2.12 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ
БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
Арнайы мектептерде / сыныптарда
оқыту білім алушылардың
дамуындағы бұзылудың түрлері бойынша
ұйымдастырылады:
- есту қабілеті бұзылған балаларға арналған;
- көру қабілеті бұзылған балаларға арналған;
- сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған;
- психикалық дамуы тежелген балаларға арналған (бұдан әрі-ПДТ);
- зияты бұзылған балаларға арналған (зиятының жеңіл және орташа
бұзылыстары).
Білім алушыларды арнайы мектептерге/сыныптарға қабылдау «Білім
туралы» ҚР Заңына сәйкес ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен
ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
Сыныптардың толымдылығы «Білім беру объектілеріне қойылатын
санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5
тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен реттеледі (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген).
Білім алушыларды арнайы мектептен / сыныптан басқа білім беру
ұйымына ауыстыру растайтын құжаттар негізінде білім беру ұйымы
басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арнайы жағдайлар
жасау үшін мектеп педагогтары мен мамандары бағалауды жүзеге асырады.
Оқу жылының ұзақтығы «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде №8170 болып тіркелген) бекітілген Типтік оқу жоспарына
сәйкес белгіленеді.
Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған,
психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған типтік оқу жоспарларының
инвариантты бөлігінің жалпы білім беретін пәндерінің тізбесі және олардың
негізгі мазмұны ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
талаптарына сәйкес келеді.
Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктерін, танымдық
мүмкіндіктерін, сондай-ақ ұзақ оқу мерзімдерін ескере отырып, бастауыш білім
берудің оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын
(бағдарламалар Академияның
www.uba.edu.kz
сайтында орналастырылған)
пайдаланумен жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары негізінде педагогикалық
кеңесте талқыланатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс оқу
жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді. Педагогикалық кеңестің шешімі
бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес типтік оқу
88
жоспарының инвариантты бөлігінің оқу пәндері арасында сағаттың 20% - на
дейін қайта бөлуге мүмкіндік беріледі.
Қажет болған жағдайда оқушылардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті
мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу жүзеге асырылады.
Оқу үдерісінде арнайы оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), сондай-ақ жалпы
білім беретін мектептер үшін ОӘК қолданылады.
Зағип балаларды оқыту Брайль шрифтімен шығарылған жалпы білім
беретін мектепке арналған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Нашар
көретін білім алушыларды оқыту үлкейтілген қаріпті пайдалана отырып
шығарылған жалпы білім беретін мектепке арналған оқулықтар бойынша
оқытылады.
Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (шет) тілдерді оқыту білім
алушылардың тілдік дамуының деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады, оқу
мазмұнын, әдістерін және жетістіктерді бағалау соған бейімделеді.
Есту, көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға
арналған арнайы мектептерде зияты төмен (жеңіл және орташа) білім алушылар
анықталған кезде 4-6 білім алушыдан құралған арнайы сыныптар ашылады.
Білім алушыларды оқыту зияты төмен білім алушылар үшін үлгілік оқу
жоспарының инвариантты компонентіне сәйкес және ПМПК қорытындысы мен
ұсынымдарына сәйкес зияты төмен білім алушылар үшін Үлгілік оқу
бағдарламалары негізінде жасалған жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге
асырылады.
Зияты төмен білім алушыларға арналған типтік оқу жоспары, оқу
бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны ҚР МЖМБС мазмұнын жүзеге
асырмайды. Оқу үдерісі зиятының жеңіл және орташа төмендігі бар білім
алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, арнайы оқулықтар мен оқыту
әдістемелерін пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге
асырылады.
Зияты орташа төмен білім алушыларды оқыту педагогикалық кеңестің
шешімі бойынша жекелеген сыныптарда (II бөлімше) немесе зияты жеңіл
бұзылған білім
алушылармен (3
оқушыдан аспайтын)
бірлесіп
ұйымдастырылады.
Зияты орташа төмен білім алушыларды оқыту үлгілік оқу жоспарына
сәйкес және зияты орташа төмен білім алушыларға арналған үлгілік оқу
бағдарламалары негізінде педагог құрастырған жеке оқу бағдарламалары
бойынша жүзеге асырылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде зияты орташа төмен білім алушыларға
арналған сыныптардағы оқу үдерісі арнайы құрылған пән арқылы дамытушы
ортада пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады. Білім алушыларға оқу
бөлмесінде еркін жүріп-тұру мүмкіндігі беріледі. Барлық сабақтар біріктірілген
және білім алушылардың жалпы дамуына (коммуникативті, моторлы, сөйлеу,
сенсорлық) бағытталады. Білім алушылардың жеке дамуының нәтижесіне қарай
пәндік оқытуға көшу жүзеге асырылады. Арнайы мектептердің/сыныптардың
педагогтері сынып құрамы және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен
89
мүмкіндіктерін ескере отырып, дидактикалық, компенсаторлық-дамытушы
материалдарды таңдауға құқылы.
Арнайы мектептерде/сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеуші мамандар (психолог, логопед, арнайы педагогтар:
тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік
педагог) әрбір білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық
бағалау деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдерді қолдану
арқылы жүзеге асырады. Педагогтар мен психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеу мамандары білім алушылармен жұмыс жасауда командалық тәсілді
қолданады.
Арнайы мектептің/сыныптардың білім алушылары типтік оқу жоспарында
(түзету компоненті) бөлінген сағат шеңберінде психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеу мамандарының арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін
алады. Түзету компонентінің Типтік оқу бағдарламаларының негізінде білім
алушылардың даму ерекшеліктері мен компенсаторлық мүмкіндіктерін ескере
отырып, жеке/кіші/топтық түзету сабақтарын өткізу үшін жеке дамыту
бағдарламалары жасалады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен сабақтар
арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып
табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты
компонентінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын
қысқартуға жол берілмейді.
Типтік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын
«Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білімі және арнайы мектеп түріне сәйкес білім беру бағдарламасы
бар педагогтер жүргізеді. Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша
сабақтарды педагогтер жүргізеді. Түзету компоненті пәндері бойынша білім
алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды.
Сабақтар мектептің кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы
бекітетін кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында топтармен, кіші
топтармен және жеке өткізіледі.
Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты түзету пәндері, жалпы
білім беру циклі пәндері шеңберінде, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде
іске асырылады.
Бастауыш білім беру деңгейіндегі арнайы мектептердің/ сыныптардың
жұмысы ұзартылған күн режимінде ұйымдастырылады, бұл бұзылған
функцияларды еңсеру және өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық
режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті
жағдайлар жасайды. Оқу күн тәртібі білім алушылардың шаршау мүмкіндіктерін
ескере отырып белгіленеді: үзілісте демалу үшін жеткілікті уақытымен бірінші
ауысымда оқыту жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды
алмастыратын тұлғалармен бірлесіп, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне
сәйкес үйде жеке тегін оқытудың типтік оқу жоспарының бөлінген сағаттары
шегінде пәндер арасында сағаттарды бөледі. Емдеуші дәрігердің келісімі
90
бойынша білім алушылардың мектепте сабақтарға және жекелеген сабақтарға
қатысуы көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |