Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған.
Төменде аталған болжамды нақтаманың қайсысы дұрыс:
Гипоплазия, сайлы түрі
+Гипоплазия, эрозиялы түрі
Гипоплазия, толқынды түрі
Гипоплазия, дақты түрі
Флюороз, дақты түрі
***
Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған. Төменде аталған пломбылық материалдардың қайсысын эстетикалық көрсеткіштер бойынша қолданған дұрыс:
Химиялық қатаятын композиттік материалдар
+Сәулемен қатаятын композиттік материалдар
Эпоксидті пломбылық материалдар
Толықтырылмаған полимерлік материалдар
Силикатфосфатты цементтер
***
Балалар стоматологиялық емханасында баланың тісін жұлу мақсатында лидокаинмен жергілікті жансыздандыру жүргізілді. Осыдан кейін науқастың түрі бірден бозарып кетті, жалпы әлсіздікті сезінді, аяқ-қолдары суып, есінен танды, тамыр соғысы әлсіз, жиілеген. Науқаста қандай асқыну дамыды:
+Анафилактикалық шок
Квинке ісінуі
Асфиксия
Естен тану
Коллапс
***
Балаларда жұтынудың соматикалық типі мына жаста қалыптасады:
10 жастан кейін
8 – 10 жас
5 – 6 жас
+3 – 4 жас
1 жаста
***
Достарыңызбен бөлісу: |