15
сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру
жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау «Меншік нысаны мен
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік
қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру
үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564
бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (
өзгерістер мен толықтырулар 2020
жылғы 7 тамыздағы №332 бұйрығымен бекітілген
).
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау
емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді.
Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер
бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық
базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған
бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және
апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді
қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5
тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).
✓
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы
жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына
сәйкес кіріктірілуі қажет.
✓
Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген
тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
✓
Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық
журналда көрсетіледі.
✓
Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық
қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: