2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет162/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру 
орталығы және толық күндік мектеп ретінде жұмыс істейді.
Магниттік мектептердің білім алушылары үшін тірек мектепте оқу 
сессияларын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдар білім беруді басқару 
органының тиісті бұйрығымен ресімделетін тасымалдауға, тамақтануға және 
тұруға қаражат қарастырады. 
Тірек мектеп (ресурстық орталық) негізгі деңгейдегі білім алушыларды 
бейіналды даярлауды (8-9-сыныптар) және орта білім беру деңгейіндегі білім 
алушыларды бейіндік оқытуды (10-11-сыныптар) қамтамасыз етеді. 
Магниттік мектептердің 8-9-сыныптарының білім алушылары үшін тірек 
мектепте ғылым негіздерін жүйелі зерделеу үшін жеткілікті лингвистикалық, 
эстетикалық, физикалық қабілеттерді, іскерліктер мен дағдыларды кешенді 
қалыптастыру қамтамасыз етіледі, жекелеген оқу пәндерін (алдын ала 
даярланады) тереңдетіп оқыту енгізіледі. 
10-11-сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектеп (ресурстық 
орталық) 
түлегінің 
дүниетанымдық, 
философиялық-этикалық 
және 
психологиялық дамуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру және бейіндік 
даярлығы аяқталады. Зерттеу сипатындағы білім беру модулі енгізілуде, 
шығармашылық зертханалар мен шеберханаларда жұмыстар ұйымдастырылуда. 
Бастапқы, аралық сессияларда кіріспе тестілеу нәтижелері, оқу пәндік 
модульдері бойынша үлгерімнің проблемалық аймақтары анықталады, әрбір 
білім алушының даму траекториясы айқындалады, бағдар карталары (білім 
алушылардың жеке журналдары) жасалады. 
Қорытынды сессияда оқытудың жеке бағыттарының нәтижелері 
шығарылады, таңдау бойынша базалық пәндер мен курстардың проблемалары 


284 
анықталады. Педагогтерге кеңестер береді. Білім алушылардың аттестаттауға 
дайындық деңгейі бағаланады. 
Бейінді пәндер, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстар қазіргі 
заманғы жабдықталған кабинеттер мен зертханаларда оқытылады және тірек 
мектепте (ресурстық орталықта) жұмысқа басқа білім беру ұйымдарының 
оқытушыларын тарта алады. 
ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары әлеуметтік, табиғи және 
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен байланысты, оның ішінде 
халықтың ауруларының алдын алу мен емдеуді, санитариялық-эпидемияға 
қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын шектеу 
шаралары кезеңінде және қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде 
қашықтан оқытуға ауыстырылады. 
Шағын жинақты мектептердің 10-11-сынып оқушылары үшін оқу сессиясы 
кезінде пәндер бойынша мазмұн 4 модульге бөлінген, олардың әрқайсысы 
мемлекеттік стандарт шеңберінен шықпайтын сағат санын қамтиды: 
- 1 модуль – инвариант; 
- 2 модуль – инвариант; 
- 3 модуль – қолданбалы курстар; 
- 4 модуль – таңдау бойынша курстар. 
Әрбір модульге теориялық (Т) және практикалық (П) қызмет сағаттары 
кіреді.
Дамытушы модульдер білім алушылардың жеке бағдарын қамтамасыз 
ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған. 
Сессия кезінде оқыту келесі режимде өтеді: 
Күннің бірінші бөлімі – бейіналды (8, 9-сынып) және бейінді (10, 11-
сынып) оқыту материалдары бойынша оқу сабақтары.
Білім алушылардың оқу қиындықтарының бағыттары анықталады, 
технологиялық карталар жасалады, солардың негізінде сессияаралық кезеңде 
жеке оқу маршруттары әзірленеді. Білім алушылардың алгоритм мен жеке 
бағыттар бойынша білімдегі олқылықтарды жоюда жұмыстар жүргізіледі. 
Күннің екінші және үшінші жартысы әлеуметтік құзіреттілікті, әртүрлі 
өмірлік мәселелерді шешу қабілетін дамытатын дизайн қызметіне арналған. 
Білім алушылар әртүрлі пәндер бойынша өз жобаларының презентацияларын 
дайындайды, ұжымдық әлеуметтік жобаларды әзірлеуге қатысады. 
Күннің төртінші жартысында – бос уақытта өзін-өзі дамыту:
білім 
алушылар қойылымдар қояды, концерттік бағдарламалар, көрмелер 
дайындайды, спорттық жарыстарға қатысады. Спорттық, патриоттық, көркем-
эстетикалық, өлкетану және зияткерлік сипаттағы дамыту сабақтары ерекше 
орын алады. Бұл дебаттар, пікірталастар, ойындар, конкурстар, психологиялық 
тренингтер.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) базасындағы бейіналды дайындық 
барысында:
Білім алушыларды өз өңірінде бар кәсібилендіру мүмкіндіктері туралы, 
яғни кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер, жоғары оқу орындары), оларда 


285 
даярлауды жүргізілетін мамандықтар туралы хабардар ету. Осы мақсатта 
кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша мамандарды шақыру, аталған білім беру 
ұйымдарына экскурсиялар ұйымдастыру қажет. 
Бейіндік оқыту шеңберінде тірек мектеп (ресурстық орталық) базасында 
шағын жинақты мектептердің білім алушылары оқу жоспарының вариативтік 
бөлігін, ал 10-11-сынып оқушылары инварианттың екінші модулін меңгереді.
Білім алушыға білім алу, ойлау, талдау, салыстыру және өз таңдауын 
жасауға құқық беріледі. Нәтижесінде білім алушылардың белсенділігі, оқуға 
деген қызығушылығы артады. 
Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) қызметі қажеттілік болмаған 
жағдайда тоқтатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет