2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Ана тілі» оқу пәні (әліппеден кейінгі кезең)



Pdf көрінісі
бет45/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Ана тілі» оқу пәні (әліппеден кейінгі кезең) 
«Ана тілі» пәні ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығымен 
бекітілген (1-қосымша) Ана тілі пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 
оқытылады.
«Ана тілі» оқу пәнінің мақсаты – әліппеден кейінгі кезеңде білім 
алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру 
процесінде функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру.
Әліппеден кейінгі кезеңнің мақсатына жету үшін мынадай міндеттер
орындалады:
1) тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу; 
2) ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту; 
3) мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын 
қалыптастыру; 
4) ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар арқылы ұлттық 
құндылықтар арқылы тәрбиелеу; 
5) тілдік білімнің (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) негіздерін меңгерту; 
6) бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру; 
7) көркем жазу дағдыларын дамыту; 
8) мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру. 
«Ана 
тілі» 
пәнін 
оқыту 
А.Байтұрсынұлының 
мынадай 
ұстанымдарына: оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді 
тәжірибе арқылы өздігінен алу негізделеді.
«Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ 
жартыжылдықта 114 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны: 
негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс); 
қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан; 
орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым 
түсініктерінен; 
балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады. 
Оқылым материалының көлемі: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, 
ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөзден тұрады. 
Оқу дағдысының толыққанды қалыптасуы білім алушының оқу 
жылдамдығы кезіндегі оқу тәсіліне, оқығанын түсінуіне және оқу мәнерлігіне 
тікелей байланысты болады. 
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 
25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады. 
Ана тілі сабағында да жазба жұмыстарына, көркем жазу дағдысын 
жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп: әр сабақта әріп элементтерінің дұрыс 
жазылуын; 
әріптерді 
бір-бірімен 
байланыстыра 
жазуын; 
жазу 
каллиграфиясының дұрыс қалыптасуын қадағалау әр мұғалімнің міндеті болып 
табылады.


72 
Жазба жұмыстарының көлемі:
сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 
сөз, мазмұндама – 15-25 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөзден көп емес, 
шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (мұғалімнің көмегімен).
Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі 
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі 
ұйымдастыру ұсынылады.
Ұсынылған критерийлер мен дескрипторларға сәйкес 
мұғалім оқушылардың деңгейін анықтай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет