Науқас 8 жаста. Шағымы:косметикалық ақауға. Объективті: ортогнатиялық тістесу. Тістердің қатынасы қалыпты тән, 2.1 тіс өз өсінен көлденең 90 град. бұрылған. R-суреттемеде: көп комплекті тіс жоқ. Берілген патологияны емдеу тактикасы қандай жөн болып келеді:
жоғарғы жаққа 2.1 тісті итеретін кламмері бар пластинка
2.1 тісті жұлу, протездеу
2.1 қалыптастыратын сауыт кигізу
+резінкелі тартқышты ортодонтиялық сауыт
хирургиялық әдіспен кезеңмен бұру
***
Науқас 8 жаста. Шағымы жоғарғы жақта алдыңғы тістерінің арасында бос орынның болуына. Объективті беті симметриялы, мұрынымен дем алады. Жоғарғы ерін жүгеншесі төмен жабысқан. 11, 21 тістердің арасы 4 мм, 11тіс латеральды жылжыған. 12 тіске орын жеткіліксіздеу, рентген зерттеуде барлық тұрақты тістердің ұрықтары бар. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.
12 тістің адентиясы
11 тістің дистопиясы
+диастема
жоғарғы жақ сүйегінің тарылуы
ретенция
***
Науқас 9 жаста. Шағымы баланың сөйлеуінің бұзылғанына, аузының ашықтығына, тамақты тістеп қырқуының қиындығына. Объективті беті симметриялы, беттің төменгі бөлігінің биіктігі үлкейген, аузы жартылай ашық көбінесе аузымен тыныс алады. Еріндерін түйістіргенде оймақ белгісі пайда болады. Төменгі жақтың сүйегінің күрек тістері жоғарғы жақтың күрек тістеріне тимейді. Вертикальды саңылау 2-3мм. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.
Вертикальды күрек тістік окклюзия.
+Вертикальды күрек тістік дизокклюзия
Сагитальды күрек тістік окклюзия
Трансверсальды күрек тістік окклюзия
Ретенция
***
Науқас А 1.6, 1.7 тістер аймағында тамақты қабылдағанда, тісті тазалағанда қызыл иектің қанауына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып келді. Объективті : гиперемия, ісіну, тістердің I-II дәрежедегі қозғалғыштық, мойынның және түбірдің жартылай жалаңаштануы, түбір ұзындығы 1/3 ден 1/2альвеолярлы өсіндінің биіктігі тегіс емес төмендеуі, абцесстердің түзілуі, пародонтальды қалталардың тереңдігі 5 мм және одан серозды іріңді экссудат бөлінеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
+Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, орташа дәрежелі
Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі
Созылмалы жайылмалы гингивиттің өршуі, орташа дәрежелі
Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, ауыр дәрежелі
Созылмалы жайылмалы гингивиттің өршуі, ауыр дәрежелі
***
Достарыңызбен бөлісу: |