22 беттің парағы



бет2/3
Дата10.10.2020
өлшемі126 Kb.
#64067
1   2   3

Мазмұны





1

Жалпы ережелер 4




2

Пәннің мазмұны және сабақ түрлеріне байланысты сағаттар 5




3

Пәнді оқып үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулар 6




4

Курстың форматы 7




5

Курстың саясаты 8




6

Бағалау саясаты 9




7

Әдебиеттер 9





1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет: Газизова Назигул Слямболовна.

Кафедра: «Құқықтану»

Байланыс ақпараты – тел.: 36-02-23, №1 оқу ғимараты, кабинет №604

Сабақтың өткізілу орны – №8 оқу ғимараты, 327 дәрісхана.

Кредит саны – 4

Курстың қысқаша мазмұны:

3.1 Халықаралық құқық – ерекше құқық жүйесі болып табылады, ол халықаралық – құқықтық принциптер мен нормалардың жиынтығын білдіреді. Заң әдебиеттерінде халықарарлық құқықтың дамуының төрт сатысын белгілейді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және қазіргі кездегі.

Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір – бірімен қарым – қатынасы. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде қарастыру қажет. БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтық оқыту мен халықаралық құқықтық білімді тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдануда. БҰҰ – ның мамандандырылған халықаралық соты мен мекемелердің ролін арттыру – халықаралық құқықтық қатынастағы саяси жаңа ойды енгізудің, яғни халықаралық құқық ролін арттырудың, халықаралық қауымдастықтағы құқықтық мемлекеттердің және Еуропадағы қауымдастық пен қауіпсіздік ұйымы және халық дипломатиясының ролін арттыру және халықаралық құқықтық нығайтудың туралы ретінде пайдаланылады.

3.2 Курсты оқытудағы негізгі мақсат: Халықаралық құқықты оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге халықаралық қатынастарды ұғындыру, мемлекеттердің халықаралық қатынастарға түсу, оны реттеу, қорғау мәселелерін ұғындыру.

3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері: Халықаралық құқықты оқытудың негізгі міндеті студенттерді халықаралық – құқықтық қатынастардың негізгі мазмұнымен таныстыру, олардың басқа салалардан айырмашылығын ажыратып көрсету. Халықаралық құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру және олардың тәжірибеде қолдануын үйрету.
3.4 Оқытудың нәтижесі:

Студент:


  • халықаралық құқық пәнінің мазмұнымен ерекшеліктерін білуі;

  • ҚР халықаралық құқықтың ұйымдастырылу әдістерін меңгеруі;

  • Халықаралық шарттар құқығына қойылатын талаптарды ұстануы;

  • Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің маңызын білу және ұстануы;

  • Қарулы жанжалдарды шешудің халықаралық – құқықтық тәсілдер меңгеріп, оны шешу жолдарын білу керек.

3.5 Курстың пререквизиттері:

  • мемлекет және құқық теориясы;

  • конституциялық құқық;

  • құқық негіздері;

  • Рим құқығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет