2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет158/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

проблемалық, іздеу, 
эвристикалық, зерттеу

жобалық 
болып табылады. Бұл әдістер жоғары 
танымдық-мотивациялық әлеуетке ие және дарынды оқушылардың танымдық 
белсенділігі мен қызығушылық деңгейіне сәйкес келеді. Олар жеке тұлғаның 
көптеген маңызды қасиеттері мен шығармашылық ойлауын дамыту үшін өте 
(танымдық ынталандыру, табандылық, тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік, 
эмоционалды тұрақтылық және ынтымақтастық қабілеті және т.б.) тиімді. 
Дарынды балаларды оқыту процесі ақпарат алудың әртүрлі көздері мен 
әдістерін еркін пайдалануды қарастыруы тиіс, соның ішінде компьютерлік 
желілер арқылы. Білім алушының ақпаратты толық меңгеруі және кері 
байланыстың тез алу үшін оқытудың компьютерлендірілген құралдарын тиімді 
қолдану қажет. Ойдың көрнекілігін қамтамасыз ететін құралдар да пайдалы 
болуы мүмкін. Жалпы, дарындыларды оқытудағы оқу құралдарын қолданудың 
тиімділігі негізінен олардың көмегімен жүзеге асырылатын оқытудың мазмұны 
мен әдістерімен анықталады. 


277 
Мұғалімдер оқытуды дараландыру өзі үшін қызықты іс-әрекетті 
таңдайтын баланың өзі жүзеге асыратынын түсінулері керек. Осыған 
байланысты мұғалімнің ұстанымы да өзгереді: қазір ол білім беруші ретінде 
емес, сонымен қатар оқушының жеке басын қалыптастыруда көмекші ретінде 
әрекет етеді. 
Дарынды балалармен жұмыстың маңызды сәті қабілетті балалардың 
отбасыларымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені 
болып табылады. Отбасында баланың жеке қасиеттері мен шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыру жүреді, сондықтан мұғалімдердің практикалық 
міндеті – қабілетті және дарынды балалары бар отбасыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету. 
Ата-аналармен жұмыс жасау шараларының ішінде дамыту, оқыту және 
тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстары маңызды орын алады.
Ата-аналардың бұл мәселеге деген көзқарасын анықтау үшін сауалнама, 
жеке кеңестер, ата-аналарға ғылыми және практикалық әдебиеттерді таңдау 
жұмыстарын өткізген жөн. Ата-аналар мен педагогтардың ынтымақтастығын 
нығайту 
мақсатында 
олардың 
конкурстарға, 
ғылыми-практикалық 
конференцияларға, балалармен және педагогтердің өзара жасалған жобалардың 
таныстырылымын өткізу көзделеді. Балалардың шығармашылық және 
танымдық белсенділігін дамыту үшін ата-аналар балаларға әртүрлі деңгейдегі 
шығармашылық және танымдық конкурстарға қатысуға көмектеседі. 
Білім берудің жаңартылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу 
жағдайында білім беру ортасында әр баланы табысты оқыту және дамыту үшін 
психологиялық-педагогикалық қолдау мектептің білім беру процесін басқару 
жүйесінің қажетті элементіне айналады. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, алдымен педагог-
психологтар білім алушылардың жетістіктерін бағалау және мониторингтеу 
жүйесін 
жақсы 
біліп, 
педагогтерге 
психологиялық-педагогикалық 
диагностиканың нақты әдістемелерін, оңтайлы тұлғааралық қатынастар жүйесін, 
мектептегі психологиялық ахуал мен ұйымдастырушылық мәдениетті бағалау 
және қалыптастыру құралдарын, білім беру ортасын жобалаудың заманауи 
технологияларын, оның ішінде сүйемелдеу, қолдау, өтеу, білім беру және 
тренинг бағдарламаларын, іскерлік және интерактивті ойындар жобаларын 
жасау тәсілдерін, оқытудың белсенді әдістерін үйретуге дайын болуы тиіс. 
Мамандандырылған мектептердегі білім беру мазмұны мемлекеттік 
деңгейде ұсынылған жалпы білім берудің үлгілік негізгі білім беру 
бағдарламаларының негізінде дербес әзірленіп, қабылданып, іске асырылатын 
білім беру бағдарламаларымен айқындалады. 
Мектеп негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеумен және бекітумен 
қатар, алдағы оқу жылында білім беру процесінде қолдануға арналған оқулықтар 
мен оқу құралдарының тізімін жасап, бекітуі керек. Мұндай тізімдер, сондай-ақ 
білім беру процесінде пайдалануға рұқсат етілген оқу құралдары «Орта білім 
беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта 
білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде 


278 
электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 286 бұйрығы негізінде 
жасалуы тиіс. 
Білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет