2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет105/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

15. 
«ХИМИЯ» 
ПӘНІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 
7-11 - СЫНЫПТАР 
 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 
348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда "Химия" оқу пәні 
бойынша оқытудың екі бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар 
санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын 
жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол 
беріледі. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім 


186 
беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, 
оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын оқу жүктемесі төмендетілген
үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу 
жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру 
деңгейінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі 
болуы мүмкін. 
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта 
білім беру деңгейлерінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі 15.1-кестеде көрсетілген. 
15.1-кесте. 7-11-cыныптарда «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі 
Сынып 
Оқу 
пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Химия 

36 

36 

Химия 

72 

36 

Химия 

72 

36 
10-11 (ҚГБ) 
Химия 

36 

72 
10-11 (ЖМБ) 
Химия 

72 

108 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 
бұйрығымен толықтырулар енгізілген) 7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде 
оқытылатын «Химия» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға 
мүмкіндік берілген: 
- оқу пәндері: «Биология», «Химия» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
- оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай 
алады. 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша 
7

11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне 
қарай инварианттық компоненттен таңдаңдалған пәндер тізімі міндетті түрде білім 
беру ұйымының педагогикалық кеңесінде бекітілуі тиіс. 
 
 


187 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Химия» оқу пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 
«25» қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 
7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. 
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 
«27»қарашадағы № 496
бұйрығымен бекілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 
7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген 
үлгілік оқу бағдарламасы.Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту 
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Барлық оқу 
бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен 
бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің 
арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ 
материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс. 
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары (оқу жүктемесін 
қысқарта отырып) бойынша оқыған жағдайда (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығы және қосымша өзг.мен толықт.2022 жылғы 26 
қаңтарға №25) 10-11-сыныптарда пәнді зерделеуге бөлінетін сағат саны: 
жаратылыстану-математикалық даярлық бағыты бар сыныптарда аптасына 3 
сағатты, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 2 сағатты құрайды. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 10-11-сыныптар үшін «Химия» пәнінен оқу жүктемесі 
төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында базалық білім мазмұны сақталған 
және оқыту мақсаттары жүйеленген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Химия» 
пәнінің оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен 
толықтырулар 
енгізілген) 
міндетті 
пәндер 
ретінде 
жаратылыстану-
математикалық бағытта аптасына 2 сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 
аптасына 1 сағат оқытылады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Химия» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасында (2 сағат) оқыту мақсаттары қысқартылды.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 
10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен оқу бағдарламасында (1 сағат) оқу 
мақсаттары қысқартылды. 


188 
10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында
өзгерістер енгізілген. Жаратылыстану-математика бағытында бөлімдер 
сақталған, органикалық химияның бөлімшесі «Көміртегі және оның 
қосылыстары» 11-сыныпқа ауыстырылған. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық 
бағытындағы сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұнынан 
«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі алынып тасталды. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген 
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын 
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау 
(БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және 
одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың 
ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. 
Оны екі кезеңде өткізуге болады. 
Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа 
оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау 
(БЖБ) келесі саны ұсынылады. 
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
Сынып 
Үлгілік оқу жоспарлары 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
7 сынып 




8 сынып 




9 сынып 




Сынып 
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
7 сынып




8 сынып




9 сынып




Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де, 
компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады. 
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда 
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, 
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты 
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр 
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3-
кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет