94
ІІІ
Бағалаудың негізгі ерекшеліктері
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН
БАҒАЛАУ
Бағалау
нормативтік құқықтық актілерге және педагогтерге
,
ата
-
аналар
мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдарға
сәйкес жүргізуі тиіс:
–
2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген өзгерістерге сәйкес «Білім
алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды
аттестаттау өткізудің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығы;
–
«Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»
ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы;
–
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орта мектеп үшін критериалды
бағалау және құжаттау рәсімдері жөніндегі нұсқаулық;
–
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша
нұсқаулық;
–
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу
-
әдістемелік құрал;
–
Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде формативті
бағалау бойынша
тапсырмалар жинағы;
–
Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша
тапсырмалар жинағы;
–
Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша
әдістемелік ұсынымдар.
Әдістемелік
әзірлемелерді
мына
сайттардан
табуға
болады:
www.uba.edu.kz
,
www.smk.edu.kz
.
Критериалды бағалаудың құрылымы
Критериалды жүйенің негізгі компоненттері формативті
(
ФБ) және
жиынтық бағалау (ЖБ) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: