279
Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмасын
ескере отырып, екі немесе үш сыныпты біріктіруге жол беріледі.
Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі
кестесі қолданылады.
ШЖМ-да бірінші сынып пен бітіруші сыныптардың білім алушыларын
біріктіріп оқытуға жол берілмейді.
Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарының
оқу процесін ұйымдастыру
ШЖМ-да
мектепалды
білім
беру
келесі
кезеңдер
бойынша
ұйымдастырады:
Мектепалды сыныптардың педагогтері кәсіптік қызметті жүзеге асыруда
Стандарттың талаптарын сақтай отырып, тәрбиелеу – білім беру процесін
ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін өздері таңдайды.
Мектепалды сыныптарының педагогтері өз қызметінде тиісті кәсіптік
құзыреттерге ие болуы, өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және
шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруі, оның ішінде кемінде бес жылда бір
рет біліктілік санаты деңгейін арттыруы (растауы) тиіс.
Шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптарында оқу процесін
ұйымдастыру:
Шағын жинақты мектептердің бірінші сыныптарында оқу жүктемесін
бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылады.
Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан
жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған
жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул
көзделеді.
Бірінші сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары
бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: