21.Әдіснама мен әдістер арасындағы айырмашылық жайында сипаттап жазыңыз



бет1/5
Дата21.05.2022
өлшемі26,01 Kb.
#144338
  1   2   3   4   5
Байланысты:
21-25 Гылыми


21.Әдіснама мен әдістер арасындағы айырмашылық жайында сипаттап жазыңыз

Әдіснама /методология/(грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — ілім) — ғылымды дамыту үшін керек.


1.ғылыми таным әдісі;


2.ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;
3.дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теорияны игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты — объективтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснама дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады.

Әдіс — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.


Әдіс - дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.


2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.


3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.


Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады.
22. Диплом жұмысының тілі мен стиліне тоқталыңыз


Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы, шығарманы жалаң лепірме потетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып келеді.


Мұндай қателер тілдік құралдардың стилистикалық реңктерін білмеуден туады.


Сондықтан оқушыларды стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті тәрбиелеудің қажеттігі зор.


Тілдік пән ретіндегі стилистиканың пәні, міндеттері, сипаты көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стильдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отырады.


Ал оның түрлерін анықтауда ғалымдар арасында онша көп алшақтықтары жоқ. В.В. Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар 3 түрін бөліп көрсетеді. Олар: 1. «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стилдерін зерттейді;


2. сөйлеу стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және экспрессивтік — стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді. (мысалы, лекция, пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құлтықтау, хат т.б.);


3. көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді. [1, 20].


М.Н. Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді:


1. Тілдің стилистикалық байлығын зерттейтін бағыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады. Өйткені ол тілдегі барлық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш қасиеттерін мағыналық - функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады.


2. Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді.


3. Көркем әдебиет стилдері туралы ғылым.


4. Практикалық стилистика.


Осыған байланысты В.В. Виноградов:


«Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады», -дейді.
23. Сапалық зерттеу және сандық зерттеулерге салыстырмалы түрде ойыңызды баяндаңыз

Сандық зерттеулер алғашқы деректерді жинау және талдауды сипаттайды. Бұндай зерттеулер нақты, статистикалық сандық деректер қажет болғанда жүргізіледі. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз.


Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу), «Қанша?» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді, зерттелетін параметрлердің таралуына баға бере отырып сонымен қатар олардың көлемін: нарықтағы үлесін, танымалдылығын және т.б. бағалауға мүмкіндік берді. 
Сандық маркетингтік зерттеулер арқылы шешілетін міндеттер: орыс тілінде қате
• Табиғи және ақша түріндегі нарықтың потенциалды және шынайы көлемін және сыйымдылығын бағалау. 
• Негізгі бәсекелестер арасында нарықтық үлестерді үйлестіруге баға беру 
• Тұтынушылардың негізгі сараланымдарын анықтау 
• Тұтынушының тауарды сатып алуға дайындығын, тауардың нарықтағы өз орнын алудағы үрдістерін және болашағын анықтау
• Тұтынушының кейпін анықтау: әлеуметтік-демографиялық, психологиялық сипаттамалар негізінде 
• Тұтынушының тауарға деген қатынасын білдіретін параметрлер негізінде өлшеу жүргізу
• Жаңа тауарды немесе қызметті тұтынып көргендер арасында қайта сатып алу жүйесін жоспарлау
• Тауарға ең үздік қаптаманы анықтау
• Тауарға немесе қызметке оңтайлы бағаны анықтау
• Бос тауашаларды анықтау 
• Бар тауардың нарық талаптарына лайықтығына баға беру
• Жарнама науқандарының және т.б коммуникациялық каналдардың тиімділігіне баға беру
• Тауар немесе қызмет сатылымының деңгейіне баға беру
• Өнімнің жекелеп сату желісіндегі таныстырылымына баға беру 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет