2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет40/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

4. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық 
сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі Әдістемелік 
нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі 
туралы» Заңдары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі 
негізінде әзірленді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде 
айқындалған.
Әдістемелік нұсқау хатта 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі 
міндеттер көрсетілген, олар келесі бағыттарды қамтиды:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы 
дамытушы қауіпсіз білім беру, оның ішінде инклюзивті орта құру; 


59 
- балаларды оларға қызықты ойын түрінде тәрбиелеу, оқыту және дамыту 
(шаршатпау) ;
- баланы білім беру қатынастарының толыққанды қатысушысы 
(субъектісі) деп тану; 
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарас 
философиясын қалыптастыру; 
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (қауіпті немесе қауіпсіз іс-
әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларды реттеу; баланың жалпы танымдық 
дамуы); 
- халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары мен жағдайын ескеріп, балалар 
үшін сапалы мектепке дейінгі білім алу үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді 
қамтамасыз ету. 
Тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдасытрудың ерекшеліктері
Мектепалды даярлық сыныптары 
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, 
мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм 
беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды 
сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері: 
- балаларда оқу әрекетінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын 
қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық); 
- мектепке оқу үшін қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке 
қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық); 
- ұжымдық әрекетте бірлесіп әрекет ету дағдыларына тәрбиелеу 
(құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.); 
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі 
ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді 
қамтамасыз ету; 
- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын 
дамыту. 
Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
1)
 
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі 
– Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартына; 
2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 
болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар 
қызметiнiң үлгілік қағидаларына;


60 
3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып 
тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен 
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 
болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге 
асырады. 
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар 
бойынша: 
-
физикалық дамыту; 
-
коммуникативтік дағдыларды дамыту; 
-
танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; 
-
шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін
дамыту; 
-
әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске 
асырылады.
Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, 
шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-
эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс-
әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады: 
1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене 
шынықтыру); 
2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде); 
3) сөйлеуді дамыту; 
4) көркем әдебиет; 
5) сауат ашу негіздері; 
6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда); 
7) сенсорика; 
8) математика негіздері; 
9) құрастыру; 
10) қоршаған ортамен таныстыру; 
11) сурет салу; 
12) мүсіндеу; 
13) жапсыру; 
14) музыка. 
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс-
әрекеттер берілді. 


61 
Ұйымдастырылған іс-әрекет
 
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі 
ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық 
құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген 
сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық 
қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы 
педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, 
шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет. 
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз 
денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз 
өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады. 
«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат білім 
беру ұйымының кестесіне сәйкес жүргізіледі. 
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың 
физикалық 
белсенділігіне 
уақыт 
бөлінеді

ол
қимыл 
белсенділігі, 
денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті,
шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес 
белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның 
ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес 
қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң 
өткізу ұсынылады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері 
мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды 
қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын 
меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу 
дағдыларын дамытуды қарастырады.
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-
әрекеттері аптасына екі сағаттан білім беру ұйымының кестесіне сәйкес 
жүргізіледі.
Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні 
бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою 
(сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар 
немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір 
бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек 
сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе 
бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту 
ұсынылады. 
Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде 
Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі 
балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін 
дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен 


62 
таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-
қатынасты игерту ұсынылады.
Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, 
тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес 
тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және 
оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты 
кітаптарды таңдау, ол үшін сыныпта балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ 
балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыру 
ұсынылады. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, 
тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе 
ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беру маңызды.
Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды 
даярлық сыныбында Сауат ашу негіздері аптасына үш сағат өткізіледі. 
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің
 
қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және 
зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. 
Мектепалды 
даярлық 
сыныптарында 
математика 
негіздері 
ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат өткізіледі. Мектеп алды даярлық 
балалары үшін күн сайын танымдық, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға болады. 
Мұнда математикалық ұғымдарды (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, 
кеңістікте орналасуы және т.б.) бекіту үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың 
жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап 
беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына 
мән беру ұсынылады.
Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына екі сағат 
өткізіледі. Мұнда объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) 
зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып 
беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, 
ойын, еңбек және басқа да әрекеттер арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың 
заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды 
қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын 
іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды. 
Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына 
барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің 
еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен 
дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының 
ұлттық құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық 
беру көзделеді.
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру аптасына бір сағат жүргізіледі, 
ал 
шығармашылық 
бейнелеу 
іс-әрекеті 
күн 
сайын 
балалардың 
қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырылады және мұнда бірнеше іс-
әрекет түрі қатар жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы 
бір іс-әрекет түрімен айналысуына болады.


63 
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, 
тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, 
шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға 
дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, 
құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, 
тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
«Музыка» 
ұйымдастырылған 
іс-әрекеті 
мектепалды 
даярлық 
сыныптарында аптасына екі рет білім беру ұйымының сабақ кестесіне сәйкес 
жүргізіледі. 
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы 
тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, 
балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт 
бөлінеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы 
білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында оқу - тәрбиелеу 
процесі 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге асырылады (Мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұнын меңгеру 
кезеңі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет