24. Табиғатта вирустар мен вириоидтар әсерінен туындайтын ауруларды және олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде талдау жасаңыз


Эпифитотия ұғымына толық түсініктеме беріңіз және типтерін жүйелеп көрсетіңіз



бет2/5
Дата22.05.2022
өлшемі182,56 Kb.
#144604
1   2   3   4   5
Байланысты:
фитпат 24-29


25. Эпифитотия ұғымына толық түсініктеме беріңіз және типтерін жүйелеп көрсетіңіз.

Ауруға шалдыққан адамдардың саны күрт өскен кезде, ол эпидемиялық сипатқа ие болды деп айтылады. Алайда өсімдіктер ауруының көптеп көбеюіне қатысты дәлірек термин – эпифитотия.
Сонымен, эпифитотия дегеніміз – белгілі бір уақыт арасында өсімдіктің инфекциялық ауруының ауқымды территорияларға таралуы. Мысалы, желмен таралатын саңырауқұлақ аурулары ауқымды аймақтарды оңай жұқтыра алады.
Бұрын эпифитотиялар өте үлкен шығындарға алып келетін. XIX-XX ғасырларда Еуропа және Африка елдерінде пайда болған эпифитотиялар ұдайы аштыққа алып келетін еді. Қазіргі технологиялар, жалпы адамзаттың білімінің артуынын арқасында XXI ғасырда массалы инфекцияларды алдын-ала болжауға болады және осылайша эпифитотиянын алдын алудамыз.
Эпифитотия әдетте бір ошақтан пайда болады және жан-жаққа тез тарайды. Ол үшін инфекциялаушы агентке қолайлы жағдайлар орнауы қажет. Ондай факторларға температура, ауа ылғалдылығы, топырақ ылғалдылығы, ауруға сезімтал өсімдіктер саны, топырақ pH деңгейі, жер құнарлығы және т.б. климаттық факторлар жатады. Егер патогенге қажет барлық жағдайлар комбинациясы орнаса, онда эпифитотия бастау алуы мүмкін.
Эпифитотиялардың бірнеше түрі бар:
1) Жергілітік эпифитотия – белгілі бір аумақта әрбір жыл сайын пайда болатын эпифитотиялар. Оның себепшісі – бір кішігірім аймақта әрдайым мекен ететін және жинақталатын патогендер. Бұндай эпифитотиямен күресу үшін ауруға төзімді сорттарды егуді ұсынылады және топырақты пестицидтермен өңдеген де жөн. Тұқыммен таралатын патогендерді тоқтату үшін тұқымдарды егу алдында өңдеу қажет.
2) Дамушы эпифитотия – жергілікті эпифитотиядан пайда болатын эпифитотиялар. Мысалы, бір аймақта әрдайым көрініс беретін патогендер енді жақын аумақтарға тарала бастауы, яғни жергілікті эпифитотияның патогендері көршілес аудандардың сезімтал өсімдіктеріне барып зақымдауы. Жергілікті төзімді сорттарға қарағанда көршілес аймақтардағы сезімтал сорттар аурудан үлкен зардап шегеді. Бұл популяцияларда патогендер тез тарап, өнімділікті қатты түсіреді.
3) Жаппай эпифитотия – түгелдей континенттерді алатын, бір елдің немесе бірнеше көршілес елдегі бір түрге жататын өсімдіктердің барлығын дерлік зақымдайтын эпифитотиялар. Бұл эпифитотия басқаша панфитотия(пандемия секілді) деп атайды. Панфитотиялар өте сирек орын алады, бірақ зардабы ең үлкен болып келеді. Жаппай эпифитотияның орын алу себептері – қоздырғыштардың ареалының өсуі, кейбір штаммдарының вируленттілік пен агрессивтілігінің күрт өсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет