
көркемдік құндылығын табады; әдеби шығармашылықпен айналысады; әдеби 
эссе мен әдеби сын жаза алады.
«Абай мектептері» желісінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын 
шығармалар ұлттық әдебиетіміздің тарихы Блум таксономиясының шиыршық 
әдісі бойынша жүйеленіп берілді. Осы мақсатта 5-11-сынып оқушыларының 
ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, қазіргі қазақ әдебиетінің туындыларын оқыту 
қарапайымнан күрделіге қарай оқушылардың жас ерекшелігіне сай ауыз 
әдебиетінің үлгілері, балалар әдебиеті өкілдерінің шығармалары, шағын 
жанрдағы мысал өлеңдер мен аңыз-әңгімелер төменгі сыныптарда жүйеленіп 
берілсе, жоғары сыныптарда детективтік жанрлар мен романдар, сал-серілер 
шығармалары оқытылады. Оқушылардың қазақ әдебиетінен алған білімдерін 
қорытындылау мақсатында 11-сыныптың соңғы тоқсанында қазақ әдебиетінің 
ғылыми курсын оқыту көзделді. Әр сыныпта көркем шығармаларды толық оқу 
мүмкіндігі ескеріліп, сағат сандарының көлеміне байланысты көркем туындылар 
саны ықшамдалып берілді. І тоқсанда ауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір мұралары, 
ІІ тоқсанда ХІХ ғасыр әдебиеті, ІІІ тоқсанда ХХ ғасыр әдебиеті, ІҮ тоқсанда ХХІ 
ғасырдағы қазақ әдебиеті оқытылады. Барлық сыныптарда көркем шығармалар 
осы жүйе бойынша қамтылды. 
Білім алушылар оқу мақсаттары жүйесі бойынша шығарма мәтініндегі 
жекелеген ұғымдардың концептілік, символдық қызметін түсініп, образдар мен 
мотивтердің туынды идеясымен байланысын анықтай алатын болады. Сонымен 
қатар туынды желісі бойынша көркем шығарманы автор ізімен баяндап жазу, 
шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу, ойтолғау, хат, ертегі, өтірік өлең, әңгіме 
жазу, кейіпкер монологі мен диалогін жазу, әдеби эссе, блог, миниатюра, ғылыми 
жоба және рецензия мен әдеби сын жазумен айналыса алады. Көркем 
шығарманы өзге жанрда ауызша, жазбаша интерпретациялап, киносценарий, 
инсценировка сияқты шығармашылық жұмыстар жасай алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына 
әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби 
ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем 
шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық 
мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық 
бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи 
мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, 
көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман 
танымы қарастырылып,сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді. 


267 
10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.
10-сыныптың 1-тоқсанында «ХІХ ғасыр әдебиеті», 2-тоқсанында
«ХХ ғасыр басындағы әдебиет», 3-тоқсанында «1920-1940 жылдардағы 
әдебиет», 4-тоқсанында «1950-1960 жылдар әдебиеті»; 
11-сыныптың 1-тоқсанында «1960-1980 жылдар әдебиеті», 2-тоқсанында 
«1990 жылдар әдебиеті», 3-тоқсанында «Тәуелсіздік жылдар әдебиеті», 4-
тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады. 
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ 
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында 
оқытылатын шығармалар тізімінде: ХІХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде сал-
серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетінің, тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өкілдері мен олардың 
туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира, 
фантастика, детектив) қамтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет