42
білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға
және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі.
3.
Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар
жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға
коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және
мәселелерді шешуге көмектеседі.
4.
Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау,
эксперименттер жүргізу, үлкен көлемде жұмыс істеу және білімалушылардың
материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту
және ғылыми білімді практикада қолдану.
5.
Заманауи технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
6.
Өзін
-
өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау,
басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу
өзін
-
өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Жаратылыстану
-
математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік
нәтижелері негізінен жалпы білім беру және жалпы мәдени даярлықты
қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану
-
математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін
нәтижелері негізінен кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста
көзделгеннен неғұрлым тереңірек жолымен білім алушылардың жеке
қабілеттерін дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: