«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мектепішілік бақылауды



Pdf көрінісі
бет49/70
Дата08.09.2023
өлшемі1,64 Mb.
#180546
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (1)

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мектепішілік бақылауды 
ұйымдастыру жөнінде құрал (нұсқаулық) әзірледі, онда Мектепішілік бақылау 
жоспарының үлгілері мен жалпылама нұсқалары ұсынылған. Бұл үлгілер мектеп 
ұжымына бақылау жоспарының тақырыбын, мақсатын, түрін және басқа да 
элементтерін анықтауда пайдалы. Материалдар
 
www.uba.edu.kz
 
сайтында қолжетімді
Мектепішілік бақылауды жоспарлау кезінде нақты, өлшенбелі, 
орындалатын, маңызды, уақытпен анықталған бақылау мақсатын қоюға мән беру 
қажет. 
Білім беру сапасын мектепішілік бақылауға жауапты мектеп тобының әрбір 
субъектісінің жауапкершілік дәрежесін дұрыс бөлу маңызды, мұндай топ мектеп 
директоры, директордың орынбасарлары, әдістемелік бірлестік басшылары, 
тәжірибелі педагогтер және басқа да педагог мамандардан құралады.
Басқару тұрғысынан әр мұғалім мен сынып жетекшісіне өз жұмысының 
әлсіз жақтарын өздері дербес анықтап, жағдайды өз құзыреті шегінде түзетуге 
мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау құралдарын әзірлеу тиімді.
Маңызды қадамдардың бірі – деректерді жинау және білім беру қызметінің 
сапасын бағалау құралдарын әзірлеу. Бұл сабаққа қатысу, мұғалімдерге, ата-
аналарға және білім алушыларға арналған сауалнамалар, мектептің өзін-өзі 
бағалау сауалнамалары, білім алушыларға арналған әртүрлі тесттер мен бақылау 
жұмыстары арқылы жиналуы мүмкін. 


74 
Білім беру ұйымының басшылығына мектепішілік бақылауды тиімді 
ұйымдастыруға көмектесетін бірнеше ұсыныстар: 

мектепішілік бақылау нәтижелеріне тұрақты бағалаулар мен талдау 
жүргізуі керек, соның негізінде қорытынды жасау және жақсарту бағыттарын 
анықтау қажет; 

мектепішілік бақылау нәтижелерін талдау негізінде, кемшіліктерді жою 
және білім беру сапасын арттыру үшін қажетті түзетулер енгізу;

педагогикалық ұжымды, ата-аналарды мектепішілік бақылау 
нәтижелері туралы және жоспарды іске асырудағы прогресс туралы хабардар ету, 
ашықтықты қамтамасыз ету; 

барлық мүдделі тараптардың пікірлерін және басқа мектептердің 
тәжірибесін ескере отырып, мектепішілік бақылауды үнемі жетілдіру. 
Бақылау нәтижелерін дұрыс және сындарлы пайдалану мұғалімдердің 
кәсібилігінің жоғары деңгейін сақтауға, қолайлы білім беру ортасын құруға және 
білім 
алушылардың 
жетістіктерін 
арттыруға 
көмектеседі. 
Мектеп 
басшылығының үнемі талқылау өткізуі, кері байланыс беруі және үнемі 
жетілдіруге деген ұмтылысы мектепішілік бақылау тетіктерінің тиімді жұмыс 
істеуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет