Тақырып 11. Өсімдіктердің өсуі. Өсімдіктің және жеке органдарының өсуі.
Өсу туралы жалпы ұғым және өсу кезеңдері.
Өсімдіктің жекелеген органдарын және жасушаларын жасанды ортада өсіру.
Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл қозғалыстар.
Өсімдіктегі өсі процессінің мерзімділігі.
Өсу өсімдіктің тіршілік әрекетінің ең айқын көрінісінің бірі.Ол өсімдіктегі зат алмасу процестерінің жиынтығына байланысты. Өсу процестері төмендегі көрсеткіштермен бейнеленеді:
өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өлшемдерінің ұлғаюы. 2.Мүше сандарының көбеюі. 3. клеткалар санының көбеюі. 4. клеткалардың көлемінің үлғаюы. 5 протоплазма мүшелерінің көбеюі. 6. өсімдіктің құрғақ салмағының артуы. 7.клетканың жаңа құрылымдарының пайда болуы.
Өсімдіктің жеке мүшелерінің және ұлпаларының өсуі біркелкі болмайды. Органдардың қарқынды өсу және жаңадан қалыптасу процестері әдетте өсу төбешігінде, немесе мүшелердің ( тамыр, жапырақ) ұштарына жүзеге асады. Өсімдіктің өсуі үш кезеңге бөлінеді: а) ұрықтық (эмбриондық), б)созылып өсу, в) жіктелу (дифференциалдану).