2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет118/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ


 
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес зертттеу жұмыстары 
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына 
сәйкес 10-11 сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының 
тақырыптары ұсынылады. 
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 
1.
Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала. 
2.
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы. 
3.
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. 
4.
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды. 
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 
1.
Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму 
ерекшеліктері. 
2.
Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры. 
3.
Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі. 
4.
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары. 
Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген 
тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады. 
Негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11-сыныптарда әр оқу 
тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Зерттеу 
жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының 
жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау. 
Осы сабақтар барысында оқушылар жеке, жұпта немесе топтарда 
тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кіші-
зерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр 
тоқсан соңында оқушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып 
алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын 
жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша 
формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық 


211 
бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және 
сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық 
жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы 
материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу 
жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда 
оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс: 
- зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау; 
- зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру; 
- зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау, 
- зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану; 
- алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша 
теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық 
дерек көздері)таңдау және жүйелеу; 
– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік-
сызбалық немесе графикалық және т. б.; 
- зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа 
шығаратын қорытынды жасау. 
- жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған 
теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау. 
«Қазақстан 
тарихы» 
пәні 
бойынша 
ұсынылатын 
сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz; 
http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/; 
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.  
6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақстан 
тарихы» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
Элективті курстар негізіне тарихи дәуірге, мемлекеттерге, тарихи 
тұлғаларға, тарихи туындылар мен ұлт тарихшыларына арналған, шаруашылық-
экономикалық, саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған 
тақырыптар алынады. Элективті курс тақырыптары: «Алтын адам жәдігерлері»; 
«Түркі ғұламалары»; «Ұлы даланың тарихындағы әскери дәстүр»; «Ұлы дала 
көшпенділерінің мемлекеттілік идеясы мен дәстүрлі институттары, саяси 
нышандар мен билік атрибуттарының сабақтастығы»; «Қазақтың дәстүрлі 
тұрмыс-тіршілік салты»; «Қазақ қолөнерінің мәдени-тарихи негіздері»; «Алаш 
идеясы және Алаш қозғалысы» курсы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет