64
бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны үшін
жауаптылықта болады...».
Қазақстандық педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін білім алушы –
психофизикалық дамуы бұзушылықтары ғана емес, оқытуда қандай да бір
қиындықтары бар кез келген білім алушы екендіктерін түсінулері қажет.
Ол үшін әрбір мектепте психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұрақты
қызмет істеуі тиіс, оның міндетіне мамандардың балалармен дамытушылық
жұмысы ғана емес, педагогтер, мамандар және ата-аналардың тұрақты
серіктестігі жатады.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға кәсіптік бағдар беру
олардың денсаулығын, психофизиологиялық мүмкіндіктерін, психикалық
ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерумен кәсіби оқытуға
қабілеттерін анықтау, кәсіптік өзін-өзі анықтауда көмектесу мақсатында
жүргізілуі керек.
Осыған байланысты, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды
кәсіби бағдарлау осы процеске әртүрлі мамандар мен ата-аналарды тарта
отырып, кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, ерекше білім беруді қажет ететін
білім алушының мүмкіндіктеріне мамандық таңдайтын тұлғаның типологиялық
ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелік құралдарды бейімдеу, кәсіптік
бағдар берудің бүкіл кезеңінде ерекше білім беруді қажет ететін білім
алушылардың кәсіби жоспарларын олардың мүмкіндіктеріне сәйкес түзету
қажет.
Инклюзивті ортада ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар өзін-
өзі бағалауды және өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттырады, олар саналы
түрде дайындық бағытын таңдай алады, бұл болашақта оларды қызықтыратын
кәсіп бойынша жұмысқа орналасуға көмектеседі.
*Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіптік бағдар
беру бойынша толыққанды ақпаратпен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.
Достарыңызбен бөлісу: