28
Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат)
қосымша педагог қабылданады.
Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудың
негізгі параметрі болып табылады.
Тарификациялау – мектеп педагогтерінің білім деңгейіне, біліктілігіне,
орындалатын жұмыс көлеміне, сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігі мен сапасына
қарай оқу жүктемесін белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады:
✓
МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің
санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және
директордың орынбасары жүзеге асырады);
✓
Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу
жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне
қарай айқындалады;
✓
Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат
санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша
сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім
алушылардың санына қарай жүргізіледі;
✓
Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында
белгіленген оқу қызметінің түрлері (вариативтік компоненттер) бойынша
белгіленеді;
✓
Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен
бақылау табелі анықталады;
✓
Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту
сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере
отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары,
әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;
✓
Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды:
мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық жалпы
сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты
жеке үстемемақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі
реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында берілген
тапсырмасын орындау мақсатында
Достарыңызбен бөлісу: