243. Ядролық қондырғылар мен І және ІІ санаттағы радиациялық объектілер әкімшілігі персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді
Радиациялық авариялар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
240. Радиациялық авариялар кезіндегі халықтың және персоналдың радиациялық қауіпсіздігі жүйecі аварияның теріс салдарларын неғұрлым төмендетуге, детерминирленген әсерлердің туындауының алдын алу және стохастикалық әсерлердің ықтималдығын азайтуды қамтамасыз етеді. Радиациялық авариялар анықталған жағдайда, аварияның дамуын тоқтату, сәулелену көзін бақылауды қалпына келтіру мен сәулелену дозаларын және персонал мен халықтың қатарынан сәулеленген адамдардың санын, өндірістік үй-жайлар мен қоршаған ортаның радиоактивті ластануын, авариядан туындаған экономикалық және әлеуметтік шығыстарды неғұрлым төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
241. Әрбір радиациялық объектінің жобалық құжаттамасында жабдықтың ақаулығының, персоналдың жаңсақ әрекеттерінің, зілзала нәубеттерінің немесе сәулелену көздерін бақылаудан айырылу мен адамдардың сәулеленуіне және (немесе) қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеліп соғатын өзге де себептердің салдарларынан туындайтын ықтимал авариялар айқындалады.
1) радиациялық авариялар салдарларын жою бойынша шұғыл жұмыстар жүргізу үшін қажетті жеке қорғаныш құралдарының, дәрі-дәрмектердің, радиометрлік және дозиметрлік аспаптардың, дезактивациялау және санитариялық өңдеу құралдарының, құрал-саймандар мен мүкәммалдың авариялық қорының номенклатурасы, көлемі және сақталу орындары кіретін "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар" бөлімі;
2) "Персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспары" бөлімі болады.
243. Ядролық қондырғылар мен І және ІІ санаттағы радиациялық объектілер әкімшілігі персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспарында мынадай негізгі бөлімдер болуы тиіс:
1) аварияның ықтимал себептерін, типтері мен даму сценарийлерін, сондай-ақ әртүрлі типтегі авариялар кезіндегі болжамды радиациялық жағдайды ескере отырып, радиациялық объектідегі ықтимал аварияларды болжау;
2) халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және қорғаныш іс-шараларын жүргізу туралы шешім қабылдау үшін өлшемшарттар;
3) аварияны және оның салдарларын жою кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесі;
4) авариялық радиациялық бақылауды ұйымдастыру;
5) радиациялық аварияның сипатын және мөлшерлерін бағалау;
6) авариялық жоспарды қолданысқа енгізу тәртібі;
7) хабар беру және ақпараттандыру тәртібі;
8) персоналдың авариялар кезіндегі мінез-құлқы;
9) лауазымды адамдардың авариялық жұмыстар жүргізу кезіндегі міндеттері;
10) авариялық жұмыстар жүргізу кезіндегі персоналды қорғау шаралары;
11) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету;
12) радиоактивті ластану ошақтарын (учаскелерін) оқшаулау және жою бойынша шаралар;
13) персоналды авариялар жағдайына дайындау және жаттықтыру.
244. Персонал радиациялық авариялық жағдайларда әрекет етуге және осындай авариялардың салдарларын жою бойынша әрекет етуге дайын болуы тиіс. Барлық радиациялық объектілерде персоналдың авариялық жағдайларда әрекет етуі бойынша нұсқаулық болуы тиіс.
245. Радиациялық объектінің өндірістік учаскелерінде, санитариялық өткізгіште және медициналық пунктте авариялар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің қажетті құралдарының жинағы бар дәрі қобдишалары, ал ашық түрде радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін объектілерде ластануға ұшыраған адамдарды санитариялық өңдеу құралдарының толықтырылып отыратын қоры болады.
246. Радиациялық авариялар болуы мүмкін әрбір объектіде персонал сигналдары бойынша персоналды және халықты радиациялық авариядан және оның салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес әрекет етуі, туындаған авария туралы шұғыл хабарлау жүйесі көзделуі тиіс.
247. Радиациялық аварияның болуы анықталатын барлық жағдайларда радиациялық объектінің әкімшілігі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқаруды, қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды жедел түрде (жазбаша түрде) хабардар етеді.
248. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар "Радиациялық авариялар жағдайында халықты қорғау бойынша іс-шаралар жоспарына" сәйкес мамандандырылған авариялық бригадаларына радиациялық аварияны жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігі туралы хабарлайды, сондай-ақ халықты радиациялық авария фактісі, ұсынылатын қорғаныш тәсілдері мен құралдары туралы хабарлайды.
249. Аварияны және оның салдарларын жою бойынша жұмыстар жүргізуге алдымен мамандандырылған авариялық бригадалардың мүшелері тартылады. Қажет болған жағдайларда, осы жұмыстарды орындау үшін персоналдан отыз жастан асқан, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар ықтимал сәулелену дозалары және денсаулық үшін қаупі туралы хабардар етілгеннен кейін, олардың ерікті жазбаша келісімі бойынша тартылады. Әйелдер авариялық жұмыстарға қатысуға тек айрықша жағдайларда ғана жіберіледі.
250. Аварияның салдарларын жою бойынша жұмыстардың алдында жұмыстар сипаты мен кезектілігі түсіндіріле отырып, радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша персоналға нұсқау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда алдағы операцияларды алдын ала жаттықтыру керек.
251. Аварияның салдарларын жою бойынша жұмыстар және персоналдың ықтимал қайта сәулеленуімен байланысты басқа іс-шараларды орындау радиациялық бақылау бойынша жұмыстың шекті ұзақтығы, қосымша қорғаныш құралдары, қатысушылардың және жұмыстардың орындалуына жауапты адамның тегі айқындалатын арнайы рұқсат (рұқсаттама) бойынша жүргізіледі.
252. Аварияны жою кезінде персоналдың жоспарланатын жоғары сәулеленуін регламенттеу Гигиеналық нормативтерде айқындалады. Жоспарланатын көтеріңкі сәулеленуге авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын радиациялық объектінің персоналы мен авариялық-құтқару қызметтері мен жасақтарының мамандары үшін жол беріледі.
253. Радиациялық бақылау тәртібі авариялардың ауқымы мен ерекшеліктерін, орындалатын жұмыстардың сипаты мен жағдайларын ескере отырып айқындалады.
254. Жарақатпен зақымданған, химиялық уланған немесе 0,2 Зв жоғары дозада сәулеленуге ұшыраған адамдарды медициналық тексеруге жіберу қажет. Радиоактивті ластану жағдайында адамдарға санитариялық өңдеу және киімге дезактивациялау жүргізіледі.
255. Көлемді аумақтардың радиоактивті ластануына әкеліп соққан радионуклидтердің қоршаған ортаға шығуымен болған радиациялық авариялар кезінде халықты қорғау Гигиеналық нормативтерде шешімдер қабылдау үшін келтірілген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
256. Аварияның салдарларын жою және оның себептерін тергеу қажет болған жағдайда аймақ, аумақ және объект деңгейлерінде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте жүргізіледі.
257. "Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 467 қаулысына сәйкес, аумақтық бөлімшелер радиациялық аварияны тексеруге және салдарларын жоюға қатысады.
258. Радиациялық авариялар нәтижесінде радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда мыналар:
1) аумақтың радиоактивті ластануы есебінен халықтың сәулелену дозалары 10 мкЗв/жыл асуы мүмкін болса, оларды бағалау жолымен радиациялық бақылау;
2) халықтың сәулеленуінің басқа негізгі түрлерін радиациялық бақылау;
3) егер аумақтың радиоактивті ластану есебінен халықтың сәулелену дозасы жылына 1,0 мЗв-дан асатын болса, сәулеленудің барлық негізгі түрлері бойынша дозаларды оңтайландырып төмендету;
4) егер аумақтың радиоактивті ластану есебінен сәулелену дозасы жылына 0,1 мЗв-дан acaтын болса, бірақ жылына 1,0 мЗв-дан артық болмаса, халықтың қалыпты тұрмысын, аумақтың шаруашылық және әлеуметтік қызметін бұзбайтын оңтайландырылған қорғану іс-шаралары жүзеге асырылуы тиіс.
259. Радиоактивті ластануға ұшыраған аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыратын радиациялық объектінің әкімшілігі жұмыскерлердің радиоактивті ластанудың есебінен сәулеленуі жылына 5 мЗв-дан аспайтын жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеді. Радиоактивті ластану есебінен жұмыскерлердің сәулеленуі жылына 1 мЗв-дан асатын радиациялық объектілерде радиациялық бақылауды жүзеге асыратын және оңтайландыру қағидатына сәйкес жұмыскерлердің сәулелену дозаларын төмендету бойынша іс-шаралар жүргізетін радиациялық қауіпсіздік қызметі құрылады.
260. Сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізетін ұйымға қызмет көрсететін медициналық ұйым ядролық немесе радиациялық авария нәтижесіндегі сәулелену (бұдан әрі – авариялық сәулелену) жағдайына:
1) радиациялық бақылау аспаптарымен;
2) тері жабындарын, күйіктер мен жараларының дезактивациялау құралдарымен (ашық түрдегі радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде);
261. "А" тобының персоналы ішіндегі адамдарды сәулелену көздерімен жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейін мерзімдік медициналық тексеру көрсетілген жұмыстар кезінде медициналық ұйымда немесе ол сәулелену көздерімен жұмыс істеген ведомствоның басқа медициналық ұйымында жүргізіледі.
262. Халықтың бір жыл ішінде 200 мЗв астам тиімді дозада сәулеленуге ұшыраған немесе негізгі сәулелену көздерінің бірінен 500 мЗв немесе барлық сәулелену көздерінен 1000 мЗв астам доза жинаған адамдарын медициналық тексеруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының органдары ұйымдастырады.