2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» 1-4-СЫНЫП, «ИНФОРМАТИКА»



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата13.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#191208
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
13. ӘНХ Информатика

2. «ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» 1-4-СЫНЫП, «ИНФОРМАТИКА» 
ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-11-СЫНЫПТАР 
 
1 Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен 
толықтырулар
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1-
сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа 
бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады. 
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда сынып бөлінбейді. 
 
2 Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар 
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар
2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, 
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті 
көлемі: 
1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 19 сағатты; 
2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды. 
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық 
жүктеме:
-
қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 
-
жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 72 
сағат.
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты
жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады. 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
 
 


35 
3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық», «Информатика» оқу 
пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы 
Ұлттық 
білім 
академиясының 
ресми 
сайтында 
https://www.uba.edu.kz
 
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп 
көрсетілген

Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары 
көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің 
еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. 
 
4 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан 
бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында 
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. 
Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды 
орындаған жағдайда «есептелді» қойылады. 
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір 
ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім 
алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты 
анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады. 
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша 
жиынтық бағалау саны 12.1-кестеде берілген. 
12.1-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
5 сынып 




6 сынып 




7 сынып 




8 сынып 




9 сынып 




10 сынып ҚГБ




11 сынып ҚГБ 




10 сынып ЖМБ 




11 сынып ЖМБ 




ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық 
және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 
жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 
бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ 
енгізілген:


36 
11. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді 
біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға 
жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес:

5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша 
жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты 
жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді; 

10-11 
сыныптағы 
қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
«Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі 
және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан 
бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді;

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен 
бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
жүргізіледі.
 
5 Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
Білім 
алушыларды 
робототехника, 
программалау, 
3D-модельдеу 
қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі 
дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс 
істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық 
жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен: 
- 4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»; 
- 8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»; 
- 6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті 
курстарын жүргізу ұсынылады. 
 
6 Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде «Информатика» пәні 
бойынша қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар: 

Информатика пәні бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі 
мониторинг жүргізу; 

«Информатика» 
пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтарды толықтыру;

Информатиканы оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын жетілдіру; 

Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану. 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет