22
Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты білім беру ұйымдарында
Ата
-
аналарға арналған академияның қызметін ғылыми
-
әдістемелік қамтамасыз
етуді және ақпараттық
-
ресурстық сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады
1.5
МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген
алқа мәжілісінде: Білім саласындағы өзгерістер және министрлік қызметінің
нәтижелері туралы (2021 жылғы 15 наурыз), «Оқуға құштар мектеп» жобасы
аясында мектеп кітапханаларының қызметін күшейту, олардың мемлекеттік
тілдегі көркем әдебиет қорын айтарлықтай жаңарту, кітапханашылардың
еңбекақысын арттыру міндеті жарияланды.
https://primeminister.kz/ru/news/rasshirennaya-kollegiya-mon-rk-ob-
izmeneniyah-v-sfere-obrazovaniya-i-itogah-deyatelnosti-ministerstva-1625649
Мектеп кітапханаларының қызметі Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13070 болып
тіркелді) бұйрығымен реттеледі
(
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары
кітапханаларының қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау қағидаларын
бекіту туралы»
).
Мектеп кітапханаларының қызметіндегі негізгі міндеттер:
-
мектептің ақпараттық, білім беру мен мәдени орталығы және
педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде мектеп кітапханаларының рөлін
арттыру: ақпараттың барлық түрлеріне оқушылардың қол жетімділігін
қамтамасыз ету; ақпаратты өз бетінше таба алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеу
мақсатында білім алушыларға ақпарат көздерін (каталогтар мен файлдық
шкафтар, библиографиялық көрсеткіштер және басқа да іздеу құралдарын)
пайдалану бойынша сабақтар өткізу;
-
мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің тікелей байланысын
нығайту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруда мұғалімдермен
бірлескен жұмысты жандандыру: оқу іс
-
әрекетін қолдау және оның
мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мұғалімдерге сабаққа дайындық
материалдарын таңдауда көмек көрсету;
-
мектеп кітапханаларын цифрландыру: кітапхана оқырмандарының
сұранысын қанағаттандыратын цифрлық ресурс –
мектеп кітапханасының веб
-
сайтын құру; электронды оқулықтар қорын құру және толықтыру; ҚР ОАМ
РҒПК цифрлық кітапханасы негізінде электрондық кітапханалар құру;
-
кітап және кітап оқуды насихаттау
үшін мектеп кітапханашыларының
әртүрлі құралдар мен әдістемелерді пайдалануын арттыру; кітапхана қызметінің
дәстүрлі (кітап көрмелерін безендіру, поэзия кеші, көркем әдебиет конкурсы т.б.
ұйымдастыру) жұмыстарына заманауи жұмыс түрлерін (әдеби марафондар,
Достарыңызбен бөлісу: