2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет176/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-
интернаттар қызметінің тәртібі 
Балалар тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы 
мектеп-интернатқа түседі: 
1)
өздігінен жүретін, жеке күтімді талап етпейді; 
2)
арнаулы жүріп-тұру құралдарының және/немесе техникалық 
компенсаторлық (қосалқы) құралдардың көмегімен қозғалатын адамдар; 
3)
арнайы мектеп-интернатқа физикалық қол жеткізу үшін арнайы 
жағдайлармен қамтамасыз етілген кезде өздігінен қозғалмайды; 
4)
кохлеарлық импланты бар тірек-қимыл аппараты бұзылған. 
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-
интернаттардағы сыныптардың толықтырылуы
 
Санитарлық қағидаларға сәйкес 
10 баладан аспайды.
 
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатта арнайы ұйымдастырылған қозғалыс режимі сақталады. Түзету және 
педагогикалық қолдау логопедиялық жұмысты, емдік дене шынықтыруды, 
ортопедиялық жұмысты, физиотерапиялық процедураларды қамтиды. 


322 
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатта қоршаған ортаны бейімдеу және түзету жұмыстарын жүргізу 
қажеттілігі үшін пандустардың, кең есіктердің ойықтарының, мүгедектер 
креслосының көтергішінің, баспалдақ бойындағы көтергіштің, есіктердің
Автоматты 
ашқыштарының, 
сондай-ақ 
емдеу 
рәсімдерін 
(массаж, 
физиотерапиялық рәсімдер, бассейн) жүргізу үшін арнайы жабдықталған 
кабинеттердің, Санитарлық ережелерге сәйкес дене шынықтыру, емдеу 
кабинеттерінің болуы көзделеді.
Іргелес аумағы бар ғимараттардың және тірек-қимыл аппараты бұзылған 
балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар үй-жайларының қолжетімділігі 
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік 
нормативтерге сәйкес қамтамасыз етіледі. 
Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар 
қызметінің тәртібі 
Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа 
балалар қабылданады: 
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар; 
2)үш жылдан кейін жұқпалы, интоксикациялық, жарақаттық аурулар 
салдарынан бас миының зақымдануына байланысты интеллектуалдық 
жеткіліксіздікпен (жеңіл ақыл-ой кемістігіне теңестірілген); 
3) эпилептикалық, шизофрениялық ақыл-есі кемдігімен, жеңіл ақыл-ой 
кемістігіне теңестірілген интеллектуалдық жеткіліксіздігі бар аутистік спектрдің 
бұзылуымен; 
4) орташа ақыл-ой кемістігі және оған теңестірілген әртүрлі генезінің 
интеллектуалдық жеткіліксіздігі бар жағдайларда жүргізіледі. 
Санитарлық ережелерге сәйкес ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған 
арнайы мектеп-интернаттардағы сыныптардың толықтырылуы: 
1) ақыл-ой кемістігі бар балалар-12 баладан артық емес; 
2) терең ақыл – ой кемістігі бар-10 баладан артық емес. 
Арнайы мектеп-интернаттың мектепалды даярлық сыныбына оқуға 
даярлық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. 
Арнайы мектеп-интернаттың бірінші сыныбына 7 жастан 9 жасқа дейінгі 
балалар қабылданады. 
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы мектеп-
интернаттар қызметінің тәртібі 
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатқа балалар қабылданады: 
1) психикалық дамуы тежелген (оның ішінде кохлеарлық имплантпен); 
2)психикалық дамуы тежелген аутистік спектрдің бұзылуларымен бірге 
(топта немесе сыныпта аутистік спектрдің бұзылулары бар 2-ден аспайтын бала 
оқи алады). 


323 
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернаттағы сыныптардың толықтырылуы Санитарлық қағидаларға сәйкес 12 
баладан аспайды. 
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатта сыныптарды жасақтау оқытудың бастапқы сатысында – мектепалды 
даярлық сыныбы, 1-сынып және ерекшелік ретінде 2-сынып жүзеге асырылады. 
Он екі жастан кейінгі балаларда ақыл-ой дамуының тежелуі шекаралық 
зияткерлік жеткіліксіздікке жатады. 
Оқу күнінің тәртібі балалардың шаршауын ескере отырып белгіленеді: 
бірінші ауысымда оқыту ұзартылған күн режимінде. 
Эмоционалды-ерік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға арналған 
арнайы мектеп-интернаттар қызметінің тәртібі 
Эмоционалды-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға 
арналған арнайы мектеп-интернаттарға эмоционалды-еріктік саласы бұзылған 
балалар, оның ішінде аутистік спектрі бұзылған балалар қабылданады. 
Санитарлық қағидаларға сәйкес эмоционалды-ерік саласы мен мінез-
құлқы бұзылған балалар үшін сыныптардың толықтырылуы 10 оқушыдан 
аспайды. 
Арнайы мектеп-интернаттың контингентін жинақтау және оқу-тәрбие 
процесі білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге 
асырылады. 
Түзету жұмыстарының мазмұны кешенді медициналық, психологиялық 
және педагогикалық сипатта болады. Балаларды түзете-дамыта оқыту мен 
тәрбиелеуді психолог, дефектолог, мұғалім-логопед жүзеге асырады. 
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім 
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 
жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес (29.12.2017 № 662 өзгерістерімен 
және толықтыруларымен) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды 
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы білім беру шарттары заттармен (оның ішінде 
құралдармен) практикалық қызметті ұйымдастыруды, адам ортасына кіретін 
заттармен іс-қимыл тәсілдерін пайдалануды және білім алушылардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдардың, дыбыс 
күшейткіш 
аппаратураның, 
соқыр-саңырау 
балаларға 
арналған 
тифлотехникалық құралдармен қарым-қатынас жасау үшін телетакторлардың 
бағытын қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет